ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндірістік-сауда жұмыстарының сипаттамалары бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеуӨндірістік-сауда жұмыстарының сипаттары – ең басты критериясы болады. Соған байланысты барлық тамақтану мекемелері мынадай түрлерге бөлінеді:- мейрамхана;- кафе;- бар;- буфет;- дәмхана;- асхана және басқалар.Мейрамхана – қонақтарға кең ассортиментте фирмалық тағамдар,ішімдіктер, кондитерлік өнімдер ұсынатын тамақтану мекемесі. Қонақ үй жанындағы мейрамхана осында тұратын қонақтарға да және басқа да келушілерге қызмет көрсетеді. Мейрамхананың көбісінің концерттер өткізіп тұруға өзінің музыкалық бағдарламасы бар.Кафе – қонақтарға шектеулі ассортиментте тағамдар, ішімдіктер,ұннан жасалынған кондитерлік өнімдер ұсынатын, көңіл көтеріп демалуға арналған тамақтану мекемесі.Бар – қонақтарға әр түрлі ішімдіктер, десерттер, тәтті тағамдар ұсынатын мамандандырылған тамақтану мекемесі. Барда жайлі жағдайда музыка тыңдап, көңіл көтеріп демалуға мүмкіндіктер бар.Буфет – шектелген ассортиментте салқын тамақ, бутербродтар,ішімдіктер, ұнды және кондитерлік өнімдер, тәтті тағамдар сатады және оны сатып алушылар сол жерде пайдаланады.Дәмхана – өздері жеңіл тамақтар дайындап, оны сол жерде сатады, қолданады.Асхана – тамақтану мекемесі ретінде көбінесе курорттық қонақ үйінің құрылымында болады. Ол тағамдарды дайындап таңертең, түсте,кеште адамдарды тамақтандыруға арналған. Сонымен қатар, ұсыныстарға қарай әр түрлі қосымша да қызметтер көрсете алады Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|