Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАҚЫРЫП 2. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗДЕРІ. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ НЫШАНДАРЫ.




СӨЖ тапсырмалары:

1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындық.

2. Өзіндік бақылау сұрақтарына жауап беру.

3. Берілген тапсырмаларды орындау.

4. Тестілік сұрақтарға жауап беру.

5. Тақырып бойынша глоссарий құру

6. «Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдері», «Тауар және оның қасиеттері. Тауардық пайдалылығы мен құндылығы», «Қазіргі таңдағы ақша қызметтерінің ерекшеліктері», «Ақша жүйесін ұйымдастыру қағидалары» атты тақырыпқа реферат жазу

7. «21 ғасыр экономикасындағы адам, нарық және капитал», «Қазақстандағы өндіріс» атты тақырыптарға баяндама дайындау.

 

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:

1. Адамның «экономикалық іс-әрекеті» деген не?

2. Экономикалық адамның рационалды іс-әрекетінің түрлі модельдерін атаңдар

3. Еңбек құралдары және заттарының бір-бірінен айырмашылықтары қандай?

4. Пайдалы қазбаларды алу өндіріс процесі деп атала ма?

5. Радиоактивті қалдықтарды тасымалдау өндіріс процесі деп атала ма?

6. Спекуляция (алыпсатарлық) өндіріс процесі бола ала ма?

7. Материалдық және материалдық емес өндіріс деген не?

8. Өндірістік фунция мен оның мәніне анықтама беріңдер

9. Қоғамдық өнімнің қозғалу кезеңдерін атаңдар.

10. Қазіргі заман талабына натуралды шаруашылық сай келе ме және оның келешегі қандай?

11. Шаруа бидайды өз шаруашылығында пайдаланса, тігіншінің өзіне арнайы тіккен көйлегі, яғни өзі тұтыну үшін өндірілген зат қалай аталады? Тауар немесе өнім?

12. Егер тауар сатылмаса, оның тұтыну құны өзгере ме?

 

 

Тапсырмалар:

1. Кестеде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты, қайсысы тауар шаруашылығына түсінік беретінін табыңыз.

 

Анықтамалар Ұйымдастыру формалары
  Тұйықталған экономикалық шеңберде дайын өнімді өндіру және тұтыну жүреді  
  Жеке сала щеңберінде шаруашылық байланыстармен дәстүрлік салтта еңбек процесі жүзеге асырылады.  
  Өндіріс меншіктің дара еңбегіне негізделе отырып, жалдамалы жұмыс күшін де қолданады.  
  Дайын өнім меншік иегерінің иелігінде болады және рынокта еркін сатуға белгіленген.  

 

1. Бос төртбұрыштарға сәйкес келетін анықтаманы қойыңыз.

 

 

Натуралды шаруашылық

3. Төменде келтірілген анықтамалардың қайсысы марксистік экономикалық ілімге, қайсысы –неоклассикалық теорияға дұрыс келеді?

 

Анықтама Теория
Тауар – сату-сатып алу жолымен айырбасқа арналған еңбек өнімі  
Тауар – төлемқабілетті сұранымға ие айырбасқа арналған шектелген экономикалық игіліктер.  

 

4. Келесі тезистер ақшаның қай теориясына сай келеді?

 

Тезистер Ақша теориясы
  Бұл теорияның өкілдері ақша табиғатының құнын теріске шығарып, ақша мәнін айырбастың техникалық құралы ретінде қарастырады.  
  Бұл теорияға сай ақша құны номиналмен анықталады  

 

5. Кестені толтырыңыз.

 

Ақшаның мазмұнды қызметі Ақша қызметтерінің атауы
  Келешекте қоғамда тауарлар мен қызметтерді тұтынуды жақындастырудың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін қамтамасыз ету.  
  Тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеу қабілеті  
  Тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сондай-ақ салықтарды төлеу қабілеті  

 

 

6. Төмендегі ситуацияның қайсысы ақша қызметінің мәнін толық көрсетеді:

 

ситуациялар Ақша қызметтері
  Көлік сатып алу үшін сізге ақша керек, ол үшін қала шетіндегі үйіңізді сатпақ ойыңыз бар.  
  Сіз үнемделген ақшаны жинақ банкісінен шот ашып салып қойдыңыз.  
  Ақша жетпегендіктен, Сіз тоңазытқышты несиеге сатып алдыңыз.  

 

 

Тестілік сұрақтар:

1.Қоғамдық өндіріс құрымына не жатады:

а) материалдық өндіріс

б) материалдық емес өндіріс

в) материалдық емес және материалдық емес өндіріс, өндірістік емес сала

г) материалдық және материалдық емес өндіріс

д) ұлттық өндіріс көлемі

2. Өндірісті сипаттау үшін келесі экономикалық категориялар қолданылады:

а) өндіріс факторлары, игілік

б) қажеттілік, өндіріс факторлары

в) өндіріс факторлары, игілік, қажеттілік

г) игілік, қажеттілік

д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі

3. Экономикалық тиімділік:

а) шаруашылық іс-әрекет нәтижелерінің қоғамның әлеуметтік мақсататрына сәйкестігі

б) аз шығынмен жоғары нәтижеге жету

в) өндірістің соңғы нәтижесі мен жиынтық еңбек шығындарының ара-қатынасы

г) өндіріс факторларын сандық ұлғайту есебінен қоғамдық өнімді арттыру

д) фирма үшін неғұрлым пайдалы ресурстардың төменгі бағаларындағы өндіріс көлемі

4. Адам еңбек процесінде ықпал ететін заттар кешені:

а) еңбек құралдары

б) өндірістік күштер

в) өндірістік қатынастар

г) еңбек заттары

д) еңбек күштері

5. Төменде көрсетілген анықтамалардың қайсысы натуралды шаруашылықты теріс сипаттайды:

а) натуралды шаруашылықта адам өзіне қажетті заттарды өзі өндіріп алады;

ә) натуралды шаруашылықта өндірілген өнім айырбасқа түспейді;

б) натуралды шаруашылықта өндірушілердің бір – біріне тәуелділігі күшейеді;

в) натуралды шаруашылықта өндіріс тиімділігі төмен (өндірілген өнім өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға әрең жетеді).

6. Тауар шаруашылығы мәнін қай анықтама теріс бұрмалайды:

а) тауар шаруашылығы еңбек бөлінісі болғанда ғана өмір сүреді;

ә) тауар шаруашылығында өндірушінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнім өндіріледі;

б) тауар шаруашылығы айырбассыз мүмкін емес;

в) тауар шаруашылығында тұтынушыларға қажет өнім өндірісі жүзеге асады.

7. Несиелік ақшалар қандай қызметтерді орындайды:

а) айналым құралы;

ә) төлем құралы;

б) жинақ құралы;

в) дұрыс жауап жоқ.

8. Ақшаның номиналды құны өзгермесе, ал тауарлар мен қызметтердің бағасы екі есеге артса, ақшаның төлем қабілеттілігі:

а) екі есеге артады;

ә) екі есеге азаяды;

б) төрт есеге азаяды;

в) өзгермейді;

г) 1,5 есеге артады.

 

Әдістемелік ұсыныстар. Дайындықты ұсынылатын әдебиеттерді оқудан бастап, оқу барысында ең алдымен, адам, экономика, өндіріс, ресурс, фактор, шектеулік деген категорияларға, «натуралды шаруашылық», «тауарлы шаруашылық» түсініктеріне анықтама беріңіз, құнның жалпы эквивалент ретінде ақшаның пайда болу процесі мен айырбас қатынастарының мәніне назар аударыңдар. Еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік түсініктерін ажыратыңдар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных