Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оршаған ортаны қорғауға азаматтар...




Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтіретін залалдың өтеуін алуға кұқығы бар.- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғауға және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар кұруға;- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық қызметін шектеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:- өздерінің экологиялық бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тартуға;- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындатуға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға;- экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны корғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға;- мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге;- қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;- мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және анық ақпарат алуға;






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных