ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
сұрақ Сөздердің морфологиялық құрамындағы жылысу құбылысыТілдің дамуы барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауысып,ол морфемалардың бұрынғы жігі мен арақатынасының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады. Морфологиялық жылысу құбылысыи түркі тілдерінде де бар.В.А.Богородицкийдің пікірінше,жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік сеептік жалғауының алғашқы түрі -ың,ің түрінде болған.Бұл бастапқы форма менің,сенің,оның,соның деген есімдіктердің құрамында сақталған.Тілдің даму барысында морфологиялық жылысу процесі нәтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да ілік септіктіңжалғауы ұлғайып -ның,нің түрінде айтылып қалыптасқан.Морфологиялық жылысу процесі түбір мен жалғаудың аралығында да болуы мүмкін.Жұрнақ жалғану арқылы жасалған негіздің соңғы дыбысы онан сусып,жұрнақтың құрамына ауысады да,сөз бұрынғысынан басқаша түрде мүшеленеді.Түбір мен жұрнақтың арасындағы морфологиялық жылысу процесін сарғай деген етістіктің құрамын талдаудан көруге болады. Аталған туынды етістік (сарғай) сары деген сын есімнің бастапқы дыбысталуы түрі-сарығ формасынан жасалған.
57 сұрақ Сөздердің морфологиялық құрамындағы сіңісу құбылысы Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айырылады да,ондай сөздер морфемаларға ажыратылып,мүшеленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып,олардың бір-біріне кірігіп кетуіне,соның нәтижесінде сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшенбеуіне әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады. Сіңісу прцесінің нәтижесінде сөз құрамындағы морфемалари өз ара әбден кірігіп,олардың бұрынғы жігі жойылады.Ондай сөздің қандай морфемалардан құралғаны бірден аңғарылмайды.оның жігін лингвистикалық анализ арқылЫ ғана айқындауға болады.Мысалы,проф. В.А.Богородицкий орыс тіліндегі забыть деген етістіктің құрамындағы за-ның қазіргі тілде префикс ретінде сөзден бөліне алмайтындығын айтады.Ал проф. Р.А.Будагов забыть деген етістік мүшеленбейтін бір бүтін сөз ретінде танылып,қажет болған жағдайда сол сөзге басқа бір префикс жалғана алады. Сіңісу процесінің нәтижесінде сөздің о баста түбір мен аффикске мүшеленген негізі қазіргі тілде морфемаларға ажыратылмайтын негізге айналды.
58 сұрақ.Сөздің морфемалық құрамына талдау жасауда ескеретін процестердің бірі – декорреляция процесі. Декорреляция процесі бойынша, сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың сипаты мен мағынасы өзгереді. Декорреляция сөздің морфемалық құрамын өзгертпейді, сөз морфемаларға алғашында қалай мүшеленсе, қазірде де солай мүшеленетін болады. Сөздің құрамында оның жасалу кезінде сөзді құрастырушы морфемалардың сипаты мен мағынасы бұрынғысынан басқаша болып, бір-бірімен өзгеше байланысқа түседі. Қазақ тілінде босқа, текке, бекерге, бірге, кешке деген үстеулердің морфемалық құрамы бос+қа, тек+ке, бекер+ге, бір+ге, кеш+ке түрінде морфемаларға мүшелене алады.
59 сұрақ Сөздердің морфологиялық құрылымындағы деккореляция процесі Сөз құрамындағы морфемалардың арасындағы біркелкі дауыстылардың немесе біркелкі дауыссыздардың өзгеріске ұшырауы, атап айтқанда, ондай дыбыстардың тұтасуы нәтижесінде морфемалардың даралану, ажыратылу мүмкіндігі әлсірейді. Мұндай құбылыс диффузия құбылысы немесе морфемалар диффузиясы деп аталады. Диффузия құбылысы сөздің морфемаларға мүшеленуінің бастапқы қалпын өзгертпейді, сөз морфемаларға бұрын қалай мүшеленсе, қазірде де солай мүшелене алады. Диффузия сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу жағынан көрініп, жазба түріне әсер етпеуі мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде қара ат, қара ала дегендер ауызекі тілде қарат, қарала түрінде айтылады.
60 сұрақ Грамматикалық тәсілдер: Аналитикалық және синтетикалық құрылымды тілдер Біз сөзде лексикалық және грамматикалық мағына болады.Грамматикалық мағыналар тіл-тілде әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер мыналар1. Аффиксация тәсілі. Түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі — аффиксация тәсілі деп аталады. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдерінде жиі қолданылады. Мысалы, -шік, -ғыш, -дыр жұрнақтары қосылып, үйшік, жазғыш, жаздыр деген сөздерде лексикалық (деривациялық) мағынаны білдірсе, үйлерімізде деген сөзде -лер, -і, -міз, -де жалғаулары грамматикалық (реляциялык) мағынаны білдіреді. 2.Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі — флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі «жазу» деген сөз — ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады. Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол «жазып отырушы», кітап», kutub — «кітаптар», каtава — «жазды», aktub — «мен жаздым «, uktub — «сен жаз». Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз. 3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз). 4.Көмекші сөздер тәсілі. Тілде негізгі атауыш сөздермен бірге көмекші сөздер де болатыңдығы белгілі. Атауыш сөздерде дербестік болса, көмекші сөздерде дербестік жоқ. Сондықтан да, олар аффикстерге ұқсас қызмет атқарады. Мысалы, университетке оқу үшін келдім дегендегі көмекші сөз — үшін. 5.Сөздердің орын тәртібі. Бұл да — грамматикалық тәсілдердің бірі. Сөз түрлендіруші формалар жоқ немесе аз тілдерде сездердің, орын тәртібінің мәні айрықша. Ағылшын тілі мен қытай тіліңде сөздердің орын тәртібі — грамматикалық тәсілдердің ішіндегі басты тәсілдердің бірі. Мысалы: the Fathers loves son — әке сүй бала (әке баласын сүйеді). Мұндағы сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырсақ, сөйлем мүлде басқаша мағынаға ие болады. Мәселен, сөз баяндауыштың алдында тұрса — бастауыш, баяндауыштан соң тұрса — толықтауыш деген 6.Екпін тәсілі. Сөз екпіні тиянақсыз, яғни жылжымалы болса, ол да грамматикалық тәсіл ретінде қызмет атқарады. Екпін бір басқа буынға жылжыса, әр түрлі грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: окна — жекеше, ілік септік (им.пад.), көпше, атау тұлғада; руки, ноги — руки, ноги дегендер де сондай. 7.Интонация тәсілі. Екпін сөзге қатысты болса, интонация — фразаға, сөйлемге қатысты болады. Интонациясына қарап, фраза сөйлем сұрау мәнінде ме, жоқ, байымдау, хабарлау немесе көтеріңкі (лепті) мәнінде ме? — дегенді білуге болады. Тілдер грамматикалық құрылысына қарай синтетикалық тілдер жəне аналитикалықтілдер деп бөлінетіні белгіліАналитикалық тілдер — сөйлем құрамындағы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы. Дүниедегі тілдер екі жікке бөлінеді: бірі — синтетикалық тілдер, екіншісі — А. т. А. т. тобына ағылшын, француз, дат, болғар, жаңа парсы т.б. тілдер жатады. Дүниедегі тілдер грамматикалық құрылымы жағынан осылайша екі топқа бөлінгенімен, таза аналитик. және таза синтетик. тілдер кездеспейді. Мыс., синтетик. тілдер тобына жататын қазақ тілінің грамматикалық құрылымында А.т-дің нышаны мол кездеседі. Қазақ тіліндегі сөздердің ешбір жалғаудың көмегінсіз, сөйлем құрамындағы орын ыңғайына қарай байланыса алатыны — соның айғағы. Мұндай құбылыс алтын сағат, күміс қасық, азу тіс деген тіркестердегі анықтауыш сөз бен анықталушы сөздің, ақырын жүр, тез кет деген тіркестердегі пысықтауыш пен баяндауыштың өзара ешбір қосымшасыз байланысуынан анық көрінеді. Аналитикалық тілдер — сөздердін грамматикалық мағыналары синтетикалық тілдердегідей сөз формалары арқылы емес, атауыш сөздердін орын тәртібі, оларға тіркескен көмекші сөздер, интонация арқылы берілетін тілдер. Мысалы: ағылшын, француз, итальян т.б. тілдер. Тілдерді топтастырудың морфологиялық принципімен қатар синтаксистік принципінің қалыптасуы, яғни тілдерді топтастыруда сөздердің тіркесімділігіне сүйену Аналитикалық тілдерді анықтауда маңызды рөл атқарады. Ф. Шлегель, А. Шлейхер, В. Гумбольдт, Дж. X. Гринберг, Э. Сепир т.б. енбектерінде бұл салаға көп көніл белінген. Аналитикалық тілдерге жатқызылып жүрген тілдерге синтетикалық тәсілдер де жат емес. Мысалы, түркі (қазақ) тілдерінде сөзтіркесім тәсілімен жасалған сөз формалары мол кездеседі.Синтетикалық тілдер орыс. синтетические языки — грамматикалық мағыналары сөздің өз ішінде, яғни сөз формалары арқылы берілетін тілдер. Оңда аффикстік тәсіл мен ішкі флекция ең басты грамматикалық тәсілдер болып табылады. Бірақ аналитикалық құрылысқа тән элементтер де (көмекші сөздер, сөздің орын тәртібі, дауыс ырғағы) орын алады. Синтетикалық құрылыс грек, латын, санскрит, ескі славян сияқты көне еуропалықтілдерге және осы күнгі литва, неміс, славян тілдерінің көпшілігіне тән. Кейбір ғалымдар оған жалғамалы (түркі) тілдерді де жатқызады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|