Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Монета – ол формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы заңмен бекітілген металдан жасалған ақша белгісі.




Монета бет жағы – аверс, келесі жағы – реверс, кесіндісі – гурт болып ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместері - биллонды ақшалар деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында мынадай түсініктемелер бар:

Биметаллизм – жалпыға бірдей эквивалент рөлін екі немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күміс монеталар пайдаланылады.

Монометаллизм – жалпыға бірдей эквивалент ретінде бір ғана металл түрі қолданылатын ақша жүйесі.

Түрікше “акче” сөзі, қазақша “ақша”, яғни “ақ” сөзінен, күміс монетаның түсіне қарап шыққан.

Капиталистік тауарлы өндірістің дамуы барысында қағаз ақшалар пайда бола бастады. Олар айналыста алтын монеталарды ығыстырып шықты. Қағаз ақша айналысындағы ұсақ төлемдерге қызмет ететін ауыстырылатын монеталар қағаз ақшалардың әр түрі болып табылады. Әдетте оны төменгі сынамасы бар металдан жасайды.

 

96,Жұмыс күші – 1) дүние жүзінің көптеген елдерінің статистикалық көрсеткіштерінде қолданылатын ұғым. Экономикалық белсенді тұрғындар санын, яғни елдегі еңбекке жарамсыз адамдарды қоспағанда, 16 жастан бастап зейнетке шығу жасына дейінгі аралықтағы жұмысқа қабілетті (жұмыс істеп жүрген және жұмыссыз) тұрғындардың жалпы санын білдіреді. Елдегі Жұмыс күші жалпы Жұмыс күші және азаматтық Жұмыс күші болып бөлінеді. Жалпы Жұмыс күші – елдегі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Азаматтық Жұмыс күші – елдегі әскери қызмет атқарып жүрген азаматтарды қоспағандағы еңбекке қабілетті адамдардың жалпы саны. Қазақстанда еңбекке қабілетті 16 жастан 63 жасқа дейінгі ер адамдар, 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйелдер елдегі Жұмыс күші көрсеткішін құрайды. Олардың жалпы саны 8,531 млн. адам(2000); 2) белгілі бір адамның еңбекке қабілеттілігі, яғни оның бойындағы қоғамдық пайдалы өндіріске қажетті физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің (білігі, дағдысы, тәжірибесі) жиынтығы.[1]

97, Баяу инфляция. Бұл инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% -тен аз) өседі. Шетел ғалымдарының ойынша, баяу инфляция экономикаға оң әсерін тигізеді, күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді.

 

98,

99,

100, ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағасының индексі жалпы баға деңгеі туралы экономикада әр түрлі ақпарат берді.

Осы екі көрсеткіш арасындағы үш негізгі айырмашылықтары бар:

1. ЖҰӨ дефляторы барлық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің құнын көрсетеді, ол тұтыну бағасының индексі тек тұтынушы тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын есептейді. Сонымен, фирмалар мен мемлекет тұтынатын тауарлар мен қызметтердің бағасының ЖҰӨ ін алуға болады.

2. Жалпы ұлттық өнім дефляторы тек қарастырылып отырған мемлекеттің азаматтары өндірген тауарларды есепке алады. Басқа елдерден импортталатын тауар ЖҰӨ дефляторында да көрсетілмейді. Сол себепті Жапонияда жиналып, АҚШ та сатылған «тойота» құнының өсуі, тек тұтыну бағасының индексінде көрсетіледі, моны Америкалық тұтынушылар тұтынады, бірақ ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді.

3. Бағаның әр түлі болуында.Тұтыну баға индексі есептегенде, әр түрлі тауар бағалары тұрақты салмақты болады, ал ЖҰӨ дефляторы есептегенде ауыспалы салмақ қолданылады. Басқа сөзбен айтсақ тұтыну баға индексі өзгермейтін тауарлар жиынында есептелінеді, ал ЖҰӨ дефляторы тауарлар жиынының өзгеруіне байланысты болады, яғни ЖҰӨ құрамының өзгерісіне байланысты болды.

ЖҰӨ дефляторы да және тұтыну баға индексі де анықталған тауар жиынының ағындағы бағасы базистік жылдағы сол тауарларды бағасымен салыстырылғаны көрсетіледі. ТБИ өзгермейтін тұтыну қаржыны қолданылыды, ал ЖҰӨ дефляторы өзгермелі тұтыну қаржыны бағаларға деген әр түрлі көзқарастар әсері не әкелетінін келесі мысалдан көреміз. Мысалы Алматыда болған қатты суық әсерінен барлық алма бағасы қатты көтеріледі. Дегенмен, алма ЖҰӨ құрамына кіргенімен, бағаны жоғарылауы ЖҰӨ дефляторында көрсетілмейді. ТБИ өзгермейтін тауар жиынтығы негізінде есептелсе, оған алма кіреді, сонда алма бағасынан көтерілуі тұтыну бағасының индексі көрсетілуіне алып келеді. Өзгермейтін тауар жиынын есептейтін индекс «Ласпейрс индексі», ал өзгеретін тауар жиынын «Поаше индексі» көрсетеді.

Бұл индекстер өмір құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір өмір деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі өмір құнының өсуін Поаше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиыны есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тұратын тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі ескерілмейді. Поаше индексінде тауардың бір бірін алмастыруы есепке алынады. Бірақ мұнда әл ауқаттың төмендеу деңгейі көрсетілмейді. Тұтыну бағасының индексі, яғни мұнда тұтынушы үшін алма бағасы өсімі жоғарылайды. Бұл жерде өзгермейтін тауар жиыны қолданылады және алманы апельсинмен алмастыру мүмкіндігі есепке алынбайды. ЖҰӨ дефляторы бұл Паоше индексі, мұнда керсінше, тұтынушы үшін бағаныңжоғарылауы толығымен көрсетілмейді. Осы жерде ЖҰӨ дефляторы өсім құнын көрсетіп тұрған жоқ, дегенмен алма құнының жоғарылауы тұтынушы жағдайына жағымсыз әсер тигізді.[5]

 

 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2020 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных