Сұрақ Монғол тілдері Кесте
Моңғол тілдері — алтай макроәулетінің құрамына кіреді. Моңғолия, Қытай, Ресей және Ауғанстандағы бір-біріне ұқсас тілдерді біріктіреді. Лексикостатистиканың деректері бойынша шамамен V ғасырда жойылған.
Осы тілде сөйлеушілер — мәдениеті және тілдері ұқсас моңғол халықтары. Сонымен қатар, классикалық моңғолша 1940 жылға дейінтывалықтардың жазба әдебиетінің қызметін атқарған.Моңғол тілдеріне түркілерден көптеген кірме сөздер кірген, бірақ ол тілдік қатынастарды зерттеуге қиындық туғызады. Қазірге дейін Моңғолия мен Қытайда түрік-моңғолдық халықтар тұрады. Мысалы: хотондар, сары ұйғырлар және т.б.
Ежелгі моңғол жазбасы (классикалық ежелгі моңғол жазуы) — XIII ғ. мен XVII ғ. дейін барлық моңғол тайпаларының ортақ әдеби тілі болған.
Орта моңғол тілі (XIII-XVI ғғ.)
Буряттар
Ішкі Моңғолияның (Қытай) қазіргі замандық әдеби тілі
Орта моңғолдық кластер — құрамына қарай бір тілдің үстеуі болатын 3 тіл
заманауи моңғол тілі
халха моңғолдардың (халха) әдеби тілі — Моңғолия
шығыс, орталық және оңтүстік диалекттер — Моңғолия мен Қытай
ордос диалектісі — орталық және батыс моңғол тілдері арасында — Қытай
бурят тілі (бурят-моңғол) — Ресей, Моңғолия және Қытай
хамниган тілі
Батыс моңғол (ойрат-қалмақ, моңғол-қалмақ) тілі
классикалық (әдеби) ойрат тілі
калмақ тілі (моңғол-қалмақ, ойрат-қалмақ)
Қытай мен Моңғолияның ойрат диалектілері
Оңтүстік моңғол тобы
шира-юғур тілі — солтүстік моңғол тіліне лексикалы жақын.
моңғор тілі (ту, широнғол-моңғол). Батыс әдебиетінде екіге бөлінеді хуцзу және минхэ.
баоань-дунсян кластері
баоань тілі
дунсян тілі
канцзя
Моғол тобы
моғол тілі — Ауғанстан
Қидан тобы
қидан тілі † — қидандардың тілі
даур (дағур) тілі
Басқа ежелгі тілдер
сяньби тілі — сяньби тайпасының тілі, II—IV ғғ. қазіргі Ішкі Моңғолияның аумағында өмір сүрген.
табғаш диалектісі
Ежелгі моңғол жазбасы (классикалық ежелгі моңғол жазуы) — XIII ғ. мен XVII ғ. дейін барлық моңғол тайпаларының ортақ әдеби тілі болған.
Орта моңғол тілі (XIII-XVI ғғ.)
Буряттар
Ішкі Моңғолияның (Қытай) қазіргі замандық әдеби тілі
Орта моңғолдық кластер — құрамына қарай бір тілдің үстеуі болатын 3 тіл
заманауи моңғол тілі
халха моңғолдардың (халха) әдеби тілі — Моңғолия
шығыс, орталық және оңтүстік диалекттер — Моңғолия мен Қытай
ордос диалектісі — орталық және батыс моңғол тілдері арасында — Қытай
бурят тілі (бурят-моңғол) — Ресей, Моңғолия және Қытай
хамниган тілі
Батыс моңғол (ойрат-қалмақ, моңғол-қалмақ) тілі
классикалық (әдеби) ойрат тілі
калмақ тілі (моңғол-қалмақ, ойрат-қалмақ)
Қытай мен Моңғолияның ойрат диалектілері
Оңтүстік моңғол тобы
шира-юғур тілі — солтүстік моңғол тіліне лексикалы жақын.
моңғор тілі (ту, широнғол-моңғол). Батыс әдебиетінде екіге бөлінеді хуцзу және минхэ.
баоань-дунсян кластері
баоань тілі
дунсян тілі
канцзя
Моғол тобы
моғол тілі — Ауғанстан
Қидан тобы
қидан тілі † — қидандардың тілі
даур (дағур) тілі
Басқа ежелгі тілдер
сяньби тілі — сяньби тайпасының тілі, II—IV ғғ. қазіргі Ішкі Моңғолияның аумағында өмір сүрген.
табғаш диалектісі
43.-сұрақ Тілдердің қарым – қатынасындағы тілдердің қатар өмір сүруі араласуы тоғысуы Тілдердің араласуы – тілдік қатынастың нәтижесі ретінде тілдердің будандасуы. Тілдердің араласуы жаңа дербес тілдік бірліктер мен жекелеген тілдер бастапқыда туыстас емес екі немесе одан да көп тілдердің өзара белсенді іс-әрекеті, сөздіктердің «будандасуы», бір тілдің грамматикасын екінші тілде қолдану нәтижесінде жасалады деген болжамға негізделген. Тілдердің араласуы тілдік конвергенцияның бір түрі ретінде қарастырылады, өйткені тілдердің шекарасы бұзылады, сөйтіп, тілдердің конвергентті дамуына алғышарттар жасалады. Аралас тіл – көптілді қоғамда пайда болатын және лексикалық құрамы, синтаксистік-морфологиялық жүйесі көптектілігі арқылы сипатталатын тіл; мыс, украиндік Суржик; белорустық Трасянка; пиджин, креол тілдер және т.б. қазіргі күнде әлемде аралас тілдердің саны тұрақты бір цифрге келген жоқ, әзірше кеіп те қояды деген ойда емеспін. Себебі, бир жерде аралас тіл жойылып жатса, сол мезетте басқа жерде жаңа аралас тіл, пиджин тілі, не сауда тілі пайда болып жатады. Тарихына көз салсақ, тілдердің араласу мәселесімен ХІХ ғасырдың аяғында лингвистер айналысты. Осы мәселеге қатысты Г. Шухардттың көптеген еңбектерінің арқасында бұл тақырып әрдайым тіл мамандарын қызықтырып келеді. Аралас тіл термині екі түрлі морфологиялық жүйенің өзара араласуы айқын көрініп тұрған жағдайда қолданылады, мысалы креол тілдер. Араласу үдерісінің бірден-бір себебі қостілділік екендігіне зерттеушілер бұрыннан назар аударған. Екі тілде сөйлеуші екі тілдік жүйені араластырады, бұл жүйелер жақын болған сайын араластыру оңай болады, айталық, норвеж тілі мен дат тілінің араласу нәтижесінде риксол пайда болған. Араласу элементтері бар тіл басқа тілдерден кірме сөздер алады, бірақ морфологияны айналып өтеді. Араласудың қандай да бір элементі мүлдем кездеспейтін тілдер болмайды, бұл дегеніміз барлық тілдер қандай да бір мөлшерде араласқан деген сөз. Араласу ең алдымен сөздік қорды қозғайды. Әрбір жағдайдағы әрбір тіл үшін жеке-жеке қостілділік механизмін терең зерттей отырып қана араласу дәрежесін және әрбір элементтің қандай да бір тілге тиесілігін дәлірек анықтауға болады. Араласқан тілдердің саны шектеулі болғанмен элементтердің араласуы кез келген тіл үшін норма болып табылады. Екі тілдің араласуы нәтижесінде екеуінің біреуінің ассимиляцияланып, біреуі ығыстырылуы мүмкін. Трасянка – белорус тілінің негізіндегі аралас тіл, орыс лексикасы мен белорустік фонетика мен грамматикасы басым тіл. Суржик – орыс тілмен қосылған украин тілінің элементтері бар аралас тіл. Креол тілдер – қызметін ұлғайта отырып және құрылымына түзетулер енгізу арқылы пиджиннің белгілі бір тілдік қауымдастық үшін ана тіліне айналуы, мыс, китуба-киконго. Вайнрайхтың пікірнше, хиндустани тілінің бір тармағы парсы тілінің ықпалына түсіп, урду тіліне, екіншісі санскриттің әсерінен хинди тіліне айналған. Креол тілдер негізінен Үнді мұхиты аралдарында Африка мен Америкада таралған. Пиджин – тілдік қатынастар жағдайында тілдердің құрылымы мен лексикасын қарапайымдандыру нәтижесі ретінде табиғи жолмен жасалған. Пиджин фонемалардың қарапайым құрамы және оларды пайдалану ережелерінің де қарапайымдылығы, жеңіл құрылымды морфология, көбіне-көп бір тілдің лексикасын игеру, семантиканы ұлғайтудың әмбебап үдерістері арқылы сипатталады. Пиджин шектеулі қызмет атқарады және бұл тілде сөйлеушілердің ешқайсысы үшін де ана тілі болып есептелмейді. Аралас тілдер: орыс-амут тілдері – меднов тілі(Ресейдегі Медный аралының орыс креолдары мен амут халқының тілі); мичив(канададағы Манитобада таралған, кри және француз тілдерінің негізінде құралған);банги(канада, гэль және кри тілінің негізінде құралған);медиа ленгуа(Эквадор, Сальседо, Сарагуро жерлерінде таралған, кечуа мен испан тілдерінің араласуы); англо-романи(ұлыбритания); утуньхуа(қытай); йенши(германия); какчикель-киче(гватемала); каллавалла(боливия); кало(испания); калито(оңт.африка республикасы); ломаврен(армения); малави ломве(малави); мбугу(танзания). Негізінде, аралас тіл деп біріне-бірі туыс емес, тілдер жақын емес болғанда араласуы;Ал әлемде араласпаған тілдер жоқ деп кесіп айтуға болмайды. Рас, қатынаспаған тіл жоқ, бұған дәлел бар, ал араласпаған тіл, таза тіл жоқ деп айту күннен-күнге қиындап барады. Бұл жағдайды терең қарастыру керек, мысалы, әлемдегі бір адамды алып қарасақ. Трансильванияның ауылының бір тұрғыны(әйел(кішкентайынан венгер мен румын тілдерін жетік меңгерген, еркін сөйлей алады. Бірақ сөйлемді бір тілден екіншісіне айдара алмайтын: оның санасында бұл екі тілдің арасында өте үлкен көрінбейтін тосқауыл, құрдым бар еді. Яғни, біріншісінен екіншісіне өті, ауысу ол үшін мүмкін емес еді. Міне, бұл мысалға қарап, бір адам сөйлеуінде бірнеше тілдің қолданысы болса да, араласпауы мүмкін бола алады. Алайда, лексикалық жағына келгенде, мұнда даусыз пікір қалыптасады: ешбір тілде кірікпеген, варваризм сөздер болмауы мүмкін емес. Тіпті байырғы түрік тілінде де қазіргі күнде қолданысында ағылшын сөздері қолданылып келеді және оларға балама жоқ. Бұл әрине тілдердің араласуының көрінісі
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|