Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Клеткадағы хондриом түрлерінің клетканың функциясымен байланысын түсіндіріңіз.




Тірі клеткаларда энергияның бір түріне айналдыратын күрделі және ұтымды системалар болады. Энергиялардың айналысы негізінде екі структурада жүреді. Оның бірі жасыл өсімдіктерде болатын хлоропластар, екіншісі өсімдіктер клеткаларында және сол сияқты жануарлар клеткаларында болатын митохондриялар.

Митохондриялар АТФ-ті синтездеуші органелла. Негізгі функциясы органикалық қосылыстарды тотықтырып, олардың ыдырауының нәтижесінде бөлінген энергияны пайдалануға байланысты. Осы қызметін еске алып Клод митохондрияларды клетканың «қуат станциясы» деп атаған. Клеткалық тыныстың органелласы деп те атауға болады.

Митохондриялар бактериялар мен көк-жасыл балдырлардан басқа клеткалардың бәрінде де болады. Атап айтқанда жануарлардың клеткаларында, жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, балдырларда және қарапайымдарда.

Тірі клеткаларды зерттегенде митохондриялардың қозғалысын, формасы мен үлкендігінің өзгеретінін байқауға болады.

Митохондриялардың формасы айнымалы келеді, бірақ та көбінесе жіп немесе гранула тәрізді болады. Басқа формалары да кездеседі: жұмыр, сопақша, таяқ, сақина, жұлдыз, спираль тәрізді формалары.

Митохондриялардың формасы әр түрлі организмнің клеткалары мен бір организмнің бір органдары мен тканьдарында ғана әр түрлі болып қоймайды, бір клетканың өзінде оның тіршілігінің түрлі кезеңінің өзінде де әр түрлі болады. Түрлі әрекеттердің әсерінен митохондриялардың формасы өзгереді. Мысалы, ортаның Рн, осмостық қысым, температура өзгергенде митохондриялардың бір формасы екінші формасына айналады. Кейде бір клетканың өзінде де оның түрлі участогінде түрлі митохондрия түрліше болады. Мысалы ішек эпителийі клеткаларының жоғарғы және ядро мңындағы участоктерінде митохондриялардың формасы таяқ тәрізді болса, клетканың негізінде дән тәрізді болады.

Митохондриялардың үлкендігі де бірдей болмайды. Клеткалардың әр типіндегі митохондриялардың үлкендігі мен саны сол клетканың энергияны қажет етуіне тәуелді. Соның өзінде де клеткалардың көпшілігінде олардың жуандығы біршама тұрақты болады (0,5 мкм), ал ұзындығы айнымалы келеді; жіп тәрізділерінің ұзындығы 7-10 мкмк дейін жетеді.

Клеткадағы митохондриялардың орналасуы әр түрлі болуы мүмкін. Көбінесе цитоплазмада бірқалыпты шашыраңқы орналасады. Әдетте АТФ көп жұмсалатын участоктерінде жиналады. Мысалы, скелет етінде митохондриялар миофибриллалардың маңына топтасады. Сперматозоидтарда митохондриялар оның талшығын қоршап орналсқан спиральдық қап құрайды, оның себебі сперматозоид құйрығының қозғалысына АТФ-тің қажетіне байланысты болуы керек. Қарапайымдылар мен кірпікшелі басқа клеткаларда да митохондриялар кірпікшелердің негізіндегі клеткалық мембрананың тікелей астында орналасады. Нерв клеткаларының аксондарында синапстардың жанында орналасады.көп мөлшерде белоктарды синтездеуші, секрет бөлуші клеткалар да митохондриялар эргастоплазма зонасымен тығыз байланысты. Кейбір жағдайда митохондриялар ядроның маңына немесе цитоплазманың шеткі участоктарына жиналады. Митоз процесі кезінде митохондриялар ұршықтың жиынына шоғырланады, ал клетка бөлінгеннен кейін жаңа пайда болған жас клеткаларға тең бөлінеді.

31. Клетка ядросының химиялық құрамының және құрлысының ядроның функциясымен байланысын түсіңдіріңіз. Ядро – клектканың аса маңызды оргоноиды. Ол тіршілік үшін көптеген қажетті қызметті реттейді. Ядросы бар ағзалар – эукариоттар деп аталады. Тірі ағзалардың ерекше бір қасиеттерінің бірі – көбею,ол ядромен тікелей байланысты. Кейбір ағзаларда ядросы болмайды, оларды прокариоттар деп атайды. Ядро аппаратының негізгі қызметі:Тұқым қуалау хабарының екі еселенуі және оның клеткадан клеткаға берлуі;ДНҚ молекуласында ДНҚ арқылы жүретін транскрипсия процесіне бағыныщты. Ядро тек цитоплазмалық ортада өмір сүре алады. Ол түқымқуалаушылық мәліметтерін сақтайтын жөне түзетін орын болып саналады. Ядро осы клетканың және осы организмнің белгілерін бүтіндей дерлік айқындайды. Сонымен бірге зат алмасу процесін басқаратын және цитоплазманың органелдерінің қызметін бақылайтын орталық. Егер клеткадан ядроны алып тастар болсақ, онда ол клетка коп кешікпей өледі.Әдетте клеткада бір ядро болады, бірақ балдырлардың кейбір түрлерінде және саңырауқұлақтарда кәп ядролы клеткалар болады. Бактерия мен кокжасыл балдырлардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бірақ оның құрамына кіретін заттар олардың цитоплазмасыңда болады. Яғни ядро шашыраңқы жағдайда (диффузном) болады.Ядроның формасы алуан түрлі болады, бірақ ол әдетте клетканың формасына сәйкес келеді: паренхималық клет-каларда ядро коп жағдайда шар тәрізді, ал прозенхималық клеткаларда линза тәрізді немесе ұршық тәрізді больш келеді.Жабық тұқымды осімдіктердің вегетативтік органдарының клеткаларының ядросының диаметрі әдетте 10—25 мкм.-ге тең. Зең саңырауқұлақтарының ядросының диаметрі 1— 2 мкм.-ден аспайды, ал хара балдырларында ол 2,5 мкм.-ге дейін жетеді. Онтогенез процесінің барысыңда ядроның формасы, молшері және клеткада орналасқан жері озгеріп отыруы мүмкін. Мысалы, жас клеткаларда ядроның келемі мен протопластың жалпы арасалмағы 1:4-тен 1:5-ке дейін, ал толық жетілген және қартайған клеткаларда 1:20-дан 1:200 дейін барады. Мұндай арасалмақтың бұзылуы не клетканың болінуіне, не оның олуіне әкеліп соғады.Оптикалық микроскоппен қарағанда ядро 1—3 қара дақтары, яғни ядрошықтары бар копіршіктер түрінде көрінеді.Ядроның құрылысы (структурасы) жөніндегі қазіргі кездегі көзқарас, оны фазалық контраст тәсілін қолдануға және электронды микроскоппен қарап зерттеуге негізделген. Ядроның құрылысының жалпы жоспары барлық клеткаларда (өсімдіктердің де, жануарлардың да) бірдей болады. Ол мынандай органелдерден: ядро қабықшасынан, нуклеоплазмалардан, хромосомдардан, ядрошықтан тұрады.Ядро қабықшасы. Ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан боліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады.Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (озгеріп отырады). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60—80 нм. тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (Ядро қабықшасы кулум) жақын, оның сыртқы (сызба-нұсқасы): 1-ішкі мембра- мембранасынан, тіптен цина; 2-перинуклеарлы кеңістік; 30—100 нм. болатын күрделі құрылым, олар арқылы макромолекулалар нуклеоплазмадан гиалоплазмаға және керісінше өтіп жатады. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті. Нуклеоплазма. Бұл ішінде хромосомдар мен ядрошықтар орналасқан коллоидты ерітінді. Нуклеоплазманың құрамына әртүрлі ферменттер, нуклеин-қышқылдары кіреді. Ол ядроның органелдерінің арасындағы байланыстарды ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге олар арқылы өтетін заттарды тасымалдайды.Хромосомдар. Бұл тек электронды микроскоппен көрінетін, өте жіңішке (10 нм.) жіп тәрізді құрылымдар. Ядро бөлінген кезде олар спираль тәрізді ширатылады, нәтижесінде қысқарып жуандайды және оптикалық микроскоппен көрінеді. Хромосомдар көптеген бояғыш заттарды (красители) бойына сіңіруге және белсенді түрде боялуға қабілетті болып келеді.Химиялық құрамы жағынан хромосом ДНК-дан және белоктан тұратын нуклепротеид. ДНК-ның молекуласының құрамдық бөлігі (мономері) нуклеотидтер болып келеді. Нуклеотидтің үш компоненті болады — фосфор қышқылының қалдығы, қант дезоксирибоза және төрт азоттық негіздердің бірі: аденин, гуанин, тимин, цитозин. Нуклеотидтер кез келген реттегі ұзын тізбекке бірігеді. ДНК-ның молекуласы осындай аса ұзын екі тізбектен тұрады, олар өзара азоттық негіздермен байланысқан. Оның ішінде аденин барлық уақытта тиминмен, ал гуанин цитозинмен байланысады. Осындай қосарланған тізбек өсті айнала орап тұрады. ДНК-ның молекуласының ең қажетті қасиетінің бірі — репликация (самоудвоение- өздігінен екі еселенуі). Бұл жағдайда екі қатар тізбек ажырап кетеді, олардың әрқайсы жоғалтқан бөлігін қайта түзеді. Клеткаға қажетті ерекше (специфический) белоктың синтезделуін қамтамасыз ететін ДНК-ның молекуласының бөлігін геном деп атайды. Әрбір организмге тән, ДНК-ның молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу жүйелілігін (последовательность) генетикалық код деп атайды.ДНК-ның құрамын айқыңдау жаратылыстануда ерекше жаңалық болды. Оны арнайы химиялық және рентге-ноструктуралық тәсілдерді қолдана отырып ағылшын ғалымдары Дж. Уотсон мен Ф. Крик (1953) ашты. Бұл жаңалық тұқымқуалаушылықтың молекулярлық механизмін түсіндіріп берді.Белок хромосомда ДНК-ның молекуласының үстінде қаптама (футляр) түрінде орналасады. Хромосомның алғашқы тартылған жері болады (спиральданбаған бөлігі), онда центромер орналасады, кейде хромосомның екінші рет тартылған бөлігі де кездесіп отырады. Соңғысы кішкентай спутник деп аталынатын үзіңдіні (фрагмент) хромосомнан бөліп тұрады.Өсімдіктің өрбір түрінің клеткаларыңдағы хромосомдардың саны әдетте тұрақты болады. Саматикалық клеткаларда19 бұл сан жүп болады (2п). Ол хромосом саны тақ болып келетін (п) екі жаныс клеткасының қосылуының нәтижесінде пайда болады. Ядрошык, Ол диаметрі 1—3 мкм. болатын сфера тәрізді денешік. Ол негізінен белоктан жөне РНК-дан тұрады. РНК-ның молекуласы, ДНК-ның молекуласы секілді нуклеопротеидтердің тізбегі болып табылады. Бірақ РНК-ның нуклеотидінде дезоксирибозаның орнында рибоза, ал тиминнің орнында урацил болады. РНК-ның молекуласының, ДНК-ның молекуласынан айырмашылығы сол, ол нуклеодиттердің бір ғана тізбегінен тұрады.Ядрошық әдетте хромосомның екінші реттік тартылған бөлігімен байланыста болады. Сондықтанда бүл бөлікті ядрошықты ұйымдастырушы (түзуші) деп атайды, онда рибосомдық РНК-ның матрицалық синтезі түзіледі. Содан соң рибосомдық РНК белокпен қосылады, нәтижесінде рибонуклеопротидтердің түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер рибосомның бастамасы болып табылады, олар алдымен нуклеоплазмаға, содан соң ядро қабықшасының поралары арқылы цитоплазмаға өтеді, осы жерде олардың толық қалыптасуы аяқталады.Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных