ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Туризмдегі тамақтандыру мекемелерін жіктеуТуристік индустрияның тамақ мекемелерінің жіктелуі үшін мынадай бір қатар критериялар қолданылады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы: 1. Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттамалары.2. Орналасу орны.3. Қызмет көрсетілетін клиенттер (қонақтар) контингенті.4. Тағамдардың (өнімдердің) ассортименті.5. Сыйымдылық.6. Қызмет көрсетудің түрлері.7. Қызмет көрсетудің деңгейі.8. Жұмыс істеу мезгілі. 1. Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттары – ең басты критериясы болады. Соған байланысты барлық тамақтану мекемелері мынадай түрлерге бөлінеді:- мейрамхана;- кафе;- бар;- буфет;- дәмхана;- асхана және басқалар.Мейрамхана – қонақтарға кең ассортиментте фирмалық тағамдар,ішімдіктер, кондитерлік өнімдер ұсынатын тамақтану мекемесі. Қонақ үй жанындағы мейрамхана осында тұратын қонақтарға да және басқа да келушілерге қызмет көрсетеді. Мейрамхананың көбісінің концерттер өткізіп тұруға өзінің музыкалық бағдарламасы бар.Кафе – қонақтарға шектеулі ассортиментте тағамдар, ішімдіктер,ұннан жасалынған кондитерлік өнімдер ұсынатын, көңіл көтеріп демалуға арналған тамақтану мекемесі.Бар – қонақтарға әр түрлі ішімдіктер, десерттер, тәтті тағамдар ұсынатын мамандандырылған тамақтану мекемесі. Барда жайлі жағдайда музыка тыңдап, көңіл көтеріп демалуға мүмкіндіктер бар.Буфет – шектелген ассортиментте салқын тамақ, бутербродтар,ішімдіктер, ұнды және кондитерлік өнімдер, тәтті тағамдар сатады және оны сатып алушылар сол жерде пайдаланады.Дәмхана – өздері жеңіл тамақтар дайындап, оны сол жерде сатады, қолданады.Асхана – тамақтану мекемесі ретінде көбінесе курорттық қонақ үйінің құрылымында болады. Ол тағамдарды дайындап таңертең, түсте,кеште адамдарды тамақтандыруға арналған. Сонымен қатар, ұсыныстарға қарай әр түрлі қосымша да қызметтер көрсете алады.Орналасу орны. Орналасу орнына қарай қала, вокзал, вагон, теплоход және автотуристер үшін болып бөлінеді.Қала мейрамханасы – қала аумағында орналасып, белгілі бір сағат арысында жұмыс істейді. Вокзал мейрамханасы – теміржол, әуежай және автовокзалдардаорналасқан. Вагон-мейрамхана – олар негізінен ұзақ тәуліктер жүретін поездарда болады.Теплоходтардағы мейрамхана – туристер мен пассажирлерді таңертең, түсте, кеште тамақтандыру үшін жұмыс істейді. Өте үлкен теплоходтарда бірнеше мейрамханалар болады.Автотуристер үшін мейрамхана машинасын тастап кеткісі келмейтіндерге арналған. Әдетте олар ірі жол бойында немесе автотұрақ жанында болады. Клиенттердің уақытын алмау үшін даяшылар машинасына тамақ әкеліп береді. Мейрамхананың мұндай түрі, әсіресе, АҚШ-та көп тараған. Қонақ үйлердегі барлар бөлінеді: - вестибюль бары кездесіп әңгімелесуге өте ыңғайлы орын; - мейрамхана бары дәстүрлі мейрамхана интерьерінің өте өзіне тартымды элементі; - қосымша бар - қонақ үйінің қабаттарында орналасқан сауда нүктесі. Мұнда қонақтарға нөміріне барып қызмет көрсету үшін шарап, сыра және басқада ішімдіктер түрінің қоры болады; - банкет бары банкет залында орналасқан; - бассейн жанындағы бар. Жоғары дәрежедегі отель бассейінсіз және оның жанында болатын барсыз өмір сүруі мүмкін емес; - шағын бар - қонақ бөлмелеріндегі мұздатқышымен бірге шағын бар. Қызмет көрсетілетін клиенттер (қонақтар) контингенті Осы категориясына байланысты тамақтану мекемесі жіктеледі: - жалпыға бірдей; - клиенттердің белгілі бір контенгенттеріне қызмет көрсету болып. Құрамында отель-клубтар, пансионаттар бар тамақтану мекемелері өзінің қонақтарына ғана қызмет етеді. Өнімдер ассортименті (мамандандыру) Ұсынылатын өнімдердің ассортиментінің көптігіне қарай ең алдымен тамақ мекемелерін екі үлкен категорияға бөлуге болады:1) толық сервистік;2) мамандандырылған.Тамақтану мекемелері түрлерінің ішінен тек қана мейрамханалар мен кафе көбінесе толық сервистік болады.Тамақтану мекемелерінің мамандандырылуы әр түрлі болуы мүмкін:кең көлімде мамандандырылудан бастап белгілі бір асхананың тағамдарына (француз, италия, қытай және т.б.) тек бір-екі тағамдарғадейін ғана. Басты бір тағамға мамандандырылады, әдетте жылдам қызмет көрсетілетін мекемелер, олардың ұсынатындары:-гамбургерлер;-пицца-;теңіз өнімдері-;балапаннан жасалынған өнімдер;-бифштекстер;-сэндвичтер;-блинчиктер. Дәмхана да жалпы және мамандандырылған мекеме болып (шашлық, чебурек, пиццерия, блинная, бульонная және т.б.) бөлінеді. Сыйымдылық Мейрамхана үшін сыйымдылық 50-ден 500 орынға дейін болуы мүмкін, кафе – 50-150 орын, асхана – 50, 100, 200, 500 және оданда артық. Қызмет көрсетудің түрлері Көрсетілетін қызметтің түрлеріне қарай тамақтану мекемелері бөлінеді: -өз-өзіне қызмет жасайтын;-даяшы жартылай қызмет көрсететін;-даяшы толық қызмет көрсететін;-буфетчиктер қызмет көрсететін болып. Жұмыс істеу мезгіліне қарай Бұл критериясы бойынша тамақтану мекемелері бөлінеді:-үнемі істейтін;-мезгілдік;-күндіз және кешке істейтін;-түнде істейтін (түнгі барлар). Қызмет көрстеу деңгейі Бұл категориясы бойынша тамақ мекемелері бөлінеді: люкс, жоғары, бірінші, екінші, үшінші болып.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|