Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.




Экологиялық құқық бұзушылық табиғи ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушыларға, табиғи ортаға, адам денсаулығына зиян тигізушілерге, сондай-ақ осы тектес қауіп-қатер туғызушыларға қарсы қолданылатын заңды іс-әрекет. Өмірде табиғи объектілердің табиғи жағдайларының нашарлауы, олардың экологиялық байланысының әлсіреуі, табиғи объектілердің өзін-өзі тазалауы мен өзін-өзі қайта қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі, табиғаттың, сонымен бірге адамның қорғану қасиетінің кемуі жиі ұшырасады. Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар). Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мекеме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай.Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных