Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдерді зерттеудің салыстырмалы-тарихи әдісі. Терминдерге түсініктеме беріңіз




Салыстырмалы-тарихи әдіс ХІХ ғасыр басында Р. Раек, Ф. Бопп, Я. Гримм еңбектерінде негізі салынған бұл әдіс салыстырмалы-тарихи тіл білімі теориясын тудырды. Оның басты қағидалары бойынша: тілдерді салыстыру арқылы олардың өзіне тән ерекшеліктерін, басқа кейбір тілдермен өзара туыстығын, бір негізден шыққанын айқындауга болады; сол арқылы тілдер туыс топтарға, отбасыларға бөлінеді; туыс тілдердің бір-бірінен айырмашылығы үздіксіз тарихи даму нәтижесінде туады.

Салыстырмалы-тарихи әдістін әлсіз жағы — туыс емес тілдердің типологиялық жағынан (әсіресе семантика, синтаксис саласында) ұқсастығын түсіндіре алмағандығында және тілдің тарихи кезеңдердегі синхрондық жүйесінің тұтас көрінісін қайта жаңғырта алмайтындығында. 20 ғ. 20 жж. тіл білімі дамуында үлкен өзгеріс тудырған структуралық (құрылымдық) әдіс пайда болды. Оның негізін салған Ф. де Соссюр, И. А. Бодуэн де Куртенэ.

Толық мағынасындағы ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді зерттеуде салыстырмалы тарихи методты қолданудың нәтижесінде, салыстырмалы тарихи грамматиканың негізінде ХІХ ғасырдың басында жасалды. Алайда, ХІХ ғасырға дейінгі тіл білімінде тілдің және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы мен олардың себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектелініп келген еді.

Tарихи-салыстырмалы әдіс – бір тілдің тарихи қалыптасқан варианттарын салыстырады, яғни бір тілдің кейінгі кездегі тілдік фактілерін сол тілдің өткен кезеңдегі тілдік фактілерімен салыстырып, олардың даму заңдылықтары, өзгерістері анықталады, олардың қазіргі тілдегі фактілерден айырмашылықтары көрсетіледі. Бұл әдіс тілдің өзгеру және даму жолдарын, олардың заңдылықтарын, оған әсер еткен ішкі және сыртқы факторларды айқындайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных