ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Прокариот және эукариот клеткаларының рибосомдарын салыстырмалы түрде сипаттап беріңіз.Рибосома (лат. rіbes — ағыс және грек. some — дене) — ақуыз синтезін жүзеге асыратын жасуша-ішілік органоид. Рибосомалар - екі орташа: үлкен және кіші өлшем бірлігінен тұрады. Нәруыздар биосинтезін (нәруызда аминқышқылдарды қосады) іске асырады. Рибосома тірі организмдердің барлығынан дерлік табылған. Әр жасушада шамамен 1000-нан 10000-ға дейін Рибосомалар болады. Шамамен диам. 20 нм-дей. Рибосомалар екі класқа бөлінеді: 70S және 80S (S-седиментация коэфф., Сведберг бірлігі). 70S Рибосома ядросы жоқ прокариоттар жасушаларында, ал 80S Р-лар эукариоттардың цитоплазмасында болады. Химиялық құрамы жағынан Р-лар РНІ-нан және ақуыздардан тұратын нуклеопротеид болып саналады. 70S Рибосомасының 60 — 65%-ы РНҚ және 35 — 40%-ы ақуыздан, ал 80S Рибосомасының 50%-ыРНҚ-дан, 50%-ы ақуыздан құралады. Құрылымы жағынан Рибосомалар үлкен және кіші суббөліктерден тұрады. Олар жасуша цитоплазмасындағы Mg иондарының концентрациясына байланысты диссоциацияланып (молек. ыдырауы) және реассоциацияланып (молекулалардың қайта бірігуі) отырады. Рибосомалар жасушада ақуыз синтезіне қатысатын құраушыларды ұстап тұру, оларды бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Рибосомалар цитоплазмада топтасып (5-70-тен) орналасып, полисомалар (полирибосома) түзеді. Рибонуклеопротеидтен құралған (протеин пен РНҚ) рибосомалар жасуша цитоплазмасында базофилді боялады, олардың құрамында ферменттер де кездеседі. Рибосома митохондриялар құрамында да болады. Бос рибосомалар жасушаның өзіне керекті протеиндерді, ал эндоплазмалық тор қабырғасындағы рибосомалар жасушадан сыртқа шығарылатын протеиндерді түзуге қатысады. Прокариот және укариот организмдерінің рибосомдары көлем бойынша өзгешеленеді. Диссоциация кезінде прокариоттарда 30S және 50S, ал эукариоттарда 40S және 60S суббөліктері пайа болады. Бактериальды рибосомдар 3 млн-ға жуық молекулалық массасымен 70S- бөлік ретінде белгіленеді. Ал одан да кішкене үлкен рибосомдар эукариот организмдерінде 80S-бөлік ретінде көрінеді. Олардың диссоциация кезінде суббөліктерге бөлінуі қайтымды, қайта қалпына келген кезінде суббөліктері реассоциацияланып толық рибосом бөліктеріне айналады. Эубактерияның 70S рибосомдарының құрамында 55-60 рибосом белоктары, эукариоттардың 80S рибосомдарында 75-85 рибосом белоктары бар. 30S-суббөліктері 21 рибосом белоктары мен рибосомдық РНҚ 16S бір молекуласынан тұрады. 50S-суббөліктері 34 белок молекулаларынан және рибосомдық РНҚ (23S және 5S) екі молекулаларынан тқрады. Эукариот клеткаларының цитоплазмасында 80S рибосомдары екі суббөліктерден үлкені 60S және кішісі 40S тұрады. Рибосом суббөліктері бактериальды рибосомдарға қарағанда құрамында әртүрлі белоктардың мөлшері көп болады.
33. Центросомды циклдың маңызын түсіндіріңіз. Негізінен алып қарайтын болсақ Центросома - (centrosoma, лат. centum — орталық, soma — дене) — жасуша каңқасын жасайтын, митоздық бөлінуді іс жүзіне асыратын және жасуша қозғалысын қамтамасыз ететін жарғақсыз органелла болып табылады. Центросома немесе жасуша орталығы — жасуша ядросы мен Гольджи кешеніне жақын орналасады. Центросоманы Флемминг пен Бенеден 1875-1876 жылдары ашты. Бұл органелла негізінен адам мен жануарлардың барлық жасушаларында және кейбір өсімдіктер жасушаларында кездеседі, ал жоғары сатыдағы өсімдіктер мен қарапайымдарда болмайды. Центросома екі денешіктен (центриольден) тұрады. "Центосома" деген терминді Г. Боверн 1875 жылы ғылымға енгізген. Жасуша орталығы (клеточный центр) — адам мен жануарлардың барлық және кейбір өсімдік жасушаларында болатын, жасушалардың митоздық бөлінуін қамтамасыз ететін органелла. Жасуша орталығы - цилиндр тәрізді бір-біріне тік бұрыш түзіп орналасатын екі денешік. Бұларды центрольдер деп атайды. Центриоль қабырғасы әрқайсысы үш микротүтікшеден түзілетін 9 топтан тұрады. Ортасындағы осы екі микротүтікшеден түзілген. Бұл органоид жасушаның бөлінуі кезінде, бөліну ұршығын түзеді. Бөліну ұршығы хромосомалардың полюстерге ажырауын қамтамасыз етеді. Клетка орталығы екі центриольден (диплосома) және центросферадан түзіледі. Бұл органелла өз атын цитоплазманың терең бөліктерінде ядроның жанында немесе Гольджи аппаратының бетінде орналасуына байланысты алған. Екі центриоль – диплосома бір-біріне бұрыштап орналасады. Клетка орталығының негізгі қызметі – микротүтікшелерді құрау. Әрбір центриольдің қабырғалары ұзындығы шамамен 0,5 мкм, ал диаметрі шамамен 0,25 мкм болатын микротүтікшелердің тоғыз микротүтікше кешенінен құралған цилиндр болып келеді. Әрбір кешен үш микротүтікшеден құралып, триплет деп аталады. Триплеттер бір-бірінен 500 бұрыштықта орналасып, үш микротүтікшелерден құралады. Олар, әрқайсысының диаметрі 20 нм толық А және толық емес В мен С. А түтікшесінен екі тұтқа кетеді, оның біреуі көршілес триплеттің С түтікшесіне қарай, ал екіншісі цилиндрдің орталығына қарап жатады. Цилиндр орталығында ішкі тұтқалар жұлдыз немесе дөңгелек спицалар пішіндерін түзеді. Центриольдер өзара перпендикуляр – орналасады. Біреуі өз ұшымен екіншісінің бүйір бетіне сүйене орналасады. Біріншісі – баласы, ал екіншісі анасы деп аталады. Бала центриоль аналық центриольдің бөлінуінен пайда болады. Аналық центриоль шар тәріздес сателлиталардан құрылып әрбір триплеттің сыртқы бетімен тығыз затпен байланысқан электронды тығыз белдікпен қоршалған. Аналық центриольдің орта бөлігі гало деп аталатын фибриллярды құрылым кешенімен қоршалады. Микротүтікшелер триплеттері аналық центриольдің түбінде электронды тығыз жиынтықтар – тамыршалармен байланысады. Сателиттер ұшына және гало ауданына цитоплазма арқылы тубулиндер тасымалданып, осы арада микротүтікшелер жасақталады. Жасалған микротүтікшелер цитоплазманың әр бөлігіне, цитоқаңқа құрылымында өз орындарына орналасу үшін, тарайды. Центриольдер мен сателиттер айналасындағы гиалоплазма аумағын центросфера деп атайды. Центриольдер клетка циклінде екі еселенетін өздерін реттеуші құрылым. Екі еселену кезінде центриольдер екі жаққа алшақтайды, аналық центриольдің базальді ұшына перпендикуляр тоғыз жеке микротүтікшелер құрылған ұсақ процентриоль пайда болады. Тоғыз жеке-жеке микротүтікшелердің әрқайсысына тубулиннен тағы екі микротүтікше қосылады. Центриольдер базальді денешіктер, кірпікшелер мен талшықтар түзуге және митоз ұршығын түзуге қатысады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|