ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мейрамханадағы қызмет көрсетудің арнайы түрлерін ашып көрсетуҰлттық гастрономдар мен тамақтандыру мекемелері қоғамның әлеуметтік жағдайын және белгілі бір мемлекеттің тұрғындарының мәдениетін көрсетеді. Тамақтандырудың арнайы түрлері болады. Соның бірі поездағы пассажирлерді арнайы тамақтандыру қызметімен қамтамасыз ету. Поезд пассажирлері тек газет, журнал оқу немесе табиғатты тамашалаумен ғана емес, арнайы вагондарда тамақтанада алады. Мұндай вагон-мейрамханалар 1860 ж. американдық және еуропалық темір жолдарда пайда болған. Ең алғашқы вагон- мейрамханалар Швейцариядағы қымбат халықаралық поездарда жұмысын атқарған, оны швейцариялық компания SSG ашты. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде поезд құрамындағы мейрамханалардағы қызмет деңгейі күрт төмендеп кетті. Бірақ, инфляция мен экономикалық кризиске қарамастан бұл бизнес түрі қайта жандана бастады. Дегенмен де, вагон-мейрамханалар барлық тұрғындарға қол жетерліктей емес. Қызмет көрсету түрі пассажирлер сұранысына байланысты болды. 1997 ж. поезда тамақтандырудың жаңа түрі дами бастады. Екі этажды поездарда вагон-бистро қызмет етті, онда ыстық тамақтар, салқын тістемелер ұсынылды. Мұндай поездар Германияда, Францияда бастау алды. 2000 ж. бастап барлық поездардағы Minibar арбашалар жаңа Railbar арбашысына ауыстырылды. Пассажирлерге 60 тамақ түрі, шарап, салқын сыра және басқа да сусындар ұсынылады. Тамақты дайындайтын өнім ассортименттерін ай сайын ауыстырып тұрады. Ұшақ: Билет сатып алған кезде тегін тамаққа тапсырыс беруге болады. Тағам түріне тапсырысты ұшқанға 36 сағат қалғанға дейін беру керек. Атақты, ірі әуекомпанияларда түскі және кешкі (салат, тістеме, ыстық тағам, десерт), таңғы ас (жеңіл ыстық тағам, тістеме немесе десерт) ұсынылады. Бұны арнайы мәзір деп атайды. Әуекомпанияларда билет алған кезде мынандай тағам түрлеріне тапсырыс беруге болады: - AJT: балалар тағамы (1-5 жасқа дейін) - өсімдіктен дайындалған тағамдар, жұмыртқа, сүт қоспалары жатады; - British Airways: балалар тағамы, вегетарианды тағамдар, мұсылман, үнді тағамдары, жеңіл мәзір (жемістер); - Delta Air Lines: азия асүйі, диеталық тағамдар, вегетариандық, балалар тағамы, жемістер және т.б.; - Аэрофлот: жоғарыда аталған тағамдар, және қосымша теңіз тағамдары, калориясы төмен тағамдар. Ал, егер пассажир басқа тағамдарға тапсырыс бергісі келсе, онда оған қосымша ақша төлейді. Ұшақта 3 кластық комфорт ұсынылады: эконом, бизнес және 1-ші класс. Эконом кластың тағамдары қымбат болмау керек және сапалы болу керек, онда ыстық тағамның екі түрі ұсынылады. Бизнес класта – үш тағам түрін таңдауға болады. Ал, бірінші класта – мәзір түрі ауқымды, ыстық тағам, тістеме және десерт ұсынылады. Ал, спирттік ішімдіктер бірінші және бизнес класта беріледі. Алыс жерге ұшатын ұшақтарда арнайы буфет болады, онда печенье, крекер, дәндер және шоколад беріледі. Билет қымбат болған сайын тамақ түрлерін таңдауға мүмкіндік көбееді.Кеме: Басқа да транспорт сияқты кемелерде де тамақтандыру қызметі жасалынады. Ол кеме деңгейіне, атағына байланысты. Мысалы: Compass Rose – кеменің басты мейрамханасы, мұнда таңғы, түскі, кешкі ас беріледі. Мәзірдің үш түрі ұсынылады. Signatures – «модный» мейрамханасы деп атайды (ер адамдар костюммен келу керек). Мәзірді француздық кулинар институтынан келген аспазшы дайындайды. Latitudes – ең атақты мейрамхана. Ерекшелігі, асүйі ашық тұрады, сондықтан жайындалып жатқан тағамдарды көруге болады. Мәзір әр күн сайын ауыстырылып тұрады. Кешкі ас 19:30 басталады. Онда екі орынды немесе үлкен үстел болады. Кешенді тағам ұсынылады, онда екі тағам түрінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Таңғы және түскі ас швед үстелінде ұсынылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|