Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мейоздың кезеңдерін, ұзақтығын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.




Мейоз нәтижесінде гаметалар – жұмыртқа клеткалары мен сперматазойдтар яғни жыныс клеткалары пайда болады. Гаметалар түзілуі кезінде редукциялану, яғни хромосомалар санының екі есе азаюы жүреді, гаметаларда хромосомалардың бір ғана, гаплоидты жиынтығы (n) болады. Мейоздың шартты түрде мейоз І, редукциялық және мейоз ІІ, эквациялық түрі бар. Мейоздың кезеңдері профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Редукциялық бөліну І профазадан басталады. Ол 5кезеңге бөлінеді: лептотена, зиготена, пахитена, диплотена және диакинез. Лептотена –нәзік жіпшелер стадиясы. Хромосомалар әлсіз, ұзын жіпшелер түрінде көрінеді. Зиготена (қосарлы жіптер) көлемі бірдей хромосомалар коньюгацияланып қосылады. Ең басында гомологты хромосомалардың коньюгациясы синапсис жүреді. Коньюгацияланушы гомологты хромосомалардың әр жұбы бивалент түзеді. Бұл кезеңге синаптонемалық комплекстің көрінуі тән. Пахитена (жуан жіпшелер стадиясы) ширатылу, конденсациялану есебінен хромосомалардың жуандауы мен қысқаруы арқылы сипатталады. Синаптонемалық комплекстің түзілуі аяқталады. Диплотенада биваленттерді құрайтын хроматидтер анық көрінеді. Бұл стадияда хиазмалар деп аталатын, гректің хи (х) әрпіне ұқсас фигуралар пайда болады. Диплотена стадиясында зиготенада жүрген процестерге қарсы жүреді,тартылудың орнына гомологты хромосомалар сыртқа тебіледі. Диакинезде хиазмалардың саны азайып, ядроның қабығы мен ядрошықтар жойылады.

І метафазада биваленттер клетканың экватор жазықтығына орналасады. Хромосомалар толық жуандайды, қысқарады. Сомалық клеткалардың хромосомалар санынан биваленттер саны екі есе кем, гаплоидты санға тең. І анафазада бір центромераға бекіген екі хроматидтерден тұратын хромосомалар қарама-қарсы полюстерге таралады. І телофазада ядролық мембрананың түзілуімен және ядро құрылымының қалпына келуімен сипатталады. Эквациялық бөліну ІІ профазада хромосомалардың ширатылуы есебімен олар жақсы көріне бастайды. Ядролық қабықша, ядрошық жойылады, ұршық тәрізді жіпшелер түзіледі. ІІ метафазада барлық хромосомалардың центромералары экватор жазықтығына орналасады. Полюстен қараған кезде клеткалардың хромосомалар саны гаплоидты, ал бірақ әр хромосома екі хромотидтерден тұратындығы көрінеді. ІІ анафазада екі еселенген центромералар бір-бірінен ажырайды, нәтижесінде жаңа түзілген хроматидтер әр полюске тарайды. ІІ телофазада гаплоидты төрт ядролар түзіледі. Содан соң цитокинез жүреді де, төрт клетка пайда болады. Сонымен 2 бөлінуден тұратын мейоз бастапқы клеткаға қарағанда хромосомалар саны екі есе кем болатын 4 клетканың пайда болуымен ерекшеленеді.

29-сұрақ. Клетка теориясының негізгі қағидаларын сыналы түрде бағала. Клетка теориясы. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып,барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті 1838 ж. неміс ботанигі Матиас Шлейден цитогенез, яғни клетканың түзілуі теориясын енгізді. Шлейден ағзадағы клеткалардың пайда болуы сұрағының басын ашты, сондай-ақ ол ядро – барлық өсімдік клеткаларының міндетті компоненті деген қорытындыға келді. Шлейденнің отандасы зоолог Теодор Шванн өсімдіктер және жануарлар ағзаларының клеткаларын салыстырып, олардың құрылысы ұқсас деп қорытындылады. Клетка туралы өздеріне дейінгі мәліметтерді жинақтап және өз зерттеулерінің нәтижелерін пайдалана отырып, ботаник М. Шлейден мен зоолог Т. Шванн жасуша теориясының негізін қалады. Клетка теориясының қағидалары Шлейденнің 1838 ж. “Өсімдіктердің дамуы туралы деректер” Шванның 1839 ж. “Жануарлар мен өсімдіктердің құрылымы мен өсуіндегі сәйкестік туралы микроскоптық зерттеулер” деген атақты еңбектерінде жарық көрді. Осы жылдардан бастап клетка теориясының негізі қалыптасты.Клетка теориясының негізгі қағидалары:1.Барлық ұлпалар клеткалардан түзіледі;2.Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларының құрылысы ұқсас, өйткені барлық клеткалардың пайда болуы бір заңдылыққа бағынады;3.Әрбір жасуша дербес, ал ағзаның тіршілік етуі жеке клеткалардың тіршілігінің жиынтығы салдарынан туады;Клетка теориясының негізі алғаш қаланған кезде клетка ағзада қалай пайда болатындығы шешілмеген мәселе болды. Клетка теориясын ары қарай дамытуға неміс ғалымы Рудольф Вирхов өз үлесін қосты. Ол ағзадағы клеткалар саны олардың бөлінуі нәтижесінде көбейетіндігі және клетка тек клеткадан туындайтындығын дәлелдеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных