Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Түбір морфема мен негіз




Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық,басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдедердің де, баста,бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де – бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына ортақ негіз – бастық, ал бастап,бастаған,бастағалы деген етістіктерге ортақ негіз- баста. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема – сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән,күллісіне бірдей ортақ, олардың бәріне ұйытқы болатын элемент те, негіз – белгілі бір лексика- грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір создің әр түрлі морфемаларының бәріне ортақ ұйытқы.

Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. М: күйші, малшы, достық, бағала, өрле т.б.Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. М: от,өт, бел, без т.б.

Тіл-тілдің лексикасында, ғылымның алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар, олар терминдер деп аталады. Дара мағыналы болу – терминдерге тән қасиет. М: аффрикат, аффикс, артикль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, оладың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады. Терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті қызмет дегендер де болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер. Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады. Әдебиеттануғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.

 

33 сұрақ Аффикстік морфемалар және олардың түрлері Өз алдына дербестігі жоқ, тек сө құрамында түбір морфемаға жалғанып қолданылғанда ғана белгілі бір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар деп аталады.Аффикс косылу процесі (аффиксация) көптеген тілдердін морфологиясы мен сөзжасамында маңызды орын алады. Осыған байланысты тілдердің типологиясы жасалады.Деривациялық-реляциялық аффикс - морфологияда деривациялықпен(лексикалық, сөзжасамдық және реляциялықпен (грамматикалық, сөз өзгеруші) қатар бөлінетін аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойылатын және грамматикалық пен сөзжасамдық мәнді үйлестіретін сөз бөлігі. Мысалы: неб-ес-а сөзінде негіз жасаушы аффикс.

Деривациялық аффикс - морфологияда деривациялық-реляциялық және реляциялықтармен (грамматикалық, сөз өзгертуші) қатар бөлінетін лексикалық,сөзжасамдық аффикстер класы, көмекші морфема, түбірге қарсы қойлатын және сөзжасамдық мәнді білдіретін сөз бөлігі, оның жалғануы жаңа мәнді лексеманыңжасалуына, негіздің жаңа класқа көшуіне соктырады. Мысалы: профессор —> профессура; профессор -> профессорствовать

 

Аффикс түрлері
Приставка (префикс) Инфикс Интерфикс Суффикс Флексия
түбір алдынан қосылатын аффикс (приходишь, заходить, беймәлім, беймаза) түбірдің ортасында косылатын аффикс (ағылш. stand'"стоить"—stood"стоял"); екі түбірді жалғастыратын аффикс (фонология); сөз соңынан қосылатын сөзжасам қосымшасы (жылқы+шы, сандық+ша) сөз сонынан қосылатын жалғау (бала+ ға, мектеп+тің)

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных