ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Пән туралы ақпаратСтуденттерге арналған пән силлабус
2. Пән туралы қысқаша сипаттама. Мемлекеттік жалпы стандарт талаптарына сай болашақ маман психикалық құбылыстар заңдылықтарын, іс - әрекет пен тұлғаның сипаттамасын, тұлғааралық қарым – қатынастардың ерекшеліктерін білуі керек. «Жалпы психология» курсында сіңірілген білімдер тұлғаның өзін - өзі талдау, өзін - өзі тану, өзін - өзі жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеруге негіз болады, бұл болашақ маманның кәсіби дамуы үшін маңызды да қажетті. Жоғары кәсіпттік білім берудің мемлекеттік жалпы стандарттарына сай студенттер: - психологияның жалпы негіздерін; - психологиялық ойлар дамуының тарихын және қазақ пен басқа этностардың психологиялық ерекшеліктерді; - психология ғылымының қазіргі замандағы ролін; - дүниетаным, көзқарас, азаматтық сана – сезім, жалпы тұлға қалыптасуын; - болашақ кәсіби іс - әрекетке даярлаудың әлеуметтік – психологиялық астарларын танып білуі тиіс. Оқыту мақсаты: психология адам туралы кешенді ғылым екендігі жөнінде студенттердің жалпы түсінігін және «адам – адам» жүйесіндегі жұмысқа даярлығы бар маман тұлғасын қалыптастыру. Оқыту міндеттері: - тұлға дамуы мен қалыптасуының психологиялық негіздерін студенттер біліп меңгеруінің алғышарттарын қамтамасыз ету; - студенттердің адам өмірінің әртүрлі салаларындағы психологиялық құбылыстарды талдау біліктерін қалыптастыру; - психологиялық өзін - өзі талдау, өзін - өзі тану, тиімді ортақтасу дағдыларын нығайту; - болашақ мамандарға адам - өз іс - әрекеті мен дамуының субьектісі екендігін меңгерту; - «адам – адам» жүйесіне ықпал жасайтын құралдарды жаңа сапаға көтеру үшін психологиялық тұрғыда сараптай білу дағдысын қалыптастыру; - психологияны жаратылыстану және қоғамдық пән ретінде түсіндіру; - адамды іс - әрекет субьектісі ретінде, танымдық әрекеттерді, қатынас т.б. психологиялық ұғымдарды жан – жақты талдап оқыту; - негізгі психологиялық түсініктерді және олардың анықтамаларын шолу жасау негізінде таныстыру; - психология курсының білімдерін педагогикалық практикамен байланыстыру. 3. Пререквизиттер: Пәнді оқыту үшін студенттер келесі курстарды меңгеруі қажет: психология мамандығына кіріспе, жас ерекшелігі физиологиясы. 4. Постреквизиттер: Пәнді меңгеру нәтижесінде алған білім «Басқару психологиясы», «Жас ерекшелік психологиясы», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология», «Практикалық психология» курстарын игеру үшін қажет.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|