Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi




Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi: шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау; су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады. Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзірлейді; негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді; экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі; және тағы басқа да қызметтерді атқарады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных