ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Грамматика және оның салаларыГрамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' – әріп, жазу) – тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саласы. Үлкен екі саласы бар: морфология; синтаксис. Грамматика ережелерді орнату жолымен тілдік категориялар арасындағы қатынас жүйесі. Орнатылған ережелер негізінде тілді құрайтын элементтер қалыптасады және бірігеді. Бұл элементтер анық болып көрінсе де, грамматикада теориялық ұғым болып табылады, «зат есім, етістік, сын есім» сияқты. Грамматика (грек. лат. grammatike (techne) — әуел баста әріптерді оқи алу және жаза білу енері, лат. gramma — әріп) —тілдің ішкі (граммат.) құрылысы, яғни сөз тудыру, сөзжасам тәсілдерінің морфологиялық, сөз таптары мен түрлену формаларының, категорияларының, сөздің бір-бірімен байланысуы, сөз тіркесінің, сөйлем құрлысының жүйесі; тілдің граммат. құрылысын, оның заңдылықтарын зерттейтін, яғни тілдегі сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, граммат. тұлғалары мен категорияларының, сөздің бір-бірімен тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркестері құрлысын, сездердің сөйлемдегі қызметін, сөйлем жүйесін зертттейтін тіл білімінің бір сапасы. Граматика деген ұғым тілдің құрылысы ретінде де, ғылым ретінде де үш саладан тұрады: сөзжасам процесінің тәсілдері — сөз тудырудың жолдары мен түрлері, тілдің сез байлығын молайту амалдары; морфология — сөздің граммат. мағыналары мен формалары, граммат. категориялар, сөздің морфол. құрамы мен сөз таптары, олардың түрлену жүйесі мен сипаты; синтаксис — сөздердің бір-бірімен байланысу тәсілдері мен түрлері, сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысы, түрлері, сөйлемдегі сездердің қызметі. Грамматика тілдегі сөздердің түрлену, өзгеру ережелері мен сөздерден сөйлемдердің құралу ережелерін белгілейді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|