ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тағамдарды, сусындарды ұсыну ретін көрсету
Қызметкерлер залда қозғалғанда жол ережесі сияқты ережелерді сақтап қозғалуы керек, тосын қозғалыстар жасамай. Қонақтың оң жағында тұрып, даяшы мынадай іс-әрекеттер жасайды: -приборларды қояды, олар оң жақта жатады (қасық, пышақ); -бокалдар, рюмкаларды қояды және оларды алып тұрады; -алкогольді ішімдіктерді береді; -ішімдіктер құяды; -сорпа құйылған тәрелке қояды; -ыстық ішімдіктер (кофе, шай және т.б.) береді немесе құяды; -мәзір картасын береді; -күлсалғыш береді; -үстелден тәрелкені, приборларды, шыны ыдыстарын және басқаларды алады. Қонақтың сол жағында тұрып, даяшы мынадай іс-әрекеттер жасайды: - приборлар қояды, олар сол жақта жатады (мысалы, шанышқы); -май салады, қонақтарға тамақ алуын сұрайды; -салат салатын тәрелкелерді қояды және алады; -қонақтарға поднос ұсынады керек емес ыдыстарды алуға; -қонақтардың темекісін тұтатады және т.б. Суық тағамдарды ұсыну және беру: Суық тағамдар мынадай ретпен ұсынылады: -балық гастрономиясы (икра, балық, шпрот); -өздері өндірген балық тағамдары; -ет гастрономиясы. -өздері өндірген етті тағамдары; -көкөністер; -салаттар (балықтан, еттен, көкөністен, жұмыртқадан); -ірімшік. Берілетін салқын тағамдардың температурасы 14C аспау керек. Ыстық тағамдар және оны беру: Ыстық тағамдар әдетте, негізгі тағамдардың алдында беріледі. Сорпалар салқын тағамдардан кейін беріледі. Температурасына қарай ыстық (74C) және салқын (7-14C) болады. Дайындау технологиясына қарай сорпалардың мынадай түрлері болады – тұнық (сорпалар), қосынды (щи, борщтар), пюре сияқты, сүтті, салқын, жеміс-жидекті. Екінші тағамдарға ұсыныс және оны беру: Оларды берудің реттері мынадай: -балықтан; -еттен; -құс және аңдар; -көкөністен; -жармадан; -жұмыртқадаң; -ұннан жасалынған тағамдар. Екінші тағамдар ыстық күйінде 65C температурада беріледі, оған соус-75C, тапсырма бойынша тағамдар – 80-90C. Тағамдардың температурасын сақтау үшін берер кезде ыдыстар 40-45C дейін жылытылады. Алкогольдық ішімдіктерге ұсыныс және оны беру: Алкогольдық ішімдіктердің сапалы дәмі жақсы сезіледі, оны дұрыс тағамдармен бірге қосып ішкенде. Сондықтанда ішімдіктерді қандай тағамдармен қосып беру керектігін білу керек: -салқын тағамдарға күшті спирттік ішімдіктер (арақ, тұндырма), сондай-ақ күшейтілген шараптар берген жөн. Кейбір ыстық (сосиска, раки) және салқын (ірімшік, крабтар) тағамдарға сыра береді; -ыстық тағамдарға ақ еттен (шошқа, бұзау еттері, тауық) жасалынған ақ құрғақ асхана шарапын ұсынады; - ыстық тағамдарға қара еттен (сиыр, қой еттері, жабайы аңдардың еттері, үйрек, қаз) жасалынған қою қара асхана шарапын ұсынады; -балықтан жасалынған тағамдарға ақ асхана шарапын ұсынады; -көкөністерден жасалынған тағамдарға жартылай тәтті қызыл және ақ асхана шараптарын ұсынады; -тәтті тағамдарға және жеміске шампан немесе десерт шараптарын ұсынады; -егер тағам шарапқа арналып істелсе, онда сол сорттағы шарапқа сәйкес тағам ұсынады; -қара кофемен коньяк немесе ликер беріледі. Коньяк сондай-ақ лимон, шай, жемістермен жақсы сәйкес келеді. Ішімдік берілетін ыдыс ішімдіктің күшіне байланысты – ащуы күштіге кішкентай ыдыс беріледі және керісінше. Алкогольдік ішімдіктерді ұсынғанда жылдың мерзімін ескерген жөн. Ыстық күндері ақ құрғақ шарап, қыста қызыл күшейтілген асхана шарапы, коньяк ұсынылады. Алкогольдік ішімдіктерді бергенде есте сақтау керек: бір топ қонақтарға бөтелкемен, ал жеке қонаққа графинмен ұсынылады. Тапсырыс берілген ішімдікті даяшы алдымен қонақтарға көрсетуі керек, сосын барып үстелге қояды. Ол үшін алдымен этикеткасын бұрып көрсетеді, сосын қонақтардың рұқсаты бойынша ашады. Ішімдікті көрсетіп ашқаннан кейін азғантай құйып қонаққа дәм таттырады, келісім алғаннан соң даяшы рюмкаларды толтырады. Алкогольсіз ішімдіктерді ұсыну және оны беру: Минералды су және газдалған алкогольсіз ішімдіктер 4-6C дейін салқындатылуы керек, сонда ғана сусынды қандырып ішуге жайлы болады. Ішімдік құйылған ыдысты даяшы қонақтың алдында ғана ашады, сосын рұқсат алғаннан соң фужердің ортасына дейін немесе 1/3 дейін құяды. Ыстық ішімдіктерді ұсыну және оны беру: Ыстық ішімдіктер (кофе, шай, какао, шокалад) адамның жұмысқа деген қабілетін көтереді. Оларды таңертең, түсте, кеште де береді. Ыстық ішімдіктердің температурасы - 75C болуы керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|