ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сұрақ Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі. Мысалдар келтіру.Сөздердің құрамындағы н/е сөздердің аралығындағы дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, бір-бірімен өзара үндесіп айтылады. Сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың өзара үндесіп айтылатыны сияқты, дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп, өзара үндесіп айтылады. Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады. Дауыстылардың бір-бірімен өзара үндесуі сингармонизм (гр. Sun – бірге және harmonia – байланыс, үндесу) деп аталады. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі н/е буын үндесуі деп келді: “түбірдегі дауысты жуан, не жіңішке болуына қарай оған көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан, не жіңішке болуы алдында,ы өзімен тетелес қосымшамен байл.; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздердегі барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы.” Байырға қазақ сөздері мындай сингармониялық белгілермен ажырайды. Жуан езулік – жіңішке езулік: тыс-тіс, бас-бәс; Жуан еріндік – жіңішке еріндік: от-өт, сол-сөл; Жуан еріндік – жуан езулік: тот-тат, сыр-сар; Жуан еріндік – жіңішке езулік: тұс-тіс, өт-ет; Жіңішке еріндік – жіңішке езулік: өт-ет, өн-ін; Жіңішке еріндік – жуан езулік: өт-ат, өр-ар. Тіл үндестігі – дауыстылардың тілдің қызметіне қарай бір сөз (сөзформа) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып ыңғайласып, үйлесіп келуі. Тіл үндестігінің өзі түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара тұрғысынан қарастырылады. Мысалы: түбір тұрғысынан: алаша, бала, керемет, келешек, т. б. түбір мен қосымша тұрғысынан: балалық, әткеншек, арманыма, т. б. Ерін үндестігі – дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметі жағынан ыңғайласып, үндесіп келуі. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы, түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү, түлкүлөрдү. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде айтылады. Аккомодация (лат. Accomodatio –бейімделу) – морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы, ат, ет, от, өт деген сөздерде т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі әсерге ие болады. Бұл – буын ішіндегі ықпал.Аккомодацияны екіге бөліп қарастыруға болады: Дауысты мен дауыссыздардың үндесуі (прогрессивті аккомодация). Мысалы: қала-лар, терезе-ңіз, жылқы-да, қара белбеу, қара вагон. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті аккомадация). Мысалы: ағырақ (ақырақ), көгер (көкер), жарқыл (жарқ-ыл), үркер (үрк-ер). Ассимиляция (лат. Assimilative – ұқсау), - морфемалардың жігінде көрші келген дауыссыздардың акустика-артикляциялық жақтан біріне-бірінің ұқсуы, бейімделуі, өзара тәл табысуы. 1. Прогрессивті ассимиляция – алдыңғы морфеманың соңғы дауысыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акуустикалық жақтап ықпал етіп, игеріп тұрады: айнал-т, түрлен-т, ал-са, мал-сыз, жасса (жазса), кешше (кешсе). 2. Регрессивті ассимилияция – алдыңғы дауыссыз кейінгі дауыссызды дауыстың қатысы (акустика) жағынан өзіне сәйкестендіріп, толық тәуелді етіп тұрады: қаммен (қанмен), әммен (әнмен), омбес (он бес), қасса (қазса). 3. Тоғыспалы ассимилияция - морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауы: амаңгелді (аман келді), жаңгешті (жан кешті), ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), ташшарған (тас жарған). Диссимиляция (лат. Dissimilation -ұқсамау) – дыбыстардың комбинаторлық өзгерістерінің бір түрі ретінде қарастырылады. Ол – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі н/е одан да көп дыбыстың келуі. Мысалы, маңлай (маңдай), таңлай (таңдай), жанбады (жамбады), Жанбота (Жамбота) Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|