ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Билет.Семит хамит тілдері.1.Семит тілдері(араб, амхор, айсор, иврит,) өлі тілдер: аккад, угарит, аремей, финикий. 2. Египет тілдері (египет, копт өлі тілдері жатады) Және кашит, бербер, чадо- хамит тілдері енеді.
39 билет. Кавказ тобы. А) оңтүстік тобы (грузин, мегрель, чан, сван тілдері) ә) батыс (абхаз, адыгей, кабардин) б) бацкий- кистин (байкий, чечен, ингуш) в) дағыстан (авар, даргин, лезгин, лакс, табарасан және жазусыз бірнеше тілдер енеді 40.-сұрақ Жазу және жазудың түрлері Жазу — адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарда да пайдаланылған. Үндістер соғысатынын хабарлау үшін қарсы жаққа айбалта жіберетін болған. Елші оны әкеліп жерге қояды, егер жау жақ оны көтерсе — соғысуды мақұлдағаны. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы Ж. пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т.б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазудың түрлері: 1. пиктографиялық жазу – жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Пиктограммалық жазу суреттерге негізделген жазу. Сондықтан оны кейде суретті жазу деп те атайды. Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әртүрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Бұл жазудың ерекшелігі ол әртүрлі суреттерден құралады. Әр сурет бүтіндей бір хабар бере алады.Бұл хабар графикалық жағынан жеке бөлшек сөзге бөлінбейді. Осыған орай пиктограммалар тілдік форманы емес, оның мазмұнын бейнелейді. Бұл жазуды әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар түсіне алады.Себебі бұл тіл басқа тілдерден гөрі поллисинкретикалық тілге біртабан жанасымды. Пиктограммалық жазудың таңбалары питроглифтер немесе пиктограммалар деп аталады; 2.идеографиялық жазу - жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың мысалдары: иероглиф жазу,цифр(сан). Идеографиялық жазудың таңбалары қазіргі дыбыстық жазуда қолданылады. Мысалы, цифрлар, математикалық, химиялық,т.б. ғылыми-техникалық шартты таңбалар; буын жазуында - сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді. Бұған финикия, көне семит,тибет, бирма, жапон, үнді жазулары жатады. Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған; дыбыстық жазу (әріп жазуы) – жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі. Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері –финикий, арамей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған.Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған.Түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы кейін мұсылман дінінің таралуымен бірге келген араб әліпбиін ұзақ уақыт қолданды. 1926 ж. Ахмет Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің ерекшеліктеріне сәйкес жеңілдетіп, “төте жазу” әліпбиін жасады. 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі қайтадан бел алып келе.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|