ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мейоздың алғашқы бөлінуі (редукциялық). Мейоз I-Липтотена (нәзік жіпшелер стадиясы)-хромосомалар әлсіз өте нәзік әрі ұзын. Жіпшелер күйінде көрінеді. Ядро қабықшасы мен ядрошық жойылады, - Зиготена (қосарлы жіптер)-көлемі бірдей хромосомалар конъюгацияланып қосылады. Конъюгацияланушы гомологты хромосомалардың әр жұбы бивалент түзеді. - пахитена (жуан жіпшелер стадиясы) – кроссинговердің жүруімен, яғни гомологты хромосомалардың бірдей үлескілерімен алмасуымен сипатталады. Биваленттердің саны хромосомалардың гаплоидтік санына тең. - Диплотена биваленттер және олардың әрқайсысын құрайтын құрайтын төрт хроматидтер көрінеді. Бұл стадияда гомологтың серпіліп жіберілуі басталып, хиазма деп аталатын фигуралар пайда болады. - Диакенез ширатылу күшейе түседі, хиазмалар саны азайып, биваленттер ядроның шет жағында орналасады. Метафаза I Биваленттер метафазалық пластинканы құра отырып, клетканың экватор жазықтығына орналаса бастайды. Хромосомалар толық жуандап, қысқарады. Организмнің толық клеткасындағы хромосомалар санынан биваленттер саны екі есе кем, яғни гоплоидты санға тең болады. Анафаза I Бір центромераға бекіген екі хроматидтерден тұратын хромосомалар қарсы полюстерге таралады. Әр биваленттің аталық және аналық центромералары қарсы полюстерге тарап, тәуелсіз қозғалады. Хромосоманың әрқайсысы бұрынғыдай екі хроматидтен тұрады. Телофаза I (өсімдіктер клеткасында болмайды) - Хромосомалар ұзарып, олардың жанында ядро қабықшасы түзіледі. Ахроматин жіпшелері жоқ болады. Цитоплазма жылжуы басталып, ядролық мембрана түзіледі, ядро құрылымы қалпына келеді. Интеркинез (тек жануарларклеткасында) Мейоздың бірінші және екінші бөлінуінің арасындағы уақыт. Хромосомалар екі еселенбейді және ДНҚ синтезі жүзеге аспайды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|