Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдердегі грамматикалық тәсілдер: екпін және интонация




Екпін тәсілі. Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна — жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги — руки, ноги дегендер де сондай.Кейбір тілдерде екпін сөздің грамматикалық мағыналарын ажырататын тәсіл ретінде екпін тек соңғы буынға түседі. Ал кейбір тілдерде мысалы: орыс тілінде екпін жылжымалы, ауыспалы болады. Екпін ол тілде кейде сөздің лексикалық мағынасына әсер ете алатынын бәріміз білеміз. Мысалы, мынадай екпіні екі түрлі сөздерді алайық: Руки (атау септік, көпше), руки (ілік септік, жекеше) Ноги (атау септік, көпше), ноги (ілік септік, жекеше) Яғни, алғашқы сөздер аяқтар, қолдар деген грамматикалық мағынаны білдірсе, кейінгілері аяқтың, қолдың деген грамматикалық мағынаны білдіріп тұр. Ішкі флекция мен екпін тәсілі қазақ тіліне тән емес.

Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме дегенді білуге болады.Сөйлемнің түрлері, сондай-ақ сөйлемдегі түрлі мағыналар (таңдану, күдіктену, қуану т.б.) интонация арқылы ажыратылады. Мысалы, Сен кітапханаға барасың ғой деген сөйлемді екі түрлі интонациямен айтып, екі түрлі сөйлем қатарына жатқызуға болады. Немесе Әні қандай деген сөйлемді де интонациясына орай сұраулы-лепті сөйлемдердің біріне жатқызуға болады. Интонация тек сөйлемнің түрлерін ажырату үшін ғана қолданылмайды. Сондай-ақ, сөз тіркесі мен сөйлемнің жігін ажырату үшін де пайдаланылады. Мысалы, Ол оқушы - Ол оқушы, Мынау дәптер - Мынау дәптер.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных