Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.




47. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

- Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

- инвестицияның пайдалылығына,

- экономиканың дамуына,

- мемлекеттің сұранысына,

- салым мерзіміне,

- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.

Нақтылы несие процент мөлшерлі номиналды мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық. π

Мұнда: r – нақты процент ставкасы;

n – номиналды процент ставкасы;

π – күтілетін инфляция өсімі.

Мысалы: жылдық номинальдық несие проценті – 15%, алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына) онда нақтылы процент (15-7) = 8%.

48. Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар:

- біріншіден, жердің кеңістік жағынан шектеулілігі,

- екіншіден, жер адам іс-әрекетінің өнімі емес, табиғаттың жемісі, сондықтан, оның құны жоқ, бірақ табыс әкеледі, сатып алынады және сатылады, яғни бағасы бар.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жер құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

 

Жер нарығы.  
Р   S     Е Ре P0 D   Qе Q Жердің ұсынысы абсолютті икемсіз, сондықтан ұсыныс тік сызық түрінде болады. Жер нарығында тек сұраныс көлемі, бағаға байланысты өзгереді. Р – жердің бағасы; Q – жердің көлемі.  

 

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады.

49.ҰЕЖ - өзара байланыстылықтағы статистикалық көрсеткіштер жүйесінің макродеңгейінде аяқталатын, нарықтық экономикаға сәйкес келетін ұлттық есеп жүйесі.

50.Ұлттық есеп шоттар /ҰЕШ/ - өндірісті, ақтық өнімді және табысты бөлуді, пайдалануды сипаттайтын экономикалық-статистикалық көрсеткіштердің жиынтық жүйесі.

ІЖӨ -ең маңызды экономикалық индикаторларының бірі болып табылады. ІЖӨ белгілі бір кезеңде мемлекет аумағында өндірілген ақырғы тауарлар мен қызметтердің барлық сомасын есептеп шығарады, оның ішінде шетелдік компаниялардікін де, бірақ оған елден тысқары жерлерде өндірілген тауар мен қызметтер, тіпті, пайдаланылған ресурстар сол елдің азаматтары немесе компанияларына жатса дағы есепке алынбайды.

Алайда ІЖӨ -ні есептеген кезде мыналарға көңіл салу керек. 1). ІЖӨ - нің ақшалай өлшеуі жылдық өндірістің нарықтық құнын өлшейді. ІЖӨ ақшалай көрсеткіш болып табылады. Кез келген елде тауарлар мен қызметтердің миллиондаған атаулары шығарылады, ал ел өз экономикасының жағдайын талдауы үшін ІЖӨ көлемін жылдар бойынша салғастыру қажет; 2). Қос есепшотты болдырмау. ІЖӨ -ге тек ақырғы өнімдер ғана есептелуі мүмкін. ІЖӨ - ол экономикамен жыл ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны. Бір өнімді екі дүркін және одан да көп рет санау арқылы ІЖӨ -ні артық көбейтіп жібермес үшін, назарға тек ақырғы өнім ғана алынады. Оны төмендегі мысалдан көруге болады.

ІЖӨ - өз елімізде және шетелде (елдегі шетелдік кәсіпорындар шығарғандарды қоспағанда) экономиканың ұлттық субъектілері өндірген қосымша құнның барлық жиынтығы. Екі көрсеткіштің арасындағы айырым мынаған саяды – бір жағдайда (ЖҰӨ т уралы болғанда) сыртқы фактор ескеріледі, екінші жағдайда (ІЖӨ) - ескерілмейді. Сонымен бірге мынаны ескеруіміз қажет- қазіргі заманғы дамыған елдерде (олардың сыртқы экономикалық белсенділіктерінің жоғары дәрежелігінде) сыртқы экономикалық тасқынның теңгерімдік мөлшері салыстырмалы түрде үлкен емес. ІЖӨ -ге қатысты сауда немесе төлемдік теңгерімнің барлығы әдетте минус немесе плюс бір пайызды құрайды. Экономикалық экспансия мен елге сырттан келетін тасқындар ауқымдарының арасындағы айтарлықтай деңгейдегі теңестіру нарықтық экономика дамуының заңдылығын және ішінара мемлекеттік реттеушілік функциясын көрсетеді.

51.ЖҰӨ-ді сандық анықтаудың екі түрлі тәсілі бар. Біріншісі - өндірістің рыноктағы барлық өнімін сатып алу үшін қажетті барлық шығындардың жиынтығы секілді. Бұл - өндіріс бойынша немесе шығындар бойынша ЖҰӨ-ді анықтайтын тәсіл. Екіншісі – ЖҰӨ өндіріс процесінде алынған немесе жасалынған табыс тұрғысынан қарауды болжамдайды. Бұл - табыс бойынша ЖҰӨ-ді анықтайтын тәсіл. Олардың келіп тірелетін мәнін ашуға мүмкіндік береді: ЖҰӨ сол жылдың ішінде шығарылған барша өнімдерді сатып алуға жұмсалған барлық шығындардың қосындысы арқылы немесе сол жылдың ішіндегі шығарылған барлық өнім көлемінен алынған барлық табыстарды қосу арқылы анықталады. Егер бұны жай теңгеру формасында қарайтын болсақ, онда былай деуге болады:

Осы жылғы шығарылған өнімдерден тауарларды сатып алуға кеткен шығын көлемі = алынған ақшалай табыс.

ЖҮӨ = С+Jg+G+Хп, Мүңда:

С ~ жеке тутыну шығындары;

Jg — жалпы жеке ішкі инвестициялар;

Хп — таза экспорт:

G — тауарларды және қызметтерді мемлекеттің

сатып алуы.

Табыс төлеумен байланыссыз қаражаттарға амортизациялық жарналар А және фирманың шығындарына жататын бизнеске салынатын жанама салықтар Nb жатады. Жанама салықтарға акциздер, үстеме құн салығы, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер және баж салықтары жатады.

ЖҰӨ-нің табыс арқылы қорытынды есептерінің түрі мынадай болады:

ЖҰӨ = Z+R+К+Р+А+Nb.

ҰЕЖ-де ЖҰӨ ағымдығы нарықтық бағамен есептеледі. Сондықтан ол өндірістің жылдық сомалық көлемінің номиналдық шамасын бағалайды. ЖҰӨ-нің номиналдық көлеміне инфляцияның әсерін өлшеу үшін тауарлар мен қызметтердің орта баға дәрежесіндегі өзгерістерін сан жағынан бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштің болуы қажет. Осындай керсеткіш ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады.

Дефлятор тұтынуға немесе инвестициялануға тағайындалған өнімдер мен қызметтердің өте көбінің бағаларындағы өзгерістерді есепке алады. Сөйтіп, ол тұтынулық бағалардағы өзгерістердің иңдексімен (бұны әдетте, сатып алушылар есепке алып отырады) бірдей болмайды.

Номиналдық ЖҰӨ және оның дефляторының көлемі туралы мәліметтердің негізінде өндірістің физикалық көлемін сипаттайтын нақты ЖҰӨ есептеледі:

Нақты ЖҰӨ =Номиналдық ЖҰӨ / ЖҰӨ дефляторы(бағалар индексі)

Ағымдағы өндіріс көлемінің базистік жылмен салыстырғанда өсу қарқынын бағалауда нақты ЖҰӨнің көлемін анықтаудың маңызы өте жоғары болады.

52.Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, маңызды төрт мәселені атайды: 1. Экономикалық өсу; 2. Жұмыспен толық қамтылу; 3. Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы; 4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдік.

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады. Оның жүзеге асырылуы ЖҰӨ-нің абсолютті салыстырмалы өсуінің шеңберінде жоспарланады. (Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі орта есеппен жылына 2-4,5 пайызды құрайды). Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Немесе, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдіегі өзгерістерін атайды. Ал оның көрініс түрлері туралы экономикалық теорияда екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған (1, б. 240-241).

53.Көптеген оқулықтарда экономикалық өсудің екі түрін қарастырады: экстенсивтік, яғни өндіріс көлемінің ұлғаюуы факторлардың қолданысын сандық жағынан арттыру арқылы мүмкін болады, ал интенсивтік түрі - факторларды тиімді пайдалану арқылы өндіріс көлемін сандық тұрғыдан да және сапалық тұрғыдан да арттыруды айтады. Нақты экономикада оның өсуінің екі түрі де белгілі арақатынаста немесе ұштасқан жағдайда көрініс табады. Дамыған елдерде ғылыми техникалық революцияның жетістіктерін экономикада кең түрде еңгізудің нәтижесінде жаңа экономика қалыптасты, оны постиндустриалдық немесе инновациялық экономика деп те атайды. Бұл экономикада интенсивтік, инновациялық факторлар экономиканың өсуін негізінен қамтамасыз етеді, сапалық жаңа сатыға көтереді.

Экономикалық өсудің факторлары деген ұғымға өндірістің нақты көлемінің ұлғаюуына әсер ететін әртүрлі құбылыстар мен үрдістерді жатқызуға байланысты. Бұл жерде біз басқаша да түсініктердің болуын ескеруіміз керек. Сонымен қатар оларды тікелей және жанама деп бөлуге болады (Толығырақ бұл сұрақты 2. б. 243-244 табуға болады).

54. Қазақстанның экономикалық саясатының басымды мақсаттары “Стратегия–2030” бағдарламасында анықталған. Экономикалық өсу қарқынын жеделдету үшін ҚР - ның үкіметі жуық жылдарда инфляцияның жылдық орташа деңгейін дәйектілікпен төмендетуді, басқаруға болатын бюджет дефицитін сақтауды және ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қолдауды көздеуде. 2000 жылы, негізінен, экономикадағы құрылымдық реформа аяқталды, ЖІӨ-ге жекеменшік секторының үлестік өсуі жалғасты және экономика жоғары деңгеймен өсе бастады. Инфляцияның төменгі деңгейіне жету және соны ұстап тұру мақсатында ақшалай-несиелік және қаржылық реттеуді, еліміздің банк жүйесін нығайтуды және қаржылық секторды дамытуды жетілдіре түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастырумен бірге ақша-несие және бюджет саясатын қатайту көзделуде.

Қолда бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың және ғылыми-техникалық әлуеттің негізінде қорғаныс-өнеркәсіп кешенін құрылымдандыру және дамыту жөнінде шаралар қабылдау ойластырылуда. Бұл жағдайда жекеленген ғылыми-өндірістік бірлестіктердің бағыттары бойынша “талдау-жобалау-әзірлеу” деген тұйық циклды жасау мақсат етіп қойылуда, бұл республикамызды отандық өнімдермен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Экономикалық саясатқа қол жеткізудің құралдары мына төмендегілер бола алады: 1. Әкімшілік; 2. Институционалдық; 3. Экономикалық: а) қаржы жүйесі; б) ақша-несие жүйесі.

55. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.

  3 1 3 Циклдың фазалары: Дағдарыс (құлдырау, рецессия). Тоқырау (стагнация). Жандану. Өрлеу (бум).  
Экономикалық цикл  

Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:

Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.

Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.

Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.

Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.

Тоқырау фазасының сипаттамасы:

Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.

Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.

Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.

Жандану фазасының сипаттамасы:

Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.

Инвестициялар өседі.

Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.

Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.

Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.

Өрлеу фазасының сипаттамасы:

Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.

Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.

Тауарлардың бағасы өседі.

Қарыз капиталының ұсынысы өседі.

Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.

Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.

Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.

Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.

Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.

56. Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.

Болжау арқылы инфляция бөлінеді:

Күткен инфляция – ол болжамдалынған инфляция.

Күтпеген инфляция – ол кенеттен тосын пайда болады, бағалардың кенеттен күрт өсіп кетуі.

Бағаның өсу қарқыны тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады:

Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

Қарқынды инфляция. Бұл инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20-дан 200% -ге дейін) өседі.

Ұшқыр инфляция. Бұл инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға өте күрт жылдамдықпен (500-1000%-дейін) өседі. баға мен жалқының арасы алшақтап бай адамдардың да тұрмыс жағдайы қиындай бастайды.

Инфляция деңгейі баға индексі көмегімен өлшенеді. Ағым кезіндегі тұтыну баға индексінен өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі алынып, өткен кезеңдегі тұтыну баға индексіне бөлінеді.

 

Баға = ағым кезіндегі тұтыну баға индексі - өткен кезеңдегі баға
индексі өткен кезеңдегі тұтыну баға индексі

 

Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып жатуы. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.

Тауарлар мен қызмет өндіру көлемінің қысқаруы, тауар тапшылығы.

Кейбір өндірушілердің монополиялық жағдайда болуы, яғни олардың өзінің өніміне жоғары баға қою.

Өндіріс шығындарының өсуі, яғни шикізат, материалдар, жалақы шығындарының өсуі.

Елдің экономикасының ашықтығы, оның әлемдік байланыстарының өсуі инфляцияны шеттен әкелу қаупін молайтады.

Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.

57. Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Мальтузиандық мектептін ірі өкілі Т. Р. Мальтус жұмыссыздықтың пайда болуын халық санының артып кетуімен байланыстырды. Халықтың саны геометриялық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,4,8,16…), ал өмір сүру жабдықтар тек арифметикалық прогрессиямен өседі (яғни 1,2,3,4…). Сондықтан тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі жұмыссыздықтың себебі болып табылады.

Батыс мектептің өкілдері жұмыссыздықты жұмысшының еркін таңдауы деп есептеді. А. Пигу жұмысшылар шектен тыс жоғары жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраныс төмендейді. Бірақ XX ғасырдың 30 жылдарындағы жаппай жұмыссыздық бұл теорияның дұрыс еместігін дәлелдеді.

Кейнстік мектеп жұмыссыздықты тауарға сұраныстың төлем қабілеттілігінің жеткілісіздігімен және жалақының жоғары деңгейімен түсіндіреді. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері тауарлар мен қызметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы сұраныстың көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығындағы сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың болуы жиынтық сұраныстың жеткіліксіз болуымен байланысты, яғни жұмыссыздықтың төмендеуіне жиынтық сұраныстың өсуі және жиынтық сұраныстың құрылымы әсер етеді. Жұмыссыздықтың деңгейі мемлекеттің инвестициялық іс-әрекеттерінің молаюы және экономикалық дамуы арқылы реттеледі.

Монетарлық теорияны жақтаушылар жұмыссыздықтың себебі мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде деп түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып өндіріс процессін реттеуге болады. Жұмыссыздық пен инфляцияның өсу қарқыны арасында тұрақты өзара байланыс болады. Экономикалық теорияда бұл құбылыс Филлипс қисық сызығы деп аталады (ағылшын экономисі А.Филлипстің атымен аталған және жұмыссыздықты қысқарту салдарынан болатын бағаның жедел өсуінің «заңдылығын» ол алғаш рет 1958 жылы график түрінде бейнелеген болатын). А.Филлипс 1881-1957 жж. арасындағы Ұлыбританиядағы жұмыссыздық деңгейі мен жалақының ақшалай мөлшерінің арасындағы тәуелділіктің қисық сызығын тұрғызған.

Филлипс қисық сызығы экономикадағы жұмыссыздық пен инфляция деңгейінің өзара өзгеруін көрсетеді. Халықтың жұмысбастылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты олардың табысы жоғары болатындықтан жұмыссыздықтың азаюы құнсызданудың өсуіне әкеліп соғады. Себебі табыс жиынтық сұраныстың артуына себеб болады.

Жұмыссыздық - бұл халық шаруашылығында жұмыспен қамтамасыз етілмеген еңбекке қабілеті бар жұмыс күші.

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

Кез келген жұмыссыздықтың деңгейімен байланысты болатын экономикалық зиянды анықтау үшін Оукен заңы қолданылады. Осы заң жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді.

Оукен заңы бойынша жұмыссыздықтың нақты деңгейі, табиғи деңгейіне қарағанда, 1 %-ке өсуі нақты ЖҰӨ-нің потенциальдық мүмкіндігімен салыстырғанда орташа 2,5%-ке төмендеуіне әкеледі. Потенциальды ЖҰӨ толық жұмыспен қамту жағдайында өндірілетін өнім.

Кез келген елдің экономикасында жұмыспен айналыспайтын белгілі бір адамдар саны бар, сондықтан мемлекет тарапынан оларға жұмыссыздық бойынша қаржы төлейді. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси зардаптарын азайту үшін дамыған елдердің үкіметтері соңғы жылдары жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда.

58. Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықта шаруашылықты жүргізу субъектілерінің қоғамдық өндірісті дамытуына, әлеуметтік проблемаларды шешуге, халықаралық беделді және сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ету мақсатымен салық, бюджет, құрылымдық инвестициялық, валюталық-қаржы саясаты арқылы жүзеге асырылады

Жұмыстың мақсаты – мемлекеттік экономикаға араласу шегін оның тәсілдері мен қызметтері арқылы айқындап, мемлекеттік реттеу осы немесе өзге деңгейде болса да, қоғамның өмір сүру қызметінің барлық саласын қамтуы, экономиканың барлық саласына, сондай-ақ көлік жиынтығына да қатысты болуы тиістігін зерттеу.

Нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы, экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.

Кез келген елдің экономикалық даму процестерінде, мемлекет ең алдымен билік құрылымы ретінде орын алуы тиіс, ол нарықта шаруашылық субъектілерінің жүргізілу тәртібіне қатысты ережелер белгілейді және нарықтық субъектілердің қызмет ету жағдайына қатысты ынталандыру механизмі мен өзінің міндеттемелік жазбаша өкімінің көмегімен әсер етеді. Бүгінгі күні экономиканың мемлекеттік реттеу қажеттілігі туралы тезис аксиома болып табылады. 

 1. МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ НАРЫҚТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ

Нарықты реттеу екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі.

Нарықты мемлекеттік реттеу, қаржылылқ реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету деп есептеледі.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан терең экономикалық қайта ұйымдастырулар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізінде жатқан постулаттар мен қалыптасқан стереотиптерге сынмен қарауға мәжбүр етті. Нарықтық қатынастар жағдайында қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің заңдылықтарын зерттеу экономикалық қызметті басқарудың тиімді әрекет жүйесін құруға жол ашты.

Нарықты мемлекеттік реттеудің негізі шаруашылық байланыстары мен өзара әрекеттестіктері мақсатты бағытталған тәртіпке келтірудің процесі ретінде оның маңызын көрсетеді. Өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттік реттеу бұл нарықтық қатынастар жүйелері мен субъектілеріне мемлекеттік мақсатты бағытталған ықпал етуі. Ол нарықтың өзін -өзі реттеу механизмімен бірлесіп, аймақтық экономика дамуының қуатты фыакторы ретінде қатысады.

Мемлекеттік реттеу - бұл нарықта жүргізілетін процестердің мемлекеттің экономикалық саясатына бағыныстылығы.

Нарықты экономикалы елдердің тәжірибесі экономикаға мемлекеттің белсенді араласуының объективті қажеттілігіне куәлік етеді. Ол қоғамдағы мемлекет пен нарық субъектілерінің ортақ және өзара қарама-қайшы мүдделерінен көрініс табатын өндірістік қатынастарға негізделген. Бірақ та, тиімді мемлекеттік реттеу оған сәйкес келетін жағдайлар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұлардың ең бастылары:

• Экономикадағы, қаржы, заң шығару, ішкі және сыртқы саясаттардағы негізгі стратегиялық бағыттарды қалыптастыру, мен олардың ықпал етуінде, басқаруда мемлекеттің басты тетіктерді өзінде қалдыруы;

• Экономиканың мемлекеттік секторының, яғни тікелей мемлекеттік реттеу объектілерінің бар болуы (қорғаныстық өнеркәсіп, көлік, байланыс);

• Мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін атқаруы үшін аймақтық, салалық және әлеуметтік бөлімдердегі орталықтандырылған қорлар арқылы бөлінетін, елеулі қаржы ресурстарын шоғырландыруы.

Рыноктық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.

Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.

Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастырусияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ШЕГІ

Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықты қоғамда маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл зерттеу және сегменттеу жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Кез-келген елдің зерттеу және сегменттеу жүйесіндегі мемлекеттің ролі оның қызметі арқылы байқалады. Зерттеу және сегменттеу қызметтің түрлері өте көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:

Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады: стратегиялық, зерттеу және сегменттеу, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлау;

Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;

Үшіншіден, нарықты жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарықты зерттеу және сегменттеуда монополизмнің болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;

Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, зерттеу және сегменттеуны тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;

Бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға-оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз.

Экономиканы реттеу тәсілдері - бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс процесінде мақсатты бағыт беру әдісі.Ол нарықты механизм қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде былай жіктеуге болады: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықты тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай-тікелей және жанама.

Реттеудің тікелей тәсілі зерттеу және сегменттеу процестің өзіне және оның параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраныс төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолданатын әдістер жатады.

Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанымен, бірақ барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар зерттеу және сегменттеу қызметтің жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады.

Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.

Мемлекттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне мыналар жатады: Фискалдық саясат; Несие-ақша саясаты; Баға мен табысы реттеу саясаты; Әлеуметтік саясат; Сыртқы зерттеу және сегменттеу саясат; Әкімшілік реттеу; Қысқа мерзімді реттеу; Ұзақ мерзімді реттеу; Аймақтық реттеу.

Фискалдық саясат мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары жатады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі салықты реттеу болып табылады. Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:

- кейбір зерттеу және сегменттеу процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында салық ставкасын өзгерту.

- ставканы өзгертпей сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.

-салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру.

Несие-ақша саясаты. Келесі түрлері жие қолданылады:

- банктің есептеу ставкасын өзгерту.

- эмиссиялық банктегі міндетті минималды салымның көтерілуі.

- «ашық нарықтағы операциялар».

Баға және табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.

Әлеметтік саясат өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады.

Сыртқы зерттеу және сегменттеу реттеуге мыналар енеді: мемлекеттің сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер жүйесі, квота, лицензия.

 

   

59. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

 

Мемлекеттік қаржы құрамына:

мемлекеттік бюджет,

банктік және мемлекеттік несие,

экономиканы тұрақтандыру қоры,

зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,

әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры,

валюталық қор,

мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы,

мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Сонымен, қаржы – қоғамдағы ақша құралдарының қорларын қалыптастыру мен пайдаланудағы жалпы экономикалық қатынастардың жиынтығы. Мұндай қатынастар негізгі субъектілер арасында қалыптасады:

мемлекет және оның институттары,

компаниялар, кәсіпорындар,

үй шаруашылығы.

Қаржы шаруашылығы экономика мен қоғамдағы мемлекет рөлінің басым екендігін көрсетеді, яғни қоғамдық құқықтық институттардыңқаржы ағыстарын қамтиды.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

60.Дискрециялық емес фискальдық (қазналық) саясат жанама тұрақтандырғыштар арқылы жүзеге асырылады. Оған салықтық жүйе, ең алдымен прогресивті салықтар жатады. Жанама тұрақтандырғыштар – бұл автоматты түрде іске қосылатын нормалар, ол үкімет тарапынан қандайда бір арнайы қадамдар жасаудың қажетінсіз-ақ күшіне енеді. Жалпы ұлттық өнімнің өсуіне орай өркендеу кезеңінде салықтық түсім автоматты түрде молаяды, ол экономикалық өрлеуді тежейді. Керісінше, жалпы ұлттық өнім құлдырау кезінде азайса, салықтық түсім автоматты түрде кемиді және бұл азаю экономикалық құлдырауды тежейді, баяулатады.

Дискрециялық фискальдық саясат. Бұл ұлттық өндірістің және жұмыспен қамтылудың нақтылы көлемін өзгерту, инфляцияны бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатында саналы түрде бюджетпен (салықтармен және үкіметтің шығындарымен) жүргізілетін саясаты. Мұндай шаралардың ішіне салықтық ставкалардың, салық түрлерінің және шығындар көлемінің өзгерістері кіреді. Оның мысалы ретінде қомақты сомаға тауарлар мен қызметтер сатып алу туралы үкімет шешімін немесе жалпы өнімнің көлеміне байланыссыз жаңа салықты ендіру ісін атап өтуге болады.

61.Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Салық түрлері






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных