Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдердегі грамматикалық тәсіл: қосарлану




.Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі

Қосарлану тәсілі.Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсілтүркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).Қосарлану арқылы грамматикалық мағына туғызатын форма ретінде біз, әсіресе, қора-қора (қой), мая-мая (шөп) деген сияқты қосарланулар мен үстеме буын арқылы жасалып, күшейтпелі шырай мағынасын беретін қып-қызыл, сап-сары деген сияқты қосарлануларды атаймыз. Өйткені, мүндай қосарланулар тек сын есімдерге тән және олар нағыз грамматикалық мағына беретін формалар. Оның үстіне олар сын есімдерге күшейту мағынасын жамайды. Ал әке-шеше, қора-қопсы, тау-тас деген қос сөздерде лексикалық мағына бар. Бұларда сөз тудыру қызметі басым болса, жоғарғы қосарлануларда форма тудыру қызметі басым.

Тіл-тілдің лексикасында, ғылымның алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар, олар терминдер деп аталады. Дара мағыналы болу – терминдерге тән қасиет. М: аффрикат, аффикс, артикль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, оладың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады. Терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті қызмет дегендер де болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттануғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.

 


36 сұрақ Тілдердегі грамматикалық тәсіл.: бірігу. Терминге түсініктеме беріп, мысалдар арқылы дәлелдеңіз. Бірігу тәсілі сөз тудыру қызметін атқарады. Біріккен сөздердің қатарына семантикалық тұтастығымен де, синтаксистік тұтастығымен де сипатталатын қазақ тіліндегі асқазан, атшабар, отағасы, басқұр, көлбақа, әркім деген сөздер мен өзбек тіліндегі алабұға, билиг жүзүк (білезік), отқозан (асқазан), орыс тіліндегі камнетес (тас қашаушы), водовоз (су тасушы) тб осылар тәріздес сөздер енеді. Күрделі сөздер қатарына жатқызыдып жүрген сөздердің іщінде құрамындағы сыңарлары әр түрлі өзгерістерге де ұшырап этимологиясының күңгірттеніп кеткендері бар. Құрастырушы сыңарларының әрі фонетиккалық өзгеістерге ұшырауынан әрі ықшамдалуынан жасалған апар (алып бар), әкел (алып бар), биыл (бұл жыл) тәрізді сөздерді тарихи тұрғыдан алғанда ғана, күрделі сөздердің қатарына жатқызуға болады

.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных