ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының табиғаты қорғауына қатысу нысандары
41. Айдар Саттаровпен «Приозерный» қорығының аумағында азамат Сидоров ұсталынды. Аң аулау - аң аулау объектiсi 42. Бастапқы кварцты құмдар алынған карьер, жауапкершілігі шектеулі «Роса» қоғамымен аэрация алаңынан. 43. Токсиндермен зертханалық жұмыс барысында профессор Садықов. Садықов 44. Бұлан аулауға рұқсаттары бар Смайлов және Никитин деген азаматтар. Аңшылық алқаптар 45. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық органдар. ТЭЦ – тің. Мемлекеттiк 46. «Белкозин» зауыты өндірістік қалдықтарды тазалайтын жүйесі бола тұрып, ағынды суды ортақ пайдаланатын су көзіне ағызды. Жер бетi 47. Орманға достарымен серуендеп шыққан азамат Захаров 48. Азамат Петров Құлан ауылында үй сатып ҚР Экологиялық кодексінің 4-бабында көрсетілгендей 49. Автотуристтер Миллер және Силаев..иә,бұл азаматтар аулауға тиым салынған балық түрін аулағаны үшін жауаптылыққа тартылуы тиіс. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау 50. «Краситель» АҚ құрамында мышьяк..Атмосфералық ауа ҚР ЭКне сәйкес қоршаған ортаны қорғау 51 Өндіріс басшысы, қалдықтарды бекітілген тәртіпті сақтамай..ҚР ЭК сәйкес қалдықтарды көлік 52 «Ксенод» ЖШС директоры Павлов..ҚР ҚКде белгіленгендей Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу 53 Бастапқы кварцты құмдар алынған карьер..Бұл құқықбұзушылық әкімшілік жауаптылыққа тартылу тиіс.ӘҚБТК сәйкес сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде 54 Егор Петровпен «Приозерный»..егер азамат Сидоровтың кінәсі дәлелденсе, бұл азамат әкімшілік 55. Азамат Петров Құлан ауылында үй сатып алып, жеміс өсірумен айналысты. ҚР Экологиялық кодексінің 4-бабында көрсетілгендей әрбiр 56. «Белкозин» зауыты өндірістік қалдықтарды тазалайтын жүйесі бола тұрып.. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи 57. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық органдар. ТЭЦ – тің. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.Мемлекеттік 58. Туристер орманда түнеуге қалады. ҚР Орман Кодексінде көрсетілгендей Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар 59. Бұлан аулауға рұқсаттары бар Смайлов және Никитин деген азаматтар. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау 60. Токсиндермен зертханалық жұмыс барысында профессор Садықов. Садықов қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Себебі оның қауіпсіздік ережелерді сақтамауы абайсызда болса да кісі Азақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз. Экологиялық құқық құқық саласы ретінде- қоршаған орта мен адамзаттың өзара қарым- қатынасын реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық құқықтың жүйесі 3 бөлімнен тұрады: - жалпы: экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, қайнар көздері, тарихы; табиғат пайдалану құқығы; экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратны органдардың қызметі; заңды жауапкершілік; - ерекше: қоршаған ортаның жекелегн объектілерінің құқықтық режимі және оларды құқықтық қорғау мәселелері; - арнайы: қоршаған ортаны қрғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Экологиялық құқытың қағидалары- қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын негізгі идеялар мен бастамалардың жиынтығы. Экологиялық құқықтың қағидаларын мынадай топтарға бөліп қарастырады:- халықаралық- 1992 жылы БҰҰ Рио- де- Жанейро қаласында қабылдаған қоршаған ортаны қорғаудың 26 қағидасы; - жалпы- ҚР Конституциясында бекітілген қағидалар тобы; - арнайы- ҚР ЭК- на сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады? Мемлекеттік басқару- қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық- атқарушылық қызмет. Ерекшеліктері: мемлекет тарапынан жүзеге асырылады, биліктік сипатта болады, мемлекеттің экологиялық саясатының көрінісі, қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуде. Мемлекеттік басқару 3 түрлі нысанда жүзеге асырылады: құқық шығармашылық; құқық атқарушылық; құқық қорғаушылық. Мемлекеттік басқару органдары келесі жүйеге жіктеледі: - жалпы құзыретті органдар: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі; - арнайы құзыретті органдар: қоршаған ортаны қорғау министрлігі; - функционалды органдар: салық органдары, табиғат қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі, жер қойнауын қорғау комитеті, орман және аң шаруашылығы комитеті, құқық қорғау органдары. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары- қоршаған ортаны қорғау саласында келесідей функциялар жүзеге асырады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, экологиялық нормалауды жүзеге асыру, табиғи ресурстар кадастрін жүзеге асыру, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу, экологиялық сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық білім беру және ағарту, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу, экологиялық бақылауды жүзеге асыру, экологиялық дауларды шешу, экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, экологиялық рұқсатты беру, т.б. Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз. ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4. Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Оршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орг/р:1)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; 2)су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;3)жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;4)орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;5)жануарлар дүниесiн қорғау,молықтыру ж/е пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;6)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;7)жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мем/к орган; 8)өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 9)халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 10)ветеринария саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 11)өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;12)атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 13)көлiктi бақылау органдары болып табылады. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде: 1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды; 2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi; 4) тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi; 5) инспекторлық тексерулер жүргiзудi;6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды; 7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды; 8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды. экологиялық аудит – аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз. Табиғатты пайдалану құқығы 2 мағынада түсіндіріледі: - объективті мағынада- табиғи ресурстарды тұрмыстық, шаруашылық, мәдени және өзге де қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалы қасиеттерін алумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. – субъективті мағынада- әрекет және құқық қабілеттілігі бар тұлғаның табиғи ресурстарды иелену, пайдалану бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері: - жалпы: тегін түрде жүзеге асырылады, халықтың өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады, қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді, арнайы құзыретті органдардың рұқсатын талап етпейді, табиғи ресурстардың қоршаған ортадан бөліп алуды қарастырмайды; - арнайы: ақылы түрде, арнайы құзыретті органнан лицензия алу талап етеді, табиғи ресурстарды пайдалану үшін қоршаған ортадан бөлініп алынады, шаруашылық қызметінің көрінісі болып табылады; - уақытша: пайдаланудың алдын- ала мерзімі белгіленеді және заңда тікелей көрініс табады, қысқа мерзімді- 5 жыл, ұзақ- 5-49 жыл; - тұрақты: табиғат пайдалану құқығының алдын- ала мерзімі белгіленбестен белгісіз уақытқа берілетін табиғат пайдалану түрі; - өтеулі: табиғат пайдалану құқығы ақылы түрде алынады, ҚР заңнамасында көзделген төлем төленуге тиіс; - өтеусіз: төлемақы төленбейді, тегін түрде жүзеге асырылады. Табиғат объектілеріне байланысты табиғат пайдалану құқығы: жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалану, қоршаған ортаға эмиссиялар. Субъектілеріне байланысты табиғат пайдалану түрлері: тұрақты және уақытша; ұлттық және шетелдік, мемлекеттік және мемлекеттік емес, жеке және заңды тұлғалар, бастапқы және кейінгі табиғат пайдаланушылар. Қ.Р Қ.Р Азақстан Республикасы Жер кодексіне жалпы сипаттама беріңіз. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау қалай жүзеге асырылады? Жер туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту және оның жүзеге асырылуы. ҚР Жер Кодексі 2003 жылы 20 маусымда қабылданды. 5 бөлім, 21 тараудан тұрады. Мазмұны: негізгі ережелер; жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар; жер санаттары; жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры; жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;5) орман қорының жерi;6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Жердi қорғау мақсаттары:1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру ж/е орман мелиорациялық, мелиорациялық ж/е басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;2) тозған н/е бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:1) жердi құнарсызданудан ж/е шөлейттенуден, су ж/е жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi ж/е басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;2)ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан,арамшөп,бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын ж/е жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын,жер пайдалану құқығын ж/е жер қорғауды реттей отырып,олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру (жерлерді жаңғырту), ескерту және жазалау сияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді. Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік-еңбек жауаптылығы. Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4. Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз. Экологиылық заңдарын бұзу- белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі. Экологиялық заңды бұзу екіге бөлінеді. Біріншісі – тәртіпсіздік, екінші - қылмыс. Тәртіпсіздік-жеңіл тәртіп бұзушылыққа жатса, қылмыс ауыр тәртіп бұзушылыққа жатады-оны қылмыс деп атайды. Жеңіл тәртіп бұзушылық үшін еңбек заңында-тәртіптік жаза қолданатын, материалдық шығынға тәртіп бұзушылық үшінматериалдық немесе азаматтық құқық нормалары қолданылатын, экологиялық құқық нормаларын жеңіл бұзылатын түрлеріне әкімшілік құқық нормалары қолданылатын тәртіп бұзушылық экологиялық немесе азаматтық құқық нормаларын бұзушылық тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар пайда болуы мүмкін.Экологиялық немесе экологиялық салалық жауапкершілік осы заңдардың нормаларынан пайда болатын және осы заң салалары нормаларында қаралған ерекше жазалау шаралары қаралған жағдайда қолданылады. Сонымен экологиялық заңдық жауапкершіліктің түрлеріне тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, материалдық (азаматтық) және экологиялық салалық ерекше жауапкершіліктері жатады. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің түрлері төмендегідей.Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған: Б і р і н ш і топқа:а) қоршаған ортаға келген зиян;б) азаматтардың денсаулығына келген зиян;в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған. Е к і н ш і топқа:а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі. Ү ш і н ш і топқа:а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына;б) мүлкіне келтірілген зиян;в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін;г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды;д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған. Т ө р т і н ш і топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады. Экологиялық қылмыс дегеніміз – бұл қылмыстық заңда көзделген кінәлі, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік немесе әрекеттілік), жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен экономикалық құқыққа қол сұғушылық, мемлекетке және келтірілген немесе қоршаған ортаға нақты қауіп келтірген зиян. Қазіргі кезде экологиялық теріс қылықтар мен экодогиялық қылмысты ажырату оңай, өйткені бұл жаңа қылмыстық кодексте оны қозғаушы күні құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты құқықтық нормалардың диспозициясында көрсетілген. Қылмыстық жауапкершілік – экологиялық құқық бұзушылық басталған уақыттан бастап, оның басқа да ажыратып көрсететін белгілері бар: адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға келтірген зиян, жануарлардың немесе өсімдіктердің жоқ болуы, ұйымдасқан топтар, лауазымды тұлғалардың қылмысты жасасуы, өзінің қызметін пайдалану барасында. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасын беріңіз және экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары қалай реттеледі? Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.Қойылған міндеттерді шешуге:Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Оршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау және қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары қалай орындалады? Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып,өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына,жеткiзiлуiне(өткiзiлуiне),сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына ж/е жөнделуiне,жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады. Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді. Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау; қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi. Табиғатты қорғауда прокуратура органдарының атқаратын рөлі мен функциялары қандай және прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық реттеудің жалпы түсінігіне тоқталыңыз. Құқық қорғау органдарының экологиялық қызметi-ол сот, прокуратура,Құқық қорғау органдары экологиялық қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды. Қазақстан республикасының 1991ж тәуелсiз ел болғаннан кейiн, заңсыз аң аулау,Су жануарлырын заңсыз аулауда ұйымдасқан қылмыстың негiгi түрлері орын алды.Қазақстан Республикасында осының бәрi табиғат қорғау органдарының өзара келiсiп жұмыс істеуімен сипатталды. Экологиялық қылмыстар белгiлi себептер бойынша, прокуратура органдармен қадағаланады. Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiҚазақстан Республикасы Конститутциясы прокуратура органдарының қызметiмен ұйымдастырылуының негiзгi Қ.Р-ның конститутциясының 63-бабы прокуратура органдарының басты мақсаты анықталған-Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөндеу жұмыстарын атқарады.Прокуратура туралы заңы прокуратура органдары жүйесiнде мамандындырылған табиғат қорғау прокуратаралары бар. Тиiстi прокуратуралардың қалыптасу негiзi ретiнде ҚазССР Жоғарғы Кеңесi Алғашқылардың бiрi болып Шығыс Қазақстандық, Жамбыл, Қызылорда Жезқазған және Алматы облысы территорияларында қадағалауды жүзеге асырды.Бүгiнгi күнге дейiн Қ.Р-да 14 табиғат қорғау пркуратуралары Үлгi Ережеге сәйкес ауданаралық табиғат қорғау пркуратураларына бекiтiлген.Ауданаралық табиғат қорғау прокуратуралары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңды және жеке тұлғалар тарапына табиғат қорғау,Қоршаған орта заңдарының орындалуына қадағалайды. Ж. 24 маусымда қабылданған ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңына сипаттама беріңіз және аталған заң мен 1996ж. заңғы салыстырмалы талдау жасаңыз. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң 14-тарау,130-баптан тұрады. Құзыретті органның өкілеттіктеріне: 1)пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамын бекіту;2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру; 4) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;5) барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру; 6) Қ.Р Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес Қ.Р экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру; 7) келісімшарттарды жасасу, мемлекеттік тіркеу және сақтау;8) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарда Қ.Р мүдделерін білдіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;9) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру және т.б. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қ.Р. заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Қ.Р заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалған, жер қойнауын пайдаланумен байланысты мәмілелер жарамсыз болып табылады.Аталған мәмілелерді жасасуға кінәлі тұлғалар Қ.Р заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықта болады. Оршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі қалай жүзеге асырылады? Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы қандай?. Қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлға келтiрiлген залалды ерiктi түрде жоюға не өзгеше тәсiлмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы мiндеттемесi кепiлхатта жазылуға тиiс.Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдерi есебiнен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн. Зиянды өтеудiң құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтiрiлгенге дейiнгi жай-күйiн қалпына келтiруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөнiндегi iс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.Тараптардың келiсiмiмен сот шешiмi бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттердi жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуi мүмкiн.Зиянды өтеудiң заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтiрiлгенге дейiнгi жай-күйiн қалпына келтiру, жойылған не бүлiнген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөнiндегi шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтiрiлген зиянды өтеудiң тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерi мен көлемiн регламенттейтiн шарт және (немесе) келiсiм жасасу жолымен жүргiзiледi.Зиянды өтеудiң өндiрiлiп алынатын сомасы мемлекеттiк бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда жәбiрленушi тұлғаға аударылады.Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлғаны әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктен босатпайды.Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шешедi. Р Су Кодексінің жалпы сипаттамасын беріңіз.Су қорларын басқару органдары қалай құрылады және олардың құзіреттері қандай?Су пайдалану құқығы дегеніміз не? Суды құқықтық қорғау шараларының анықтамасын беріңіз. Су Кодексі 11-бөлім,32-тарау, 146-баптан тұрады.Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қ.Р Үкiметi, су қорын пайдалану ж/е қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қ.Р заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: 1)мемлекетаралық2)мемлекеттiк;3) бассейндiк;4) аумақтық. Мем/к органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мем/к басқару: 1)су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау ж/е су бұру саласындағы мем/к реттеу мен бақылау; 2)тұрақты су пайдалану-суды ұқыпты, ұтымды ж/е кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; 3)су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау,қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын ж/е халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; 4) бассейндiк басқару; 5) су қорын пайдалану ж/е қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын ж/е су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. 1. Жеке ж/е заңды тұлғаларға су объектiлерiн пайдалану құқығы Қ.Р су заңнамасында белгiленген арнайы, оқшау н/е бiрлесiп пайдалану тәртiбiмен берiледi. Жеке ж/е заңды тұлғаларға су объектiлерi:1) қысқа мерзiмдi пайдалану; 2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. 3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге. Азақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады? Орман Кодексі 9-бөлім,20-тарау,118-баптан тұрады. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады. Мемлекеттiк орман қорына: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар; 2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; 3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатады. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:1) қолдан өсірілген екпелер;2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;3) жекеше орман питомниктерi; 4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; 5) агроорман-мелиорациялық екпелер;6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады. Орман қорына: 1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер; 2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер; 3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар; 4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi. Оршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді? Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Біріккен Ұлттар Ұйымы 179 мемлекеттің жоғарғы басшыларының басын қосып Халықаралық конференция өткізіп, осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданған:Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио-де-Жанейро декларациясы;ХХІ ғасыр күн тәртібі;Орманның барлық түрі тұрақты дамуы, басқару және сақталу принциптері туралы өтініш;Климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенция;Биоалуантүрлілік конвенция. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым.(Басты) Негізгі мақсаты – жаhандық (әлемдік) экологиялық проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам назарын аудару арқылы.Гринпис тек қана өз жақтастарының ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен қаржылай көмекті үзілді-кесілді қабылдамайды.Гринпис БАҚ назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған ірі акцияларымен белгілі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|