ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Тілдердегі грамматикалық тәсіл: аффиксация.Терминге түсініктеме беріп, мысалдар арқылы дәлелдеңіз.Аффиксация – түбірге аффикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілу тәсілі. Аффиксация тәсілі – грамматикалық тәсілдердің ішіндегі ең көп тараған тәсіл. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде өте-мөте жиі қолданылады. Аффиксация тәсілі түркі тілдерінде деривациялық мағынаны да, реляциялық мағынаны да білдіреді. Демек, аффиксация тәсілі грамматикалық мағыналарды білдіру үшін жұрнақтарды да, жалғауларды да пайдаланады. Грамматикалық мағынананың бір түрі – деривациялық мағына жұрнақтар арқылы берілсе, екінші түрі реляциялық мағына жалғаулар арқылы беріледі. Мысалы, -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөзерде деривациялы мағынаны білдірсе, -лер, -іміз, -де жалғаулары үйлерімізде деген сөзде реляциялық мағынаны білдіреді. Аффиксация тәсілі түркі тілдерінен басқа индоевропа тілдері мен иберо-кавказ тілдерінде де қолданылады. Бірақ аффикстердің сөз құрамында орналасу тәртібі және олардың қолданылуы тілдердің бәрінде бірдей емес. Мысалы, славян тілдерінен түркі тілдеріндегі аффикстердің, соған сай аффиксация тәсілінің мынандай ерекшеліктері бар: Славян тілдерінде, соның ішінде орыс тілінде, сөз септелгенде немесе жіктелген, көп жағдайда түбірдің фонемалық құрамы өзгеріп кетеді. Мысалы: сон-сна, ходить – хожу т.б Ал түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөздердің септелуі немесе жіктелуі түбірдің фонемалық құрамын өзгертпейді. Мысалы: ұйқы – ұйқыны – ұйқыдан; жүр – жүрмін – жүріңдер т.б Орыс тілінде сөздің түрлендуші морфемалар арқылы өзгеруінен көп жағдайда түбірдің фонемалық құрамы өзгерсе, қазақ тілінде аффикстердің жалғануы түбірге әсер етеи алмайды, негізінен алғанда, ол сол қалпында сақталады. Орыс тілінде көптеген аффикстердің әрқайсысы бір-бір мағынаны емес, бірден бірнеше мағынаны білдіреді. Мысалы орыс тілінде гости (қонақтар) деген сөздің барыс септік жалғауы (дательный падеж) жалғауы – ям (гостям). Бір ғана осы жалғау орыс тілінде әрі барыс септігін, әрі зат есімнің көпше түрін білдіреді.Ал қазақ тіліндегі көптік мағына мен барыс септігі өз алдына бөлек-бөлек аффикстермен беріледі. Мұнда әр түрлі грамматикалық мағына орыс тіліндегідей бір ғана аффикспен емес, әрқайсысы өз алдына дербес аффикстермен берілген, ол аффикстер бірінің үстіне бірі жалғана береді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|