Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдегі грамматикалық тәсіл: ішкі флекция тәсілі




Грамматика – тілдегі грамматикалық единицаларды ұйымдастыратын, байланыстыратын, оларды бір-бірінен ажырататын құралдарды зерттейді.

Біз сөзде лексикалық және грамматикалық мағына болады.Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар: 1) аффиксация тәсілі, 2) ішкі флексия тәсілі, 3) қосарлану тәсілі, 4) көмекші сөздер тәсілі 5)сөздердің орын тәртібі тәсілі, 6) екпін тәсілі, 7) интонация тәсілі

Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі — флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі «жазу» деген сөз — ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады. Осы түбірді kаtіb деп өзгертсек, ол «жазып отырушы», кітап», kutub — «кітаптар», каtава — «жазды», aktub — «мен жаздым «, uktub — «сен жаз». Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз.Ішкі флексия — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы — жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter — шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet — аяқтар), орыс называть — назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) — убрать (несов.), посылать — послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.Немесе ағылшын тілінде foot-аяқ дегенді білдірсе, feet-аяқтар деген көптік мағынаны көрсетіп тұр. Көптік грамматикалық мағынасы екі дыбыстың өзгеруі арқылы жасалып тұр. Ішкі флекция тәсілі көбінесе неміс және ағылшын тілдерінде, сондай-ақ орыс және араб тілдерінде кездеседі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных