ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады. Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік деңгейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық экологиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды. Қ.Р Қ.Р Қ.Р Қ.Р Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|