Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Индуктивті орауышы (катушка) бар синусоидалы тоқтың тізбегін зерттеу




Индуктивті орауыштағы кернеу, тоқ, кедергі мен қуат мәндерінің өзгерісі

 

Ші А эксперименті

Жұмыстың мақсаты: Осциллограф экранына индуктивті орауыштың тоқ және кернеу қисығын шығарып, uL(t) және iL(t) синусоидтары арасындағы фазалық ығысуды анықтау. Қуаттың уақытқа тәуелді өзгеру графигін тұрғызып, түрлі индуктивтілікті орауыштың реактивті кедергісін анықтау.

 

Экспериментті орындау тәртібі:

Схемаға (4.2-ші сурет) сәйкес тізбекті жинап, реттелетін синусоидтты кернеу көзі арқылы жиілігі 1кГц максималды кернеу амплитудасы 10 В тізбекке беріледі. Схемадағы RК –катушканың активті кедергісі. Орауыштағы кернеу осциллографтың бірінші каналына беріледі, ал тоққа пропорционал кедергімен түрленген (инвертированное) кернеу екіншісіне беріледі.

 

4.2 сурет –Индуктивті катушкасы бар синусоидалы тоқ тізбегінің электр сұлбасы

 

Осциллографтың жаю және күшейту параметрлерін экран бетінде кернеу мен тоқтың шамамен бір периоды кескінделетіндей етіп орнатамыз.

Экрандағы қисық сызықтардың дәл көшірмесін төмендегі тор сызыққа түсіріп, орауыштағы кернеу uL(t) мен тоқтың iL(t) арасындағы фазалық ығысу мен периодты анықтаймыз.

 

Период

T =С×mt= мс

мұнда С=.............бөлік –осциллографтың тор бөлігіндегі период,

mt=....................мс/бөлік – осциллографтың жазу каналы бойынша сезімталдығы.

 

Жиілік

f = 1 ¤ T =............Гц.

 

Бұрыштық жиілік

w = 2 × p × f =.....................=..........1/с.

 

Фазалық ығысу

j =360 D/C=................…....=……..град.

мұнда D=……бөлік –осциллографтың тор бөлігіндегі тоқ пен кернеудің ығысуы,

C=……бөлікосциллографтың тор бөлігіндегі периоды.

Фазалық ығысу орауыштың активті кедергісі әсерінен 90о-тан кем.

Орауыш тұтынатын қуаттың уақытқа тәуелді өзгерісін тұрғызамыз және ол арқылы лездік қуаттың айнымалы құраушысының амплитудасы ретінде реактивті қуатты QL анықтаймыз:

QL=вар.

Орауыштағы тоқ пен кернеудің әсер етуші мәндерін мультиметрмен өлшеу арқылы QL реактивті қуатты анықтаймыз:

QL=UL·IL= = вар.

Екі жолмен анықталған нәтижелерді салыстырып, тұжырым жазамыз.

 

Масштабтары: mU2= В/бөлік, mI= mU1/Rш= В/бөлік, mt= мс/бөлік

4.3 сурет –Индуктивті орауыштағы кернеу uL(t) мен тоқтың iL(t) синусоидалы қисықтары

 

4.1 кесте

  f=0,6 кГц ω=………. f=1,0 кГц ω=………. f=1,4 кГц ω=………. f=1,8 кГц ω=……….
L=100 мГн UL, B        
IL, мА        
XL= ULm/ILm, кОм        
XL =ωL, кОм        
L=40 мГн UL, B        
IL, мА        
XL= ULm/ILm, кОм        
XL =ωL, кОм        
L=10 мГн UL, B        
IL, мА        
XL= ULm/ILm, кОм        
XL =ωL, кОм        

 

4.1-ші кестеде көрсетілген индуктивтілік пен жиіліктің түрлі мәндері кезіндегі орауыштағы тоқ пен кернеудің әсер етуші мәндерін өлшейміз.

Осы өлшеу нәтижелері бойынша U/I қатынасы және ХL=ωL формуласы бойынша индуктивті кедергілерді есептейміз және нәтижелерін салыстырамыз.

4.4-ші суретке әр индуктивтілік үшін, есептік және эксперименттік ХL=f(f)тәуелділік графигін тұрғызамыз.

 

4.4 сурет –Түрлі индуктивтілік үшін тұрғызылған ХL=f(f)тәуелділік графигі

 

 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2020 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных