ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Зіндік бақылауға арналған сұрақтар1. Өз дамуында экономикалық теория қандай кезеңдерден өтті? Әр кезеңге сипаттама беріңіз. 2. Экономикалық теорияның пәні және атқаратын қызметтері. 3. Экономикалық заңдар мен категорияларға сипаттама беріңіз. 4. Экономикалық теорияда ғылыми танудың қандай әдістері қолданылады?
Тапсырмалар: 1. Көп нүктенің орнына анықтамасына сай сөзді тауып қойыңыз. А. Экономикалық теория. Ә. Экономика Б. Саяси экономия.
1........... пайданы ұлғайту мақсатында фирмаларды басқару, шаруашылық өмірдің экономикалық заңдылықтарын зерттейді. 2............ материалдық игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді. 3............ шектелген ресурстарды оптималды пайдалануда материалды және материалдық емес игіліктерді тұтыну, бөлу, айырбастау, өндіруде адамдардың қатынастарын зерттейді.
2. Көрсетілген категорияларды экономикалық теория құрылымы бойынша орналастырыңыз: сұраным, баға, ұсыным, бәсеке, экономикалық өсу, жұмыссыздық, жалақы, еңбектің халықаралық бөлінуі, бағаның жалпы деңгейі, жиынтық сұраным, жиынтық ұсыным, инфляция, протекционизм, либерализация, баға белгілеу.
4. Позитивті және нормативті пайымдауларды анықтаңыз.
4. Төменде экономикалық ғылым пәніне берілген анықтамалардың авторларын табыңыздар (А. Смит, Д. Рикардо, А.Маршалл).
Тестілік сұрақтар: 1. Қай экономикалық мектеп өз талдауының заты ретінде айналым саласын емес, өндіріс процесін қолданды? а) меркантилизм; ә) физиократтар; б) классикалық саяси экономия; в) маржинализм. 2. Қоғам мен табиғат заңдарының бірлігі неде? а) объективті сипатта болуы; ә) адам әрекеттеріне тәуелсіз; б) адамның экономикалық қызметінде көрінуі; в) тарихи өтпелі сипатта болуы; г) мәңгілік болуы. 3. Жалпы экономикалық теорияның толық мәнін ашатын анықтаманы табыңыз: а) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің қозғалысы туралы ғылым; ә) адамның мінез – құлқы мотивациясы туралы ғылым; б) игіліктерді өндіру және бөлу туралы ғылым; в) табиғи байлық туралы ғылым; г) шектелген ресурстар кезінде адам қоғамының дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым. 4. Позитивті экономика: а) қолда бар ресурстарды анықтау; ә) дағдарыстан шығу жолдарын табу; б) ішінара және өзара бір- бірімен байланысты экономикалық процестердің және құбылыстардың мазмұнды жақтарын анықтау; в) әлеуметтік- экономикалық сұрақтар бойынша шешімдер қабылдау. 5. Нормативті экономика: а) мәнді анықтау мақсатында құбылыстарды, процестерді, фактілерді зерттеу; ә) экономикалық процестер мен құбылыстар арасындағы өзара байланысты анықтау; б) табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты анықтау; в) нақты әлеуметтік- экономикалық міндеттерді шешуде экономикалық заңдар мен принциптерді қолдану. 6. Ресурстардың сирек болуы: а) адамдардың қажеттіліктерінің шектеулі болуы; ә) адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы; б) жер ресурстарының қайта жаңарту мүмкіндігінің болмауы, адамдардың материалдық қажеттіліктерінің шексіз болуы.
Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, әр экономикалық мектеп және бағыттарына көңіл қойып, экономикалық теорияның қызметтерін нақты анықтап алу қажет. Сосын қажеттілік, игілік, қызмет, экономикалық ресурстар сияқты экономикалық түсініктерді, экономикалық теорияда қолданылатын ғылыми танудың әдістерін меңгеру керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|