ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Тіл дыбыстарының артикуляциялық классификациясы. Артикуляция дегеніміз не? Тіл дыбыстарын артикуляциялық жақтан топтастырыңызАртикуляция латын тілінің articulare «ажыратып айтып беру» деген мағынадағы сөзі бойынша жасалған термин. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Белгілі халықтың сөйлеу мүшелерінің дыбыс шығарудағы атқаратын қызметінің қалыптасқан дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы деп атайды. Тіл дыбыстарын және олардың артикуляциялық жақтарын түсіну үшін, дыбыстау мүшелері мен олардың әрқайсысының қызметін жете білу қажет. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты деп аталады. Физиологиялық(артикуляциялық) тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады.
Сұрақ Сөйлеудің фонетикалық бірліктері. Сөйлеудің фонетикалық бірліктеріне нелер жатады? Олардың атқаратын қызметі Сөйлеудің фонетикалық бірліктері орыс. фонетические единицы речи — ритмитика-интонациялык тұрғыдан алғанда дыбыстардың үздіксіз тізбегінен жасалатын ауа толқынының бөліктері. Дыбылталу жағынан алып қарағанда, сөйлеу (речь) жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегеінен тұрады. Тізбектелген ауа толқынының нақты бөліктері Сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) деп аталады. Олар — 1. фраза, 2. сөйлеу такті, 3. сөз, 4. буын, 5. сөйлеу дыбыстары Фраза (грекше phrasіs — сөйлемше) — тіл білімі мен музыкада қолданылатын термин. 1) Аяқталған ойды білдіретін сөйлеудің негізгі бірлігі. Фраза тұтастығы белгілі бір синтаксистік құрылымның интонациялық құралдары арқылы жасалады. Кей жағдайда фразалық құрылым сөйлемнің бір бөлігі бола алады. Мәселен, сөйлемді бірнеше дербес фразаларға бөліп, интонация арқылы мағыналық реңк үстеуге болады. Сондай-ақ тыныс белгісімен ажыратып көрсетеді. Мысалы, Соғыс жүріп жатты. Барлық жерде. Соғыс.; 2) терминологиялық қолданыстарда сөйлем деген ұғымды да білдіреді; 3) екі жағынан да пауза арқылы интонацияға негізделген мағыналық бірлік. Қазақ тіл білімінде фразеологизм деген сөздің орнына кейде фразалық тіркестер деп те қолданылады. Ол – ең ірі фонетикалық единица. Бір фраза екінші фразадан кідіріс арқылы ажыратылады. Сөйлеуші екінші фразаны айту үшін бірінші фразадан кейін кідіріс жасайды. Пауза жасалғанда, дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда, сыртқа шығады. Қонағын сүймеген баласын ұрады (мақал) деген сөйлемде екі фраза бар: оның бірі - қонағын сүймеген, екіншісі - баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонация – өте күрделі құбылыс. Олар – мыналар: Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі н/е бәсеңдеп барып қайта көтерілуі. Әр тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліп төмендеуі н/е көтеріліп барып төмендеуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, одан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы, Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады. – деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады: жауын түні бойы Сіркіреп жауған басылмады Сөйлеудің темпі. Темп сөйлеудің шапшаң н/е баяу болуы дегенді білдіреді. Сөйлеудің үдемелілігі. Сөйледің үдемелілігі айтылудың күштілігі н/е әлсіздігі (демнің қатты н/е әлсіз шығуы) дегенді білдіреді. Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай, “көңілді” н/е “ойнақы”, “қапалы (қайғылы)” н/е “қорқынышты (үрке сөйлеу әуені)” болуы мүмкін. Сөйлеу әуені мен дауыс әуенін бір-бірімен шатастыруға болмайды. Такт. Фраза тактыларға ажыратылып бөлінеді. Такт – фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі. Тіл-тілдегі атауыш сөздкрдің ірқайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан, өзалдына бөлек такт бөліне алады. Ал көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды. Сондықтан олар өз алдына бөлек такт құрай алмайды. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында, не соңында келіп, олармен тіркесіп бір такт жасай алады. Буын. Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Такт буындарға жіктеліп бөлінеді. Буын бір дыбыстан н/е бірнеше дыбыстың тіркесінен жасалады. Кез келген дыбыс буын құрай бермейді. Көпшілік тілде буын жасайтын дыбыстар – дауыстылар. Дауыстылар жеке-дара күйінде де, дауыссыздармен де тіркесіп келіп буын құрай береді. Буын құрайтындар тек дауысты дыбыстар емес, мысалы, чех, серб тілдерінде де дауыссыз дыбыстар да буын құрай алады. Буын түрлері: 1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та. IV. Дыбыс. Буын дыбысқа бөлінеді. Дыбыс – ең кішкене фонетикалық единица.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|