ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Полисинтетикалық типПолисинтетикалық тип.(грек. polі — көп, synthesіs — біріктіру, тіркестіру, құрастыру) — морфологиялық тұрғыдан тұтас тұлғаланатын тілдер. Полисинтетикалық тілдерді инкорпоративті тілдер (лат. бірдемеге қосылып кету не өзіне қосып алу) деп те атайды. В.Гумбольдт тілдерді типол. тұрғыдан жіктей келе, инкорпоративті түрін енгізген болатын. Мұндай тілдерде сөйлем күрделі бір сөзден тұрады, олар өз ішінде түбір мен қосымша морфемаға жіктеледі, жымдасып-кірігіп бүтіндей бір сөз-сөйлем ретінде бір-ақ айтылады. Полисинтетикалық тілдерге палеоазия (чукот, коряк, алютор, ительмен, юкагир, нихви, камчадал, т.б.) және америка үндістері (алгонкин, ирокез, дакота, атабас, ацтек, майя, киче, кекчи, гуаран, кечуа, т.б.) тілдері жатады. Мыс., чукот тілінде Ты-тор-тан-пылвынты-пойгы-пэляркин деген бір сөйлем, мағынасы: Мен өзімнің жаңа соғылған жақсы металл жебемді қалдырамын. Полисинтетикалық тілдерде сөздер мен сөз тіркестері аффикстер арқылы жасалады, бірақ ондай агглютинацияның ара жігін ажырату қиын. Мұндай құбылыс көрінісін неміс тілінен де кездестіруге болады. Палеоазиат тобына жататын нивх тілінде сөйлем негізгі екі мүшеден — субъект пен предикаттан ғана құралады. Полисинтетикалық тілдердің қатарына америкалық индеецтердің тілдері,полеозиат тілдері (интельмен,чукот,коряк,нивх,юкагир тілдері жәнк т.б)жатады.Полисинтетикалық тілдер кейде инкорпоративті тілдер деп те аталады.Флективті тілдер мен аглютинативті тілдерде немесе түбір (даралаушы) тілдерде сөйлеммен айтылатындар полисинтетикалық тілдерде біз сөзбен де беріле алады.Мысалы,чукои тілінде ты – ата – каа – нмы – ркын деген сөз мен «мен семіз бұғыларды өлтіремін» дегенді білдіреді.Мұның құрамындағы ты – бірінші жақтың көрсеткіші, ркын – етістіктің жұрнағы, ал басқа сыңарлары есім түбірлер.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|