ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ. Дыбыс, фонема және алфавит
Әліпби немесе Алфавит (гр. ἀλφάβητος – жазу нұсқасы) — Тілде оның құрылмасын жазу үшін пайдаланылатын белгілі бір тәртіп бойынша орналасқан таңбалар жиынтығы; Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы. Әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтін идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтінлогограмма жазудан әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес келуін біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңыншы жылдардың ортасында семит халықтары ойлап тапқан. Семит тілдерімен туыстас көлбеу сызықты (курсив) арамей (көне семит тілі) әліпбиі Таяу және Орта Шығыс елдерінің бәріне дерлік тарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 – 4 ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік құрған Ахемен әулеті билеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, соғды, хорезм жазуларына негіз болған), еврейлердің шаршы жазуы, сирия-арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, жол үсті дәйекшелерімен толықтырылған араб жазуы, т.б. арамей жазуының жергілікті тармақтарына жатады. Түзу сызықты финикий әліпбиі бастапқы түрінде Кіші Азия, Грекия, Италия, т.б. елдерде қолданылды. Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5 – 4 ғ.) пайдаланған көне (“Есік жазуы”) жазу сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы (5 – 12 ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, Қытай қазақтары ағарту жүйесінде бір кездерде (1929 – 40 жылдары; 1960–1970 жылдары) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі Қазақ жазуының негізі болып саналады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді. Ол 30-шы жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957 жыл, 1970 жыл), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады да, оны жазу тілінде белгілейтін шартты белгі әріп деп аталады.Қазіргі казақ тілінде 38 дыбыс көрсетіліп жүр. Олар: а, ә, в, г, ғ, д, е, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, қ, о, ө, п, р, с, т, (дауысты), у (дауыссыз), ү, ұ, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ы, і, э. бұл жерде мына бір нәрселерді ескерту керек. 1. Жазуымызда қолданылып жүрген е, ю, я таңбалары білдіретін дыбыстар қоса (дифтонг) болып келеді, олар жеке-жеке саналатын й+о(е), й+у(ю), й+а(я) дыбыстарының қосындысы, сондықтан олар жеке дыбыс деп каралмайды. 2. Бірақ орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетін ц(т+с), ч(т+ш), щ(ш+ш) дыбыстары жеке дыбыс деп беріліп жүр, соңғы дыбыс (щ) ащы, тұщы, кеще тәрізді казақ тілінің өз сөздеріңде қос ш (ш+ш) дыбысының орнына да қолданылады. 3. Әдетте у дыбысы бір-ақ дыбыс деп саналып жүр.Шындығында дауыссыз у бір дыбыс та (мысалы, тауда, қарауында дегендегі) дауысты у одан бөлек, соңғысы ұу, үу болып, құраңды (дифонгтік) сипатта айтылады. Осындай и дыбысы — ый және ій болып (мысалы, сиыр, оқиды дегенде) құранды сипатта айтылады. Сондықтан и дыбысы жеке дыбыс десек, дауысты у да жеке дыбыс бола алады. Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес, тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|