Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстандағы мейрамхана бизнестің және қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің тарихын ашып көрсету




Мейрамханалар тарихында олардың шығу тегін париждік француздық деп айту қабылданған. Барлығы трактирлер мен таверналардан, тұрушылар ауласынан басталды. Бірақ олардың мақсаты тек саяхатшыларға қызмет көрсетумен байланысты болды. Қазақстандағы ерте замандық тамақтандыру орындарының тарихын керуен сарайлармен үйлестіруге болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы қазақ қалаларында Қытай мен Батыс Еуропаның саяхатшылары тоқтайтын болған. Бұл б.з.І ғасырынан басталды. Оны біз Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, т.б. жазбаларынан көре аламыз. ОЛар көбінесе қазақтардың қымызы мен айраны туралы көп мысадар келтірген. Бірақ Қазақстан территориясында қоғамдық тамақтану орнынан гөрі ол кезеңде жекелеген үйлерде тоқтау дәстүрге айналған болатын. Қазіргі заманға ұқсас мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру орындары Қазақстан Ресей патшалығының құрамында болғанда жәрмеңке, көрмелерде ұйымдастырылып, базарларда тұрақты түрде тағамдар сатылды. Ол Қарқаралы, СЕмей, Аягөз, Түркістан, Бөкей ордасындағы өткізілетін іс-шаралардан көрінеді. Кейін Кеңес одағы орнағаннан кейін қызмет көрсету деңгейі жоғарылаған, даяшы, аспаз қызметтері дайындалған мейрамханалар пайда бола бастады. 20 ғасырдың ортасында Алматы қаласында ең танымал мейрамханалар «Алма-Ата», «Иссык» болды. Бірақ кейін халық арасында көп сұранысқа ие болған «Аккушка» және «Театралка» мейрамханалары еді. Шетелдік туристерге бағытталған алғашқы мейрамханалар болып «Шегис», «ТОмирис» және «Қазақстан» қонақ үйінің тамақтану мекемесі шықты. Олардың ерекшелігі өте қымбат болғандығы еді. 1995-1996 жылдары Қазақстан дағдарыс пен қылмыстық қауіптілік кезеңінен шыққаннан кейін халық қыдыруға, сырттан тамақтануға шыға бастады. Бұқаралық мәдени демалыстың революциясы ретінде Алмаарасандағы шашлық мейрамханасы болды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных