ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кариолемманың құрылымдық атқаратын қызметімен байланысын табыңдар.Ядро қабықшасы (кариолемма) екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады. Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды өзгеріп отырады. Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60—80 нм. тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті. Кариолемма барлық организмдер, бактериялар, көк-жасыл балдырлардан басқа, жасушалар ядроларында міндетті түрде болатын құрылым. Сонымен кариолемма мына қызметтерді: ядро құрамын цитоплазмадан шектейді; цитоплазмадан ядроға биополимерлерді өткізеді; тасымалдаушы, немесе транспорттық қызмет атқарады. Ядро (nucleus) – жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының ең маңызды құрам бөлігі. Ядроны алғаш рет тауықтың жұмыртқа жасушасынан байқаған 1825 ж. чех ғалымы Я.Пуркине (1787 – 1869) болды. Ядроны өсімдіктер жасушасынан ағылшын ботанигі Р.Броун (1831 – 33), ал жануарлар жасушасынан Т.Шванн (1838 – 39) анықтады. Ядро тұқым қуалаушылық (генетика) ақпараттың сақталуы және осыған байланысты жасуша цитоплазмасындағы белоктар мен ферменттердің түзілуін қамтамасыз етеді. Ядро екі мембранадан тұратын қабықшамен қоршалған. Сыртқы ядролық мембрана рибосомалармен қапталған, ішкі мембрана тегіс болады. Электронды микроскоп арқылы зерттеу ядролық мембрананың жасушалың мембрана жүйесінің бір бөлігі екендігін көрсетті. Сыртқы ядролық мембрананың өсінділері эндоплазмалық тордың өзектерімен (каналдарымен) байланысады да, біртұтас өзектер жүйесін құрайды. Ядроның тіршілік әрекетінде ядро мен цитоплазма арасындағы зат алмасу басты рөл аткарады. Ядролық мембрананың көптеген саңылаулары болады. Осы саңылаулар арқылы ядро мен цитоплазма арасында молекула алмасуы жүреді. Ядро мен цитоплазма арасында зат алмасу белсенді түрде жүргенімен, ядро қабықшасы ядроның құрамын цитоплазмадан бөліп тұрады. Бұл өзін қоршап тұрған цитоплазмадан өзгеше, өзіндік ядроішілік ортаның болуын камтамасыз етеді. Ядро - хромосомалары бар жасушаның негізгі органоиды. Жоғары сатыдағы көптеген өсімдіктер, жануарлар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында бір ядро бар. Қарапайымдар мен төменгі сатыдағы өсімдіктердің бірнеше ядросы болады. Ядроның диаметрі - 3-10 мкм. Оның екі жарғақшадан тұратын қабығы бар. Ядро жарғақшасының шұрықтары өте көп, сол шұрықтар арқылы ядро мен цитоплазма арасында заттардың белсенді тасымалы іске асады. Сыртқы жарғақша эндоплазмалық тор өзекшелерімен қосылып, өзекшелердің біртұтас жүйесін түзеді. Ядро үш бөліктен тұрады: ортасында орналасқан — ядрошықтан, ядроның сұйық бөлігі — нуклеоплазмадан және ядролық мембранадан. Яродағы ядрошықтар саны 1—2, кейде 3—4 болатын дөңгелек, кейде сопақша денешіктер. Ядроға қарағанда ядрошық тығыз келеді. Ядрошық ядродан толық бөлінбеген және ядролық плазманың ішінде еркін козғалып жүреді. Ядрошық РНҚ синтезінің орталығы. Барлық жасушалардың ядроларында 1-ден 3-5-ке дейін жұмыр пішінді ядрошық болады. Ядрошықтар рРНҚ құрылымы туралы ақпараттар кодталған хромосомалардың белгілі үлескілерінде түзіледі. Ядрошықтарда рРНҚ және рибосомалар түзіледі де, соңынан цитоплазмаға өтеді. Нуклеоплазма коллоид тәрізді. Ол арқылы түрлі молекулалар тасымалданады. Оның құрамында көпшілік ферменттердің түрлері болады, оған хромосомадан РНК келіп түседі. Тірі жасушаларда ол сырттай гомогенді. Тірі клеткалардың нуклеоплазмасының (кариоплазма) сырттай көрінісі (ядрошықтан басқасы) гомогенді. Жарық немесе электронды микроскоптан қарау үшін ұлпаларды фиксациялап, өңдегеннен кейін кариоплазмада хроматиннің (chroma грек тілінен ауд. – бояу) екі типі көрінеді. Біріншісі бояуды жақсы сіңіретін, электронды тығыз, мөлшерлері 10-15 нм осмиофильді гранулалардан түзілген – геторохтоматин. Екіншісі жуандығы 5 нм-дей құрылымы фибрилярлы, ашық түсті – эухроматин. Хроматин дегеніміз хромосоманың интерфазалық өмір сүру түрі. Оның өзі эухроматин және гетерохроматин болып бөлінеді. Хромосоманың деконденсацияланған аймағы белсенді болады, ол жерде ДНҚ-ң транскрипциясы жүреді. Бұл аймақ эухроматин деп аталады. Конденсияланған немесе тығыз хроматин өте қанық базофилді, сондықтан ол микроскопта жақсы көрінеді. Хромосоманың бұл белсенді емес аймағы гетерохроматин деп аталады. Ядро шырыны – кариоплазма. Бұл ядроның сұйық компоненті. Ол күрделі ақуыздардың, көмірсулардың, нуклеотидтердің коллоидты ерітіндісі. Кариоплазманың құрамына олармен қатар әртүрлі иондар және метаболиттер кіреді. Ақуыздардың ішінде гистондар, ферменттер, құрылымдық ақуыздардың маңызы, алатын орыны зор. Кариоплазманың қызметтері: ядро тесікшелеріне қарай метаболиттердің жылдам диффузиясы үшін, рибосомалардың, м-РНҚ және т-РНҚ орын ауыстыруына қажетті микроортаны құрайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|