Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ...




Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Қойылған міндеттерді шешуге:Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды жаһандық ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады.

21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның

Сонымен, ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адамның денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады.Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік фактордың бірігіп әсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Табиғи ластау деп табиғи жаратылысы бар ластайтын заттардың, мысалы, ғарыш бөлшектерінің, жанартау күлінің, өсімдіктер шаңының, теңіз тұздарының, орман өрті түтінінің қоршаған ортаға келіп түсуін түсіну қажет. Антропогендік ластау адамның шаруашылық қызметінің әсерімен, соның ішінде табиғи ластаудың құрамы мен қарқынына тікелей немесе жанама әсер арқылы мысалы гидроқұрылыс нәтижесінде қалыптасады. Егер табиғи ластау белгілі себептермен құқықтық реттеуге жатпайтын болса, антропогендік ластау ғалымдардың берік назарында болып отыр. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған. Біріншітопқа: а) қоршаған ортаға келген зиян; б) азаматтардың денсаулығына келген зиян; в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған.Екіншітопқа: а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі.Үшінші топқа: а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына; б) мүлкіне келтірілген зиян; в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін; г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды; д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған.Төртінші топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады.

Азақстан Республикасының экологиялық заңдарының жүйесі және экологиялық құқығының қайнар көздеріне

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 1) кешенді; 2) ресурстық; 3) әлеуметтік - экологиялық. Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады. Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы – экология құқықтарының негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болад ұйымдық басқарушылық. Экономикалық әлеуметтік. 1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: 31 бапта- «мемлекет адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінген. 61 бапта- Парламенттің «айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін» заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.2.Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда «меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін» нормалардан да тұрады. (26 баптың 2 тармағы) 3.Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында көрсетілген «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных