Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Kmobile activ kcell 7 страница




39. Туристік және мейрамханалық қызмет маркетингін қарастырыңыз.

Туризм көптеген фирмалар мен аспектілерде көрінеді сондықтан оған жалғыз анықтама беру мүмкін емес. Сонымен бірге туризм концепциясын сипаттау және мүмкіндігінше нақты анықтама беру келесі себептерге байланысты:

- туризмді әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде тану, анализдеу және болжау;

- туризмді статистикалық зерттеу үшін;

- көптеген мемлекеттер мен бірлестіктер заңдарында көрсетілген экономикалық және құқтық жеңілдіктерді тарату үшін.

Қазіргі кезде туризм индустриясының өсуінің негізгі факторлары: халық табысының өсуі; урбанизацияның өсуі; бос уақыттың көбеюі; инфрақұрылымның дамуы; халықаралық тауар айырбасының дамуы;

Туристік қызметтер – бұл адамдардың бос уақытында қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қызметтер сферасының үлкен бөлігі.

Туристік фирмалар бағалары прайс-листтерде көрсетіледі. Прайс-лист бүкіл маусымға жасалады. Прайс-лист нарықтық барлық сегменттерінің талаптарына сай болуы тиіс.

Жақсы жасалған прайс-лист тұтынушыға келесідей мүмкіндіктер береді:

- фирма бағаларын бәсекелестер бағасымен салыстыру мүмкіндігі;

- маусымға байланысты бағаның өсуін және төмендеуін анализдеу;

- болашақ саяхатты үйде есептеп жоспарлай алу.

Жарнаманың потенциалды тұтынушылары ретінде халықтық үш тобы бөліп көрсетіледі: 1) жарнама затына қажеттілігі бар, және ол туралы ақпарат іздеушілер; 2) жарнама затына қатысты белгісіздік және немқұрайлық қалыптағылар; 3) қажеттілігі бар, бірақ белгілі бір себептерге байланысты жарнама затына теріс қарайтындар.

Өткізуді ынталандыру – бұл нарықтың жауапты реакциясын күшейтуге немесе жылдамдатуға бағытталған ынталандырушы әсер құралдарын қолдану.

Ынталандыру құралдары (сайыстар, купондар, сыйақылар, жеңілдіктер) 3 сипатты қасиетке ие: 1) назар аудартады және тұтынушыны тауарға әкелетін ақпаратқа ие болады; 2) тұтынушы үшін құнды болып табылатын жеңілдік, льготаларды білдіреді; 3) дереу сатып алу немесе шарт жасауға итермелейтін нақты ұсыныстарды қамтиды.

Агенттерді ынталандыру жоғары комиссия, сыйақы, ортақ маркетингтік шаралар(зерттеу, жарнама науқаны) арқылы жүзеге асырылады. Жеке сату техникасы. Бұл сатып алушының сұранысын қалыптастырудың өте көне және кең қолданылатын ең сенімді және тиімді әдісі, себебі сатушы мұнда сатып алушылармен тікелей қатынасқа түседі. Көптеген компанияларда жеке сату әдісіне жарнамаға қарағанда көбірек қаржы бөлінеді (сатудан 8-15%).

Туристік зерттеулерді жүргізу процесі келесі кезеңдермен көрсетілген:

1. проблеманы анықтау. Проблеманы анықтап зерттеу мақсатын қалыптастыру;

2. ситуациялық анализді жүргізу. Бұл этапта берілген проблемаға қатысты қолдағы ақпарат жиналып өнделеді. Бұл этаптың мақсаты – дәл осындай жағдай басқа фирмада болған жоқ па немесе берілген проблеманың шешімі бар ақпарат қалып қойған жоқ па екенін анықтау;

3. Зерттеуді жүргізудің схемасын жасау. Барлық сәйкес ақпараттар жиналғаннан кейін зерттеу жүргізілетін белгілі құрылым жасалады. Зерттеу процесінің ядросы болып табылатын бұл этапта кейіннен тексерілетің гепотезалар жасалып, қажетті ақпарат типі мен көзері анықталады. Егер егістіктік зерттеу қажет екені анықталса онда сауалнама жүргізілетін таңдаманы дайындау керек. Сонымен алдындағы элементтерді тексеру үшін қосымша зерттеу жүргізу керек. Нәтижелері жоспар ретінде ұсынылады.

4. Мәліметтер жинау. Мәліметті қосымша ақпарат көздерінен алу мүмкін болған жағдайда қолда бар ақпараттың кабинеттік зерттеулері жүргізіледі. Бірінші ретті ақпаратты жинау кезінде егістіктік зерттеу жүргізіледі, оның негізгі әдістері бақылау, сұрау, эксперимент.

5. Ақпаратты кесте түрінде көрсету және анализ. Мәліметтер жиналғаннан кейін ақпарат кодталып, кесте түрінде ұсынылып, анализделеді.

6. Мәліметтер интерпритациясы.

7. Есепті(отчет) құрастыру. Бұл этапта проблеманың шешімі бойынша рұқсат етілген ұсыныстармен толық есеп жасалады.

Бақылау. Зерттеу жүргізу бойынша жұмыс алынған нәтижелері әрекетке келмегенше аяқталмаған болып есептеледі.

Туристік пакет төрт міндетті элементтен тұрады: туристік орталық, көлік, орналастыру қызметі, трансфер. Олар келесі суретте көрсетілген:

Туристік пакет
Туристік орталық
Көлік
Орналастыру қызметтері
трансфер

 

40 Білім жүйесінде маркетингті қолдануды қарастыңыз.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

қстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Білім жүйесіне мемлекет тарапынан тікелей әсер ету-оның негізінен материалдық-техникалық базасын нығайту, экономикалық-материалдық ресурстарын жетілдіру мен жаңғыртуға келіп саяды. Ол әрбір елдің мемлекеттік басқару саясатында білімді дамытуға дер уақытында басым бағыт берілуіне, елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.

Көптеген дамыған елдер өткен ғасырдың ортасында-ақ білімді дамыту мәселесін мемлекет саясатының басым бағыты есебінде белгіленеді.

Өкінішке орай, Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда білім беруге жұмсалған мемлекеттің қаржы шығыны 1990-2003 жылдары аралығында қауырт қысқарды. Айталық, 1990 жылы ол ІЖӨ-нің 8,2% құраса; 1995-4,5%; 2003-3,1%-ге дейін төмендеген.

Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім мен ғылымның сапалық жаңа деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан кешенді іс-шараларды өткізу және оларға тиісті қаражат бөлу мәселелері қарастырылып отыр. оның ішінде үздіксіз білім жүйесінің құрылымын өзгерту, ақпараттандыру, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту, мұғалімдерді даярлау және қайта даярлау жүйесін дамыту қарастырылған.

Ең күрделі және маңызды нәрсе-білім жүйесін мазмұндық өзгерту, оның ішкі мүмкіндіктерін пайдалану, білім сапасын арттыру тетіктері мен формаларын жетілдіру болмақ. Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін дамыту білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау, оқушыларға берілетін білімнің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқыту технологиясын өзгерту арқылы жүргізіледі. Ал, мұның өзі жаңа мазмұндағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды әзірлеуді, педагогикалық университеттердегі мұғалімдерді және даярлау мазмұнын өзгертуді, мұғалімдерді және басшыларды қайта даярлауды, білім жүйесінің барлық сатыларының үздіксіздігі мен үндестігін қайта қарауды талап етеді.

Қазіргі кезде қолданыстағы білім жүйесі жан-жақты сынға алынғанда, орта мектептегі білім мазмұны көбіне өмірге жарамсыз білім жиынтығын беруге лайықталып келгендіктен, ол білім жүйесі сапасының сын көтермейтіндей дәрежеде төмендеуінің және оның қазіргі қоғам талаптарына сәйкес келмеуінің негізгі себебі деп есептелуде. Осыған байланысты еліміздің орта мектебін әдіснамалық құрылымдық және мазмұндық тұрғыан түгелдей қайта құру ұсынылуда.

Еліміздің білім моделі ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделіп құрылып, ұлт мүддесін басым бағытта бере отырып дамытылуы тиіс. Жасөспірімдерге берілетін білім мен тәрбие мазмұны, ұлтымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі даналығынан, тарихи мәдени мұраларынан, асыл дәстүрлерінен, ұлы педагогтеріміз бен ғұлама-гуманистеріміздің классикалық философиялық ой толғауларынан, ғұламалық бұлақтарынан, яғни тереңге бойлаған түп тамырынан нәр алып, табиғи таза мәдени-рухани құндылықтармен қаныққан болуы тиіс. Білімі мен технологиясы жедел өрлеп, экономикалық және қоғамдық тұрақты даму жолына түскен Жапония, Франция, Финляндия, Швеция сияқты елдердің тарихи тәжірибелері осының айқын дәлелі.

41. Алматы қаласындағы «Қазжол» қонақүйінде қызметтің келесі түрлері көрсетіледі. Таңертеңгі ас – «шведтік үстел» ванна/душ, спутниктік теледидар, халықаралық телефон байланысы,жаңа үлкен мейрамхана, 3 конференц зал, бизнес-ланч, жаздық кафе, шетелдік азаматтарды тіркеу, кондиционер, әр бір нөмерде интернет, көліктік қызмет, электронды почта, шаштараз, химиялық тазарту, кір жуатын орын, сауна, несиелік карталармен жұмыс істеу, мини-бар, жас жұбайларға арналған люкс номері. Осының ішінен негізгі және қосымша қызмет көрсетуді ажыратып көрсетіңіз.

Қонақ үйдің қызметі еліміздің басты қалаларының бірінде орналасуы маңызды болып табылады, яғни тұрғыны көп шет елдерден болсын немесе қалалардан келетін қонақтарымызға ұсынатын люкс болсын кез келген бөлмелер бар. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді негізгі және қосымша қызмет бойынша ажыратып көрсететін болсақ.

Негізгі қызметтер Қосымша қызметтер
Бөлме нөмерлерін тарату (арнайы бөлмелер, люкс бөлмелер, жас жұбайларға арналған бөлмелер.) 3 конференц зал (көбіне персоналдардың бас қосу жиналыстары болады.)
Азаматтарды тіркеу (шетел азаматтарын тіркеу) Бизнес-Ланч
Несиелік карталармен жұмыс жасау Жаздық кафе (жыл мезгіліне байланысты)
Таңғы ас (шведтік үстел) Кондиционер (жаз мезгілінде салқындатқыш ретінде ал қыс мезгілінде жылыту жүйесі бойынша)
Ванна/Душ Электронды почта
Спутникті теледидер шаштараз
Халықаралық телефон(шетел азаматтары болған жағдайда міндетті түрде шет елдермен байланысу үшін халықаралық байланыс жүйесі болу қажет.) Химиялық тазарту
Көліктік қызмет(келген клиенттердің көліктеріне арналған автотұрақтар болуы қажет, көлік жуу т.б) сауна
Жаңа үлкен мейрамхана (клиенттердің таңы, түскі, кешкі астарының дәмді болуын міндетті түрде басты назарда ұстау қажет.) Мини бар
Әрбір нөмерде интернет  
Кір жуатын орын  

42. Соңғы он жылдағы компьютерлік және телекоммуникациялық қызметтердің басқа салаларға тигізетін ықпалын талдап, мысал келтіріңіз.

Еліміздегі телекоммуникация нарығының көрсеткіштерінің динамикасын салыстыра отырып, қарапайым халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін жетілдіріу қажеттілігі туындайды. Қазақстандық телекоммуникация нарығының тағы бір ерекшелігі – бұл жергілікті телекоммуникациялық компаниялардың даму деңгейі нарықтық жағдайға байланысты көп өзгерістер енгізіліп жатқан жоқ. Кестедегі көрсеткіштерден көріп отырғандай сала бойынша мақсатты индикаторлар саны жыл сайын артып келетінің байқауымызға болады. Бүгінгі таңдағы ең басты проблема – біздегі халықаралық байланыс тарифтері жақын шет елдермен және дамыған еуропалық елдермен салыстырғанда ең жоғарылардың бірі болып отыр. Бұл мәселе саланың дағдарысқа қарамастан өскенін және бұл бағыттың әлі де жалғасатынын көрсетеді. Телекоммуникация саласындағы индикаторлардың әлі де өсуіне еліміздегі қабылданып, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен маңызды стратегиялық құжаттар негізінде болжам жасауымызға болады.Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (мемлекет күш жігері негізгі бес бағытқа бейімделеді, соның салаға қатысты бөлігі ‑ экономиканы жедел әртараптандыру);Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы;Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясы (жалпылама еліміз деңгейінде коммуникациялық корридорларды нығайту, қалыптастыру мәселелері);2010-2014 жылдарына арналған қарқынды индустриалдық‑инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрсетілгендей бес негізгі бағыттың белгіленген деңгейде нақты көрсеткіштерге жетуі үшін қазіргі заманға сай коммуникациялық инфрақұрылымның болуы маңызды фактор. Өйткені заманауи нарық шағын және орта бизнес өкілдерін байланыстың сан алуан түрлерімен ұштастыруда және осының нәтижесінде коммуникация құралдарының тұтынушысы ретінде қарастырылатын бизнес өкілдері тек қана инновациялық және тиімділігі жоғарғы құралдарды пайдаланатынын, ал осыны ескере отырып жоғарыдағы көрсеткіштердің әлі де даму үстінде болатынын болжауға негіз бар. Телекоммуникация нарығының даму көлемі ЖІӨ өсуінің жыл сайынғы 25-35% -ын құрайды. Компьютерлік қызметтің көптеген салаларға ықпалы зор мәселен кәсәпкелікке бизнес ашуға.

43. Почта арқылы жүргізілетін сауданың дәстүрілі саудадан ерекшеліктері қандай? Өзіңізді почта арқылы сауда жүргізетін фирма басшысымен деп есептеп, тиімді бағдарламаңызды ұсыныңыз.

Қазіргі 2012 жылы Қазақстанда интернет-сауда саласындағы жылдық тауар айналымы 400 млн. доллар болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 600 млн.долларды құраған.«Қазақстанда интернет-сауда қарыштап дамып келеді. Бұдан екі жыл бұрын қазақстандық интернет-дүкендердің транзакциялары 10 пайызды ғана құраған. Яғни, тұтынушыларымыздың интернет арқылы тауар алуға жұмсаған ақшаларының 90 пайызы шет елдік интернет-дүкендердің кассасына түсіп жатты. Ал қазір, транзакциялардың 27 пайызы қазақстандық интернет-дүкендерде қалып жатыр. Қалған 71 пайызы шет елдік интернет-дүкендерге төленеді. Демек, шет елдік интернет дүкендерге деген сенім әлі де басым. Дегенмен, өзіңіз көргендей соңғы 2 жылдың ішінде Қазақстанда жасалатын интерент-сауданың айналымы 3 есеге артып отыр. Демек, осы саладағы түрлі акциялар, конференциялар бекерге өткізіліп жатқан жоқ. Адамдар интернет арқылы ақша табудың жолдарын үйрене бастады» - деді К. Горожанкин.«Дегенмен, қазақстандық тұтынушылардың әлі де болса интернет арқылы тауар сатып алуға деген сенімі жоғары емес», - дейді өз кезегінде бүгінгі конференцияны ұйымдастырушы «KazNet Events» компаниясының директоры Анна Осипова. Оның айтуынша, қазақстандық тұтынушылар интернет арқылы сауда жасауға әлі де болса жүрексінеді «Адамдар деректерімді ұрлатып алармын деп қорқады. Карточка арқылы, мобильді әмиән арқылы есеп айырысуға сенімсіз, комиссиялары қымбат деп бара бермейді. Тауарды көзбен көріп, қолмен ұстап, тексеріп алмаған соң сауда бола ма, Интернет арқылы сатып алынған тауар ертең сапасыз болып шықса не ісеймін деп, тағы ойлайды. Яғни, бізде әлі де болса интернет арқылы сауда жасау мәдениеті қалыптаспаған. Сондықтан, осындай қорқыныштар болмау үшін заңмен қарастырылған заңды түрде қызмет ететін интернет саудамен айналысатын дүкендерді бақылауда ұстауды ұсынамын.

 

 

44. Неліктен кейбір қаржы ресурстары мол ірі өндірушілер өз өкілеттіліктерін құрудан гөрі, келісім шарт негізінде дилерлермен өзара қарым қатынас қалыптастыруға ұмтылады. Мысал келтіріп көріңіз.

Дилер (ағылш. dealer – саудагер‚ сатарман) – бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Ол лицензия бойынша дилерлік қызметті жүзеге асырады; тауарларды‚ бағалы қағаздарды‚ валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Делдалдан өзгеше түрде олар‚ әдетте‚ өз атынан және өзінің есебінен әрекет етеді. Дилер делдалдық фирмалардың‚ инвестициялық банкілердің‚ сақтандыру компанияларының қызметшілері емес. Олар арнаулы дайындықтан өтуге‚ емтихан тапсырып‚ жұмысқа ресми лицензия алуға тиіс. Дилер бір-бірімен‚ делдалдармен және тікелей тапсырыскерлермен мәміле жасасады‚ олардың пайдасы сатушы мен сатып алушы бағамдарындағы айырма‚ сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздар бағамының өзгеруі есебінен құралады. Дилерлер бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қатысушы болып табылғандықтан олармен жұмыс жасау өндірушілер үшін тиімді болып табылады, сол себепті олар дилерлерді таңдайды.

 

45.Дилер кімнің атынан және кімнің есебінен іс-әрекет жасайды.Неліктен дилерлерді тану қиын? Қазақстандағы қандай ірі дилерлік орталықтарды білесіз? Олардың қызмет сапасына баға беріңіз.

Дилер (ағылш. dealer – саудагер‚ сатарман) – бағалы қағаздар нарығына кәсіпқой қатысушы. Ол лицензия бойынша дилерлік қызметті жүзеге асырады; тауарларды‚ бағалы қағаздарды‚ валютаны сатып алу-сату мәмілесі кезінде делдалдық міндеттерді жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға. Делдалдан өзгеше түрде олар‚ әдетте‚ өз атынан және өзінің есебінен әрекет етеді. Дилер делдалдық фирмалардың‚ инвестициялық банкілердің‚ сақтандыру компанияларының қызметшілері емес. Олар арнаулы дайындықтан өтуге‚ емтихан тапсырып‚ жұмысқа ресми лицензия алуға тиіс. Дилер бір-бірімен‚ делдалдармен және тікелей тапсырыскерлермен мәміле жасасады‚ олардың пайдасы сатушы мен сатып алушы бағамдарындағы айырма‚ сондай-ақ валюталар мен бағалы қағаздар бағамының өзгеруі есебінен құралады.

Алтай өңірі мен Сібір аймағындағы дилерлік-техникалық орталықтар қазақстандық «Бипек Авто» компаниясына берілген соң, Ресей көлік нарығының өкілдері дабыл қаға бастады. Әңгіме баға бәсекелестігі туралы болып отыр. Көрші елдің мамандары Қазақстанда шығарылатын көліктер Барнауыл, Новосібір, Томск және Красноярск дилерлік орталықтарында сатылатын болса, бәсекелестік мәселесі туындайтынын алға тартады. Біздің арнамыздың тілшілері ресейлік «Автоваз» және жергілікті «Бипек Авто» басшылығын сөзге тартқан еді. Белгілі болғандай, «Бипек Автоның» Алтай өңірі мен Сібір аймағындағы техникалық орталықтары базасында Қазақстан мен Ресейдің бірлескен кәсіпорны ашылмақ. Оның 75 пайызы қазақстандық болса, қалған 25 пайызы Ресейдің еншісінде. Әзірге орталықтарда тек «Лада» маркалы көліктер сатылмақ.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных