Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Апоптоз, некроз ерекшелктер




Апоптоз (грек.сөзінде apo -бөлшектену, ptosis-төмен түсу)-клетканың өлуінің бір формасы. Бұл процесс 1-3 сағатқа созылады. Апоптоз: жасушаның жоспарлы жойылуы. Морфологиялық жасушалық мембрана мен органелдердің сақталуымен ядроның гетерохроматинд конденсациясы және бүрісуі. Жасуша апоптозды денешіктерге бөлшектеніп, әрбір бөлшек органелалармен ядро бөлшектерінен тұрады. Олар лимфоциттермен фагоциттеніп, маңындағы жасушалар лизосомаларымен бұзылады. Апоптоз процесінің негізгі функциясы, бұзылған клетканы организмнен жою және гомеостаз бен иммундық жүйені тұрақты сақтау болып табылады. Күніне дені сау организмде 50-70 млд жаңа клетка түзіліп, сонша клетка өледі. Апоптоз кезінде клетка бүріседі және хроматин конденсацияланып, ядро бұзылады. Бұзылған клеткалар тез фагоцитозға ұшырап, лейкоциттер арқылы жойылады. Қабыну болмайды. Көп клеткалы организмде клетканың өлуі күнде жүріп тұрады, бірақ белгілі бір жағдайда және әртүрлі мүшелер мен әртүрлі ұлпаларда. Апоптоз 1960-жылдан бастап зерттелген. 1972жылы алғаш рет «апоптоз» терминін қолдануды Дж. Керри басшылығымен құрылған британдық ғалымдар командасы бастады. Апоптоз процесін үш фазадан тұрады: сигналдық, эффекторлық, деградациялық. Бірінші сатысы клетка ішінде немесе сыртынан келетін сигналды қабылдау. Екінші сатысында дәнекерлеушілер сигналды ядроға дейін жеткізеді осының нәтижесінде нуклеин қышқылдары мен белоктарды ыдырата алатын ферменттер активтелінеді немесе синтезделеді. Соңғы сатыда ДНҚ деградацияланады, құрылымдық және функционалдық белоктар ыдырайды клетка өз бүтіндігін жоғалтады да макрофактар көмегімен жойылады. Апоптоздың активациясының екі сигналды жолы бар, олар сыртқы беткейлік рецепторлар арқылы және клетка ішіндегі митохондрия арқылы. Бірінші жол гормондар, цитокиндер арқылы жүргізіледі. Ол арнайы апоптоз програмасын қосатын рецепторлардан басталады. Бұл рецепторлар: Fas, TNFR1, DR3, DR4, DR5. олар трансмембраналық белоктарға жатады, олар каспазалармен рецепторларды байланыстыра алатын цитоплазмалық белоктармен байланысады. Каспаздар арнайы ретпен белоктарды аспаргил қышқылынан кейін белоктарды ыдырататын цистеинды протеазалар. Фунционалдық қасиеттеріне қарай олардың үш түрін ажыратады: цитокиндер активаторлары, эффекторлық каспаз активациясының индукторлары, эффекторлық каспазалар апоптоз ды іске асырушылар. Митохондриялық апоптоз жолы ДНҚ ның зақымдануымен (радиация әсерінен, цитотоксикалық агенттермен, глюкокортикоидтар және т.б.)шақырылады. Ол Р53 белогының активациясымен,Bcl 2, Вах және Віd туыстығындағы проаптозды белоктарды коддайтын гендер экспрессиясына байланысты. Бұл белоктар митохондрия мембранасының пермобилизациясын шақырып, цитохром С шығуына мүмкіндік береді, бұл апоптоздың басты себебі болып табылады. Каспазалар – бұл цитоплазмалық протеазалар. Каспазалар – аспарагин қышқылынан құралған пептидті байланыстарды үзіп тастауға қабылетті. Каспаз туыстасына 10 ферменттер кіреді, олар плазмолеммадан келетін, аралық көмекшілермен сигнал әсері арқасында (алғашқы болып каспад 8 белсенеді), бір-бірін белсендіруге қабылетті. Каспаз активациясын митохондриядан алынған (олардың мембраналарының жоғары өткізгіштік кезінде) факторлар шақырады. Бұл протеазалар каспаза 9-ды белсендіреді. Каспаздың жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар: клеткада каспазды ингибирлейтін ерекше ақуыздардың болмауы (апоптоз ингибиторлары). Сонымен, плазмолемманың өзгеруі апоптоздық денешіктің көрші клеткалармен жұтылуына мүмкіндік береді. Апоптоз бағдарламасы келесі жағдайларда жіберілуі мүмкін: Клетканың халі нашарлағанда, немесе –«іштей апоптоз»; «Негативті сигнализация» сырттан, ол клетка рецепторлары арқылы беріледі, немесе –«апоптоз-команда бойынша». Апоптоздың даму кезеңдері. 1. Хроматин конденсациясы және клеткалардың сығылысуы (цитоплазма конденсациясы салдарынан). Хроматин ядроның шетінде тығыз гомогенді масса түрінде орналасады. Цитоплазма көлемі азаяды, клетка өз түрін өзгертеді. 2. Ядро мен цитоплазма фрагментациясы (үзіктері), апоптозды денешіктің пайда болуы, ядро ядро қабықшасымен қоршалған және тығыз хроматин массадын тұратын фрагменттерге ыдырайды. Клеткада терең өсінділер болады, қалақтар пайда болады, олар біртіндеп үзіледі және оларды апоптозды денелер деп атайды. Оларда ядролы фрагменттер немесе цитоплазма бөліктері болуы мүмкін. Некроз – бұл клетканың зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын процесс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизмі жұмыс істемейді. Некроз өте жылдам өтеді, мембрана бұзылады, оның өткізгіштігі бұзылады, клетка ісінеді, лизосома зақымдалған кезде клетканың автолизі басталады (өзін-өзі сіңіру). Қабыну процесстері басталуы мүмкін. Некроз функциональді белсенді ағзалар паренхимасында жиі кездеседі. Нерозға жасушаның бір бөлігі, жасуша, тін,ағза немесе дененің жартысы ұшырауы мүмкін. Сондықтанда тек микроскоппен немесе жай көзбен көруге болады. Некроздың микроскопиялық белгілері: ядро және цитоплазма өзгерісімен жүреді. Ядрода: кариопикноз- хроматиннің конденсация нәтижесінде ядроның бүрісуі, кареорексис-ядроның бөшектерге бөлінуі, кареолизиз-гидролаздың белсенуінен ядроның круі. Цитоплазма: плазмокоагуляция-белоктардың кагуляция және денатурациясы нәтижесінде цитоплазмада ашық қызыл түсті түйіршіктердің пайда болуы, плазморексис цитоплазманың бөлшектенуі, плазмолизис –гидролиздеуші фермент лизасоманың әсерінен, цитоплазманың еруі. Коагуляциялық некроз (құрғақ)гипоксия нәтижесінде, белогі басым, суы аз ағзаларда шекарасы анық, құрғақ, тығыз, сары сұр түсті болады.М: бұлшықеттің балауыз тәрізді нерозы(бөртпе сүзек және іш сүзегінде), ірімшік тәрізді некроз(туберкулез, мерез,лимфогранулематоз), фибринойдты некроз (инфекциялық аллергиялық). Колликвациялық некроз (ылғалды) жиі бактериялық жұқпалы ауруларда лейкоцитарлы ферменттердің протеолитикалық әсерінен белогі аз, суы басым (ми ұлпасы) ағзаларда өлген ұлпаның еруінен, торсылдақтың түзілуімен жүреді. Некроздың нәтижесі: қолайлы: демаркациялық аймақ, организация(дәнекер тінмен алмасу), әктену,оссификация, киста түзу. Қолайсыз некроз ошағының іріңді ыдырауы, құрсақ ішіндегі некроздар даму ақауларына әкеледі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных