Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы




Ақшаның металлдық теориясы. Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлануы кезеңіндегі меркантилистер жатады. Оларға қағамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металлдармен бірдей деп санау тән болған. Олардың пікірінше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күміс, яғни бұлар өзінің табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фашистік сипатта, себебі бұл теорияның пайымдауынша ақшаның рөлінде алтын, күміс сияқты кез келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндірістік қатынастарын сипаттайтын ақша екендігі жөніндегі хабарсыз.

Ресейде металлдық теорияның өкілі атақты мемлекеттік қызметкер м.м. Сперанский болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негізі – ақшаға тек нағыз бір ғана ақша деп қарау керек деген қөзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалы – күміс деп санады. Объективті түрде, металдық жүйенің негізінде жаңа төлем әдістері мен формалары қалыптасты, олар несиеге негізделді.

Неміс экономистері ақша деп тек қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын орталық банктің банкноталары да аталады деген. Ол кездері ақшаның металдық теориясы ақша реформасына негізделіп қолданылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономистері ж. Рюэфф және м. Дебре, ағылшын экономисі р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгізу идеясын ұсынады. Себебі 70-жылдардың басында жойылған бреттон-вудс валюталық жүйенің орнына жаңа алтын стандартын енгізуге тырысқан. Жекелей алғанда, ақш-тың экс-президенті рональд рейган саулау алдындағы күрес кезінде алтын стандарты қайта оралуы мүмкін деп санады.жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуі, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгереді. Қағаз-несиелік ақшаларды алтын қорымен жасанды түрде үйлестіру – натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай эквивалентке әкеліп соқтыруы сөзсіз, өйткені алтын қорының өсімі физикалық тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы тұра алмайды, сөйтіп бұл ақша бірлігі құнының тым аса ұлғаюына әкеліп соқтырып, қасиетінің жоғалуы т.б. Пайда болды.

Сонымен, ақшаның ішкі мазмұны бағалы металдың n мөлшеріне берілген құжат ретінде біртіндеп иелерінің эмиссиялық орталыққа, оның ішінде мемлекетке деген сенімі ауысады. Үкіметке деген сенімсіздік, соғыстар және басқа да жағдайлар классикалық алтын стандартына қайта келуіне әкеледі. Нақты экономика тұрғысынан қарағанда қарапайым тауар болса да алтын ерекше орында тұрады.

Азіргі жағдайдағы алтынның негізгі экономикалық қызметінің мәні, оның капиталды инфляциядан сақтау құралы ретіндегі қызмет етуімен, несие алуда қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсіптік шикізат болып қала беруімен сипатталады.

Адамзат құнның әр түрлі формаларын өз басына өткере отырып, яғни ақша орнына әр түрлі тауарлар қолданысынан кейін, адамзат металл ақша айналысына қол жеткізді. Металдың ақша ретінде қызмет етуінен барып одан бірте-бірте монеталар пайда бола бастады.

Көпестер классының бөлінуімен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңді сипаттайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных