Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мейрамхана басшының жеке қасиеттерін құрастыру




Басшы мейрамхана жұмысы барысында туындайтын кез келген мәселені шеше алатын, мамандығын жетік меңгерген, қызметті үйлестіріп, ұйымдастыра алатын, қарамағындағы персоналмен қарым-қатынасты орната білетін білікті маман болуы тиіс.
Мейрамхана басшысының қызметі басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелермен байланысты. Қызметкерлердің мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі де, ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де басшы жұмысына байланысты.
Басшылық шеберліктің маңызды жақтарының бірі – келіссөз жүргізе білуі — әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнері болуы тиіс. Мейрамхана, қонақ үй т.б. менеджмент және маркетинг туристік бизнесте ерекше орын алуға тиісті. Барлық елдерде қонақ үйлер басқару жүйесінде менеджмент жетістіктерін ұтымды жақтарын пайдалануға тырысады. Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі бірін-бірі жетілдіріп отырады. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы көбінесе оның жеке басына және де сол ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей білуіне байланысты. Осыған орай басшының ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар. Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады. Біріншіден, ұжымдағы қарым-қатынас жағдайыпа басшыға тиісті құқық пен өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін қажетті осындай құқықтарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынас жеке адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін. Екіншіден, көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық этикасы туралы айтуға тура келеді.Үшіншіден, басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтың, ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды факторы болып саналады. Басшының осындай қарым-қатынасқа ықпал етуі, оның өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы, сенімі мен жеке басынвң үлгісі. Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады. Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
-сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40%-тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай, сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да, жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
- еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
- мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстстика. Сыртқы мәдениеті ішкі мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
- сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Адамдарға және ұйымға әсер ететін мейрамхана басшысының қасиеттері:

— Принципиалдық(өзіндік қағидасының болуы);

—Қызметкерлер, клиенттер және іске деген жауаптылық;

— Жеке және ұжымаралық қатынастардағы жауапкершілік

—Тәртіп;

— Қамқорлық, көмекке құштарлық.

Ұжым ішінде кері әсерін тигізетін қасиеттер:

— Өз-өзін ұстай алмау;

— Эгоистік;

— Дөрекілік;

— Мансапқорлық;

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных