ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кариотип туралы түсінік.Ядрода хромосомалардың тұрақты саны және олардың әрқайсысының өзіне тән генетикалық мәні болады. Әрбір хромосома хромонема деп аталатын ДНҚ жіпшесінен тұрады. Хромосоманың құрылым ерекшелігіне бірінші бунақталу жатады, ол хромосоманы екі бөлікке бөледі. Бірінші бунақталудың ішінде ерекше түзіліс центромера болады. Центромера метафазадағы хромосомалардың пішінін анықтайды. Егер центромера хромосоманың ортасында орналасып хромосоманы тең екі йыққа бөлсе, онда хромосоманың құрылымы Х тәріздес болады, оны метацентрлі хромосома деп атайды. Центромера хромосоманың тең екі йыққа бөлмесе, ондай хромосомаларды акроцентрлі хромосомалар деп атайды. Центромера хромосоманың ұшына жақын орналасса оны телоцентрлі хромосома деп атайды. Клеткалар бөлінгенде хромосомалардың морфологиялық ерекшеліктері өзгермей сақталады. Клетка бөлінгенде әр хромосомада бөлінеді. Әр түрге тән хромосомалар жиынтығының ерекшеліктері: хромосомалардың саны, көлемі және формасы (пішіні)оның кариотипі деп аталады. Кариотиптегі хромосомалар саны жануарлар мен өсімдіктердің құрылым деңгейімен байланысты емес. Жоғары сатыдағы организмдерге қарағанда қарапайым организмдердің хромосомалар саны көп болуы мүмкін. Өте тығыз спиральға оралған хромомсомаларды гетерохроматин деп аталады, олардың конститутивті және факультативті түрлері бар. Конститутивті гетерохромотин центромераға жақын орналасады, факультативті гетерохромотин генетикалық активтілігінен толық айырылған хромосомалардың эухроматинді бөлігі. Кейбір қосқанаттылар органдарының клеткаларынан алып хромосомалар табылған. 1881жылы италия ғалымы Е.Бальбиани хирономустың сілекей бездері клеткаларынан тапты. Алып хромосомаларды қарағанда көлденең жолақтар көрінеді. Ол жолақтар дискілер бір біріне тығыз жанасқан, ширатылған хромонемалар учаскелері немесе политенді хромосомалар деп аталады. Дискілердің көлемі мен морфологиясы өзгергіш келеді, бірақ әр хромосома үшін тұрақты болады. Алып хромосомаларға тән аса үлкен көлемділік пен пішіндер олардың кең тарқатылуы және хромосомалардың ажырап кетпеуі нәтижесінде пайда болады. Жоғарыда айтылғандай, хромосоманы зерттеу кезінде клетканың экваторлық пластинкасында оларды сынауға болады, ал хромосомалардың морфологиясын, құрылымын және шамасын талдау олардың өзара ұқсастығы мен айырмасын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бір түрге жататын организмнің әр түрлі дене тканьдері клеткаларының хромосомаларын зерттеу мынаны көрсетті: әр түрдің хромосома саны және оның құраліы оның езіне ғана тән болады. Жануарлардың немесе өсімдіктердін, белгілі бір систематикалық тобының дене клеткасындағы хромосомалар жиынтығын кариотип деп атайды. Цитогенетикалық әдіс-дені сау және ауру адамның хромосома санын, құрылысын микроскоппен зерттеуге негізделген.Адамда 23 жұп.22 жұп аутосома 1 жұп жыныс хромосомасы.Мұны қалыпты кариотип деп атайды.Адамдағы байқалатын аурулардың себебі хромосома саны мен құрылысының өзгеруіне байланысты.Осы қалыпты каротип бұзылса адамда тұқымқуалайтын аурулар пайда болады.Бұл әдістің маңызы:мысалы,65-сурет қалыпты кариотиптің бұзылуына байланысты жас нәресте денесіндегі түрлі туа біткен анамалиялар көрсетілген.Оның себебі хромосоманың саны 47.Бұл құбылыс энеуплоидиядеп аталады.Митоз кезіндегі хромосомаларды және интерфаза жағдайындағы жасушаны зерттеу арқылы басқа да көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.Мысалы,интерфазасыз ядрода Барр денешігін немесе жыныс хроиатинін табу арқылы ағзаның жынысын анықтау.
9 –сурақ, Цитоқаңқа ж/е оның маңызы, Клеткалар өзінің түрін өзгертуге, көшірілуге, цитоплазмада органеллаларды қорғауға және митоз кезінде хромосомаларды бөлуге қабілетті. Осы қабілеттілік негізгі цитоархитектуралы –цитоқаңқа- клеткалары құрайтын ақуыздар жыйынтығымен қамтамасыз етіледі. Цитоқаңқа – клетка цитоплазмасын толтырып тұратын белоктық жіпшелердің жүйесі. Цитоқаңқа үш жүйені құрайтын жіпшелердің үш негізгі типтерінен: микрофиламенттерден, микротүтікшелерден, аралық филаменттерден құралады. Жіпшелердің әрбір типі негізгі бір немесе екі белоктардан құралады: микрофиламенттер - актиннен; микротүтікшелер - тубулиннен; аралық филаменттер әртүрлі ұлпаларда арнайы белоктардан: эпителийде -кератиннен, бұлщықет - десминнен, ішкі ортаның ұлпалары - виметиннен, нейрондар - нейрофиламенттердің белоктарынан құраладыполимеризациялауға қабілетті және өзі полимерлі құрылымдарды ұйымдастыруы мүмкін. Мыңдаған ұқсас белсенді бірліктер ұзындық айтарлықтай ұзын массивтерге жинақтайды, клетканы ұзынынан 10-15 мкм басып өтеді. Бұл өте ұзарған жіп тәрізді құрылым органеллаларды ұстап тұратын клеткаішілк каркас қызметін атқарады, және де органеллалар қозғалатын «рельстері» бар. Цитоқаңқаның негізгі компоненттерінен басқа, қосымша белоктар оның ұйымы мен функциональді интеграциясын маңызды роль атқарады. Бұл қосымша белоктар келесіге жауап береді: 1) органелланы цитоқаңқаға бекітуге, мысалы секреторлы көпіршіктерді микротүтікшелерге; 2) органеллалардың бағытына қозғалуын қамтамасыз етеді; 3) цитоқаңқаның байланысы және координациялы қызметі. Цитоқаңқаның негізгі белоктары ұзын филаменттерге полимеризациялана алады. Микротүтікшенің бір соңы, оң-соңғы деп аталады, ол өте жылдам өсуі мүмкін, ал басқасы, теріс-соңғы жағы тұрақтанғанша тубулинді суббірліктерді жоғалтады. Микротүтікшелердің теріс соңы центросомаға бекінгенде бітеді, оны микротүтікшелердің орталық ұйымы (МОҰ) деп атайды, орталықта ядро жанында орналасады. Органелланың ұйымдасқан бағытты қозғалысы молекулярлы қозғалтқыш түріндегі салтаторлы қозғалысқа жатады. Дәл осы ақуыздар микротүтікшелермен немесе белсенді филаменттермен байланысады, ал олардың қозғалысын аденозинтрифосфаттың (АТФ) гидролизі кезінде босап шығатын энергия қамтамасыз етеді. Молекулалық күштер. Негізгі молекулалық күштерге келесі ақуыздар жатады: 1. Миозин. Бұлшық еттердің негізгі ақуыздарының бірі. Миозин белсенді филаменттер бойымен қозғалады және бұлшық етті ықшамдайтын компонент болып табылады. 2. Кинезиндер. Бұл ақуыздар микротүтікшелер бойымен оң бағыттағы соңына қозғалады (центросомадан клетканың шеткі аймағына). 3. Динеиндер. Бұл ақуыздар, микротүтікшенің теріс соңына орналасады (центросома бағытына). Актинді қабық. Актинді филаменттер (микрофиламенттер) әртүрлі актин-байланыстырушы ақуыздардың көмегімен тігілген талшықтарға немесе шоғырға жиналады. Микротүтікшелер сияқты, актинді филаменттер – бұл динамикалық құрылыстар, және плазмалық мембрана рецепторларынан алынған клеткадан тыс сигнал белсенді цитоқаны жергілікті қайта құрылуға алып келеді. Клеткада актиндердің екі пішіні болулары мүмкін: мономерлі (глобулды актин) және полимерленген (фибрилді) актин. Актиндермен қатар микрофиламенттерді түзуде тропонин, тропомиозин секілді басқа да пептидтер қатысады. Аралық филаменттер Аралық филаменттер жасушада жуандығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады. Әрбір ақуыз – антиген, сондықтан олардың әрқайсысына сәйкес антидене түзілуі керек. Егер мысалы, флюоресцентті белгімен белгіленген антигенді ағзаға енгізсе, ол өзіне сәйкес ақуызды локализациялайды. Аралық филаменттердің ақуыздары клеткалардағы біршама өзгерістерге қарамай өз қасиеттерін сақтайды. Сондықтан, арнайы белгіленген антиденелерді аралық филаменттердің ақуыздарына қолдана отырып, қай жасуша қатерлі ісіктің алғашқы көзі болғанын анықтауға болады.
Цитоқаңқа. Эукариоттық жасушалар өздерінің пішіндерін өзгертуге, қозғалып орындарын ауыстыруға (миграция), цитоплазма органеллаларының қозғалуын және митоз кезінде хромосомалардың мақсатты ажырасуын қамтамасыз етуге қабілетті. Цитоқаңқа - жасушаның белгілі бір құрылымдық деңгейінің ұйымдастырылуын бірқалыпты ұстап тұратын, ерімейтін ақуыздар кешені болып табылады. Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады. Цитоқаңқа 3 негізгі құрылымдардан – микротүтікшелер, актин филаменттері (жіпшелері) және аралық филаменттерден құралған. Олардың әрқайсысы мыңдаған ақуыздардан тұрады. Цитоқаңқа құрылымдарының 3-уі де полимерленеді және өздігінен полимерлік құрылымдарға бірігіп, мыңдаған біркелкі актин бөлшектеріне, әжептәуір ұзын, 10-15 мкм, жасушаны тесіп өтетін сызықты массивтерге жинақталады. Бұл өте ұзын, жіпше тәрізді құрылымдар. Олар органеллаларды ұстап тұрушы, жасуша-ішілік қаңқа және органеллалар қозғалатын «рельстер» қызметтерін атқарады. Цитоқаңқа құрылымының қалыптасуында және қызметтік бірігуінде (интеграция) оның негізгі компоненттерімен бірге қосымша ақуыздар да маңызды роль атқарады. Олар: 1. Органеллалардың цитоқаңқаға жабысуына; 2. Органеллалардың бағыты қозғалуын қалыптастыруға; 3. Цитоқаңқа байланыстарына және қызметтерінің үйлестірілуіне жауап береді. Цитоқаңқа немесе жасуша қаңқасы үш компоненттен түзілген. Оларға микротүтікшелер, микрофиламенттер және аралық филаменттер жатады. Микротүтікшелер жасушаның бүкіл цитоплазмасын тесіп өтеді. Микротүтікшелер қабырғасы спираль түрінде бірінің үстінде бірі бұралаңдаған 13 жіпше – протофиламенттерден құралған. Осындай әрбір жіпше тубулин ақуыздарының димерлерінен құралады. Әрбір димер a және b – тубулиннен түзілген. Тубулиндер синтезі түйіршікті эндоплазмалық тордың мембраналарында жүреді, ал спираль жасуша орталығында жасалады. Микротүтікшелер өте мықты, олар цитоқаңқаның тіректік құрылымын құрайды. Микротүтікшелердің бір бөлігі жасушаға әсер етуші қысым және тарту күштеріне байланысты орналасады. Мысалы, бұл қасиетті сыртқы ортамен байланыстыратын эпителий ұлпаларынан байқауға болады. Аралық филаменттер жасушада жуандығы 8-10 нм ұзын ақуызды молекулалар түрінде кездеседі. Олар микротүтікшелерден жуан болғандықтан, оларды аралық филаменттер деп атайды. Аралық филаменттердің ақуыздары негізгі 4 топқа жатады. Әрбір ақуыз – антиген, сондықтан олардың әрқайсысына сәйкес антидене түзілуі керек. Егер мысалы, флюоресцентті белгімен белгіленген антигенді ағзаға енгізсе, ол өзіне сәйкес ақуызды шоғырландырады. Аралық филаменттердің ақуыздары жасушалардағы біршама өзгерістерге қарамай өз қасиеттерін сақтайды. Сондықтан, арнайы белгіленген антиденелерді аралық филаменттердің ақуыздарына қолдана отырып, қай жасуша қатерлі ісіктің алғашқы көзі болғанын анықтауға болады. Микрофиламенттер – 4 нм-дей ақуыз жіпшелері. Олардың көпшілігі актин молекулаларынан құралады. Актин молекулаларының 10-шақты түрі анықталған. Сондай-ақ, актинді филаменттер цитоқаңқаның тіректік құрылымын түзетін шоқтарға топтастырылады.Жасушада актиндердің екі пішіні болуы мүмкін: мономерлі (глобулды актин) және полимерленген (фибрилді) актин. Актиндермен қатар микрофиламенттерді түзуде тропонин, тропомиозин секілді басқа да пептидтер қатысады. Осындай миозиннің полимерленуіне Ca иондары қажет. Кальцийді қосу С тропонинінің қатысуымен жүреді. Морфологиялық белгісіне қарай цитоплазманың органеллаларын 2 топқа бөлеміз: мембраналы және мембранасыз. Мембраналы органеллалардың өзі 2-ге бөлінеді:бірмембраналы және қосмембраналы. Бірмембраналы органеллаларға – эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи аппараты, лизосомалар, пероксисомдар және басқа да маманданған вакуольдер, сонымен бірге плазматикалық мембрана жатады. Қосмембраналы органеллаларға митохондрия және пластидтер, клеткалық ядро жатады. Мембранасыз органеллаларға рибосомдар, жануар клеткасының клетка орталығы жатады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|