Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еңбек бөлінісі




Еңбек кооперациясы - өндіріс барысында қызметкерлердің бірлескен іс- қимылдарын келісіп алуды қамтамасыз ететін еңбекті ұйымдстыру нысаны. Еңбектің жай кооперациясында барлық қызметкерлер бір текті жұмысты орындайды.

15. Негізгі өндірістік факторлар және өндірістік қатынастар.

Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік фактор лар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.

1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

Ø жер беті ретінде

Ø экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.

2. Капитал:

Ø Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.

Ø Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.

3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

- адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

- өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

- көп дайындықты қажет ететін еңбек,

- көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

- ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбекдеп бөлінеді.

Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады.Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.

4. Соңғы жылдары көптеген елдердің экономистер өндіріс факторына кәсіпкерлік қаблетті де жатқызды. Кәсіпкерлік қабілет - бұл барлық өндірісі факторларын тиімді пайдалануға қабілеті бар адам ресурстарының ерекшк түрі. Оған мынадай қасиеттер тән болуға тиіс.

1). Өндіріс факторларын дұрыс үйлестіру мен келістіру үшін оның білім деңгейі жоғары болуы керек.

2). Дұрыс шешімдер қабылдай білуі керек.

3). Жаңамалдыққа ұмтыла білуі керек.

4). Тәуекелшіл болуы тиіс.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымын материалдық және материалдық емес өндіріс деп бөлуге болады. Адам қоғамының даму негізі - материалдық өндіріс болып табылады. Материалдық өндіріс саласы өмір сүру, жұмыс істеу үшін қажетті игіліктерді өндіреді. Материалдық емес өндіріске ерекше материалдық емес (рухани құндылықтар) игіліктер өндіру, қызмет көрсету саласы жатады.

16. Қоғамдық өндіріс екіге бөлінеді: материалдық және материалдық емес. Материалдық өндіріс өз ішінде екіге бөлінеді материалдық игіліктерді өндіру және материалдық қызметтерді өндіру. Материалдық емес өндіріс өз ішінде екіге бөлінеді материалдық емес игіліктерді өндіру және материалдық емес қызметтерді өндіру.

Ұдайы өндірістің екі типі бар: жай ұдайы өндіріс және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің алғашқы ауқымда қайталануы.

Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің көбейтілген ауқымда қайталануы. Ол өзі үшке бөлінеді: интенсивті, экстенсивті, аралас.

1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

17. Экономикалық жүйе - экономикалық өзара байланысты және белгілі бір түрде реттелген элементтердің жиынтығы.

Экономикалық жүйелердің тұрақты деңгейлері:

1.Қарапайым экономикалық жүйе.

2.Кәсіпорындар мен үй шаруашылығы.

3.Нарықтар.

4.Ұлттық экономика.

5.Жалпы әлемдік экономика

18.. Экономикалық дамудың негізі үлгілері экономикалық жүйенің үш жіктелімі арқылы көрсетуге болады:

Ашықтық дәрежесі бойынша екіге:

Жабық экономикалық жүйе - барлық іскерлік операциялар мен мәмілелер бір ел ішінде жүргізілетін жүйе және онымен есеп айырысу осы елдің ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Ашық экономикалық жүйе - іскерлік операциялармен қатар халықтар сыртқыэкономикалық байланыстар арқылы жұмыс істейтін жүйе. Ол шетелдік валютаны пайдалануды талап етеді.

Меншік қатынастарының формалары бойынша:

· Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

· Әкімшілік - әміршілік экономика орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

· Нарықтық экономика - меншікке, бәсекеге негізделеді.

· Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

20. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның барлық өндірістік қатынастарының жиынтығын талдау арқылы түсіндіруге болады. Бұл қатынастар айырбас, өндіріс, бөлу, тұтынуды қарастырады. Меншікті экономикалық тұрғыдан қарастыратын болсақ өндірушінің өндіріс құрал жабдықтарымен өзара маңызды болып табылады.

Әйгілі американ экономисі Кауз меншік және нарықтық қатынастарды зерттеген. Сол сияқты Пруддон да меншікті адамдар арасындағы қарым қатынастармен түсіндіреді. Меншік ұдайы өндіріс процесі кезінде тарихи өзгеріп отырып, өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарын иемденуді сипаттайды.

объектілерін иемдену, пайдалану қатынасын көрсетеді.

Меншік субъектілеріне тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топтар, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары жатады. Объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, жұмыс күші және интеллект.

Муниципалдық меншік - муниципалдық (жергілікті өзін-өзі басқаратын орындардың) өкімет орындарының қарауындағы мүлік.

Мемлекеттік меншік - бюджет немесе басқадай қаржылар арқылы алынған, құралған мүлік.

Азаматтар меншігі - еңбек табыстарынан, несие мекемелерінен алған акция және басқа да құнды қағаздардың кірістерінен және жеке меншік шаруашылығынан, мұрагерлік мүліктерінен құралады.

Ұжымдық меншік - жалгерлік, ұжымдық кәсіпорындардың, кооперативтердің, акционерлік ұйымдар мен шаруашылық ұйымдардың бірлестіктердің заңды құқығы бар мекемелердің меншігі.

21. Қазақстандағы жекешелендіру кезеңдері:

1991-1992 - Реформалаудың басталуы, мемлекеттік орталықтан жоспарлы жүйеден нарықтық экономикаға өту. Кәсіпорынарды жеңілдікпен беру, ұжымдық және акционерлік меншіктердің қалыптаса бастауы, тұрғын үй купондарының пайда болуы.

1993-1995 - ҚР Президентінің 1993 жылы 5 наурызда шыққан жарлығымен бекітілген ҚР 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізіле бастады. 200-ден 5000 жұмысшылары бар орта кәсіпорындар ашыла бастады. Инвестициялық жекешелендіру купондарына жаппай жекешелендіру басталды. Аса жұмысшылары бар ірі кәсіпорындар пайда болды және жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Ауыл шаруашылығының жекеше процестері қалыптасты.

1996-1998 - ҚР Үкіметінің 1996 жылы 2 ақпанда қаулысымен бекітілген ҚР-ның 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру және қайта құрылымдаудың бағдарламасына сәйкес жұмыс істеді. Бұл тұста жекеменшік секторының басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту қарастырылды және меншіктің тек ақшалай қаражатқа жекешелендіруін қарастырды.

1999-2000 аралығында жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттырудың бағдарламасына сәйкес жүргізілді. Осы тұста мемлекеттік мүлікті конкурстық негізде жекешелендіре бастады. Мемлекеттік акцияларды иемдену министрліктер мен ведомстволарға жүктелді.

22. Шаруашылықтың бірінші тарихи нысаны натуралды шаруашылық. Онда өндіріс пен тұтыну тікелей қосылған, ал қызметті ұйымдастыру патриархалды дәстүр мен еңбекке экономикадан тыс мәжбүр ету негізінде іске асады.

Натуралды шаруашылық - бұл адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім жасайтын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.

Қасиеттері:

1.Тұйық шаруашылық.

2.Тікелей шаруашылық нысандары. Өндіру тұтыну қатынастарының байланыстылығы.

3.Әмбебап еңбек.

Алайда «өндірдік- тұтындық»- қағидасы бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылық - пайдалы өнімдер нарықта сатылу үшін жасалатын ұйымдастыру экономикалық қатынастарының жүйесі.

Қасиеттері:

1.Ашық шаруашылық.

2.Еңбекті бөлу.

3.Жанама шаруашылық байланыстары.

23. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

· жеке меншіктің пайда болуы;

· тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

· еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

· қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

· экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

24. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:

- адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

- басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі.

Құн - тауарға сіңген және айырбас кезінде айқындалатын қоғамдық еңбек.

25.Акша ~ тауарлар мен қызметтер үшін төлем ретінде алынатындар-дың барлығы, кейбір металл түрін алатын жалпыға ортақ балама.

Ақша 4-5мың жыл бұрын Египетте, Азияда пайда бола бастаған: құйма ақшалар. Қағаз ақша XIIғ Қытайда пайда болған. Ақшаның пайда болуы құн формаларының түрлерінің, яғни айырбас процесінің дамуымен байланысты.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1. Сапалық, біртектілік.

2. Сандық бөлінуі.

3. Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4. Сақталуы.

5. Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

 

26. Ақшаның атқаратын қызметтері.

1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.

4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.

 

27 Рынок (нарық)– бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1. Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы мәліметтер таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

2. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады

3. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше

4. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.

5. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.

 

28. Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау еркіндігі принципі бойынша бөлінеді. Өзімшілдік мүдде өршіп тұрған кезде экономика қалай өмір сүреді деген сұраққа А.Смит "көрінбес қол" деген белгілі ережесін жасап, жауап береді. "Әрбір жеке адам өз капиталдарын жұмсағанда, шығаратын өнімдерінің аса құнды болуларына тырысады. Әдетте ол қоғамдық хал-ахуалға ықпал жасауға тырыспайды, өз мүддесін ғана ойлайды... Алайда осы ойының үстінде көптеген басқа да жағдайлардағыдай, «көрінбейтін қолымен» өз ойында жоқ мақсатқа қарай жылжый береді. Өзінің жеке басының мүддесі үшін жанталасып, ондай әрекетті дұрыс деп ойлайды. Өйткені оны ол қоғам мүддесіне қызмет ететін ең жақсы тәсіл деп ұғады ".

 

 

29. Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

- өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

- кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

- экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

- экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

- өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

 

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

3. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

4. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

5. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

5. Бәсекенің деңгейі

6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

 

30. Бәсеке (Состязание; contention) — ортақ ресурсты пайдаланудағы жүйелердің немесе программалардың өзара таласушылығы; қандай жұмыс бекетінің арнаға қатынас құра алатынын анықтауға мүмкіндік беретін үстаным.

 

Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі. Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

 

жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді; әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады; сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады; сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді; өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады. Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмнің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесінде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістікт Монополистік, жетілмеген бәсеке

 

Монополистік, жетілмеген бәсеке үнемі болып тұрған. Ал 19 ғасыр басында монополиялардың пайда болуымен байланысты, ол шиеленісе түскен. Осы мерзімде капиталдың шоғырлануы басталған, акционерлік қоғамдар пайда болған, табиғи, материалдық және қаржы ресурстарын пайдалануға бақылау қойылған. Жарнаманың көмегімен монополиялар сұраныстың қалыптасуына қаржылық байланыстар бағыттары арқылы тапсырыс берушілер контрагентерге әсер етеді.

 

Монополия деген термин сөзбе-сөз мағынасында тауардың жалғыз сатушысы деген ұғым береді. Монополизмнің негізгі көрсеткішіне монополиялық баға және монополиялық пайда жатады. Фирманың қарамағында сирек кездесетін, ұдайы өндірілмейтін ресурстары болса, оның монополистік болмысы табиғи болады. Ал егер осы фирма өзі ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін ұтымды пайдаланып, монополия құрған болса, фирманың монополиялық болмысы жасанды болады. 20 ғасырға дейін монополиялар шектелген сферада болған. Кейін монополиялау процестері заңдылыққа айналды. Бұл өндірістің, бәсекенің, ұйымдастырушылық бастаманың күшеюімен байланысты болды. Монополияланудың бірнеше формалары болады – картельдік келісімдер, синдикаттау, біріктіру мен жұтып қою, «парасаттылық» келісімдер, т.б. Осылардың негізінде монополистік бәсекенің бірнеше түрлері туады: монопсония, олигополия, олигопсония, дуополия, билатералдық монополия.

 

Монопсония – белгілі тауарды сатып алуға жалғыз сатып алушының монополиясы болуымен сипатталатын нарық құрылымының типі. Өзінің сатып алуын шектей отырып, сатып алушы сатушы табыстарының есебінен монополдық пайдаға ие болады. Монопсония жетілмеген бәсекенің құрамды бөлігі болып табылады.

 

Олигопсония – белгілі тауарларды сатып алушы топтары болатын нарық құрылымының типі. Осылар сатып алуын шектей отырып, сатушы табыстарының есебінен өздеріне монополдық пайда түсіреді.

 

Олигополия – бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше, ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.

 

бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым; ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым; өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, «өндірістік пирамида» типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, әдетте «олигополия» деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорациялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады. Дуополия – белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұлардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мұлде болмайды. Дуополия – бұл олигополияның ең жабайы түрі.

 

Билатералдық монополия (екі жақты монополия) – тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұлар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. Мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.

 

Шаруашылық жүргізудің монополистік формасы жағдайында бәсекенің сипаты өте күрделі болады. Біріншіден, бүгінгі жағдайда, монополияның тұтынушылар мен потенциалдық бәсекелестері туралы толық ақпараты болады. Екіншіден, монополия жарнама арқылы тұтынушылардың сұранысының қалыптасуына елеулі әсер тигізеді, өйткені ірі монополиялар үшін жарнаманы пайдалану жеңілірек түседі. Үшіншіден, монополия өзінің саяси және қаржылық салаларындағы байланыстарын пайдаланып, тапсырма берушілерге (мемлекеттік мекемелерге немесе контрагенттердің компанияларына) елеулі ықпал етеді. Осы жағдайлар, әдетте, бәсеке процесіндегі қауіпті төмендетеді және монополиялық пайда түсуін қамтамасыз етеді.

 

Монополистік бәсекенің бірнеше формалары болады, оның негізгілері мыналар: ғылыми-техникалық тіресу, өнеркәсіптік-өндірістік тіресу, сауда-саттық тіресу (сайысу).

 

Ғылыми-техникалық тіресу. Бұнда фирмалардың бәсекелестік сайысы мына жолдармен жүреді:

 

- жаңа өнім дайындау; осы замандағы жаңа технологиялық процестерді қолдану;

 

- ғылыми-техникалық ақпаратты жинақтап пайдалану; патенттерді сатып алып пайдалану.ерге жол ашады.

 

31. Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. Графиктегі көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

6. Тұтынушылардың табысы. Табыс өскен сайын тұтынушылардың сұранысы да өседі.

7. Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын сұраныс та өседі.

8. Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі тауарлар)

9. Бірін бірі алмастыратын және бірін - бірі толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

- Егерде тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың ұлғаюына әкеледі.

10. Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

32. Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.

Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.

Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

8. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.

9. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.

10. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.

11. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.

12. Бәсекенің деңгейі

13. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.

14. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.

Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.

 

 

33. Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.

 

34.

 

35. Кәсіпкерлік – заңмен рұқат етілген, меншік, жалданған мүлік есебінен табыс табу мақсатымен жүргізілген шаруашылық немесе басқадай қызмет түрлері.

 

Кәсіпкерлік істі бастамас бұрын:

1. Не өндіремін?

2. Қалай өндіремін?

3. Кім үшін өніремін?

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

· Дербестік және тәуелсіздік;

· Экономикалық ынталық;

· Шарушылық тәуесел және жеке жауапкершілік;

· Жаңашылдық, т.б.

 

 

36.Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының әр элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құнын алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

· Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың кұны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.

· Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғаңдай) ақшалай формада тұтас қайтады

37. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

• жүмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

• табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады:

• техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

• құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Моралдық тозудың екі түрі болады:

• еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

• құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады.

Аталған екі жағдайда да негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизация қоры өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет етеді.

38. Капитал[1] (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік

37. Негізгі капитал — бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, бұлардың кұны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады. Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан кызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:

• жүмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету процесінде;

• табиғат күштерінің әсерімен жұмыссыз қалған кезенде. Материалдық тозудың екі жағы болады:

• техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;

• құндық — құнның жаңа өнімге көшуі.

Моралдық тозу — бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмеңдеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Моралдық тозудың екі түрі болады:

• еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;

• құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық жағынан жетілуі, өнімділігі, рентабелділігі жоғары болады.

Аталған екі жағдайда да негізгі капиталдың құны жойылады, төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді (белгіленеді).

Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын, амортизациялық жарналардан құралады.

Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге, сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады. Демек, амортизация қоры өндірісті ұлғайтуға пайдаланылады, қорланудың қосымша көзі ретінде қызмет етеді.

38. Кәсіпорындардың әрбір кезеңдегі өндіретін капиталы үш қызмет түрінде қалыптасады:

1. Ақша капиталы - кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алу үшін және еңбек күшіне қажетті еңбек ақыны өтеу үшін құрылады.

Ақша капиталы → өндірістік қор + еңбек капиталы.

2.Өндіргіштік капитал - өндірістік қорлардың құны және жұмысшы күшінің құны өндіргіштік қажеттіліктер процесінде болады.

3.Тауар капиталы – қалытасқан, бірақ кәсіпорын сатпаған немесе ұсынбаған өнімдерді қарастырады. Қызметі өнімді сатып, пайда түсіру болып табылады.

 

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалды форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытын қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

 

А - Т... Ө... Т1 - А1

 

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

 

А - Т...

 

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы - өндіріске жағдайлар жасау:

 

... Ө...

 

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өңдіру функциясын атқарады:

 

... Т1 - А1

 

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, көсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функциясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айнальімы деп атайды. Формула көрсетіп тұр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

 

d 1

 

Мұнда А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдьщ айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдык құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасыңда толық кайтып түскеңде капитал толық айналым жасайды.

39. Инвестициялар - капитал қорын толықтыру үшін кәсіпкерлер ала-тын тауарлардың қүны.

Инвестициялар былай бөлінеді:

а) Жалпы жеке ішкі инвестициялар үстіміздегі жылғы өндіріс барысында қолданылатын машиналарды, жабдықтарды және өндіріс құрылыстарын алмастыру үшін арналған барлық инвестициялық тауарларды өндіруді, плюс экономикадағы капитал көлеміне қосылған қандай да болмасын таза қосылымды қамтиды. Демек, жалпы инвестиция орнын толтыру сомасында, инвестицияның өсуінде қамтиды;

б ) таза жеке ішкі инвестициялар – осы жыл бойы өзінің орны бар үстеме инвестициялар.

2.Таза инвестициялар және экономикалық өсу. Жалпы инвестициялар мен амортизациялардың осы жылғы өндіріс барысында пайдаланылған еліміздің капитал көлемімен арасындағы ара қатынас экономиканың өрлеу, тоқырау немесе құлдырау жағдайында тұрған- тұрмағандығын көрсететін жақсы индикатор болып табылады. Екінші схемада үш жағдайдың әр қайсысы көрсетілген.

3. Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы кәсіпорын түпкілікті (ақырғы) өніміне және тікелей сатып алынатын ресурстардың барлығына әсіресе жұмысшы күшіне шығатын барлық мемлекеттік шығындарды қамтиды, барлық мемлекеттік трансферт төлемдер шығарылып тасталады.

4. Таза экспорт - бүл отандық тауарлар мен қызметтерге деген шетелдік шығындардың шетелдік тауар шығындарынан асып түсудегі айырмашылығы.

40. Кәсіпорынның ұжымдық-құқықтық формаларына:

1. Ақционерлік қоғам. Жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралдарды және оның пайдасын акционерлер дивиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапершілігі оның акцияларының құнымен шектелген.

2. Серіктестік- адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Кәсіпорынның ұжымдық-экономикалық формаларына:

1. Концерн – көп салалы монополистік өнеркәсіп бірлестігінің қазіргі экономиалық жағынан үстем нысаны. Өндірісті әртараптандыруға сүйене отырып, концерндер өздерінің құрамында ондаған, жүздеген әр түрлі кәсіпорындарды, ғылыми-зерттеу мекемелерін, оқу орталықтарын және орасан зор экономикалық кешеннің қызметін қатамасыз ететін басқа да көптеген буындарды біріктіреді. Концернге кіретін кәсіпорындар сөз жүзінде дербес кәсіпорындар болып қалады, бірақ іс жүзінде концернді басқаратын қаржы алпауыттарының бақылауына бағынады.

2. Қауымдастық – бір немесе бірнеше шаруашылық қызметтерді бірлесіп атқару мақсатымен кәсіпорындардың шарт арқылы құрылған бірлестігі.

3. Консорциум- заемдарды бірлесіп тарату үшін, үлкен ауқымдағы қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу үшін бірнеше банкілердің немесе өнеркәсіп орындарының арасындағы уақытша келісім. Білескен қаржы және коммерциялық операцияларды жүргізу туралы келісімге қол жеткізілген ұйымдардың бірлестігі.

4. Синдикат – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік және заңды дербестігін сақтай отырып, бүкіл коммерциялық қызметті жүзеге асыруды мойнына алады.

Картель – монополистік бірлестіктер нысандрының бірі, оған қатысушылар монополиялық пайда табу мүддесін көздеп, баға туралы өткізу рыногы туралы, өніріс көлемі туралы, патенттер алмасу туралы, жұмыс күшін жалдау шарттары туралы келісім жасасады (бұл орайда, өндірістік және коммерциялық дербестік сақталады).

41. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

42. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) жоне қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа болуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорыннын тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады

Өзгермелі шыгьшдарга осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс м






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных