ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып 6. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕСӨЖ тапсырмалары:
«Пайыз меншік иесінің факторлық табысы ретінде», «Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде», «Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер», «ЖҰӨ есептеуәдістері» 6. мына тақырыпқа реферат дайындау: «Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы» 7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Өндіріс факторлары тұжырымдамасының дамуын сипаттау 2. Адам еңбегіне тиесілі негізгі қағидаларды атаңдар 3. Жұмысшы өз еңбегінің өнімін ала ала ма? Жауапты негіздеңдер 4. Тұрақты және ауыспалы капитал айырмашылықтарын көрсетіңдер 5. Дифференциалды және абсолютті рента арасындағы айырмашылық қандай? 6. Таза экономикалық рента деген не? 7. Макроэкономиканың негізгі мәселелерін атаңдар. 8. ЖҰӨ-нің ЖІӨ-нен айырмашылығы қандай? 9. Шығындар, табыстар және өндіріс бойынша ЖІӨ немесе ЖҰӨ қалай есептеледі? 10. Номиналды ЖҰӨнақты ЖҰӨ-нен немен айрықшаланады? 11.ЖҰӨ дефляторына анықтама беріңдер.
ТАПСЫРМАЛАР 1. Жеке тұлға келесі табыстарды алады:бірінші жылы 100 ақша бірлігі., екінші жылы – 150, үшінші – 200, төртінші – 250 ақша бірлігі. Пайыз ставкасы - 20% жылдық. 4 жылда барлық табыстың бүгінгі құндылығы қандай болады? 2. Студентте 100 долл. Бар және ол оларды жинау немесе жұмсау мәселесін шешуде. Егер ол ақшаны банкке салса, онда бір жылдан кейін ол 112 доллар алады. Инфляция жылына 14%. а) Номиналды пайыздық ставка қандай? б) нақты пайыздық ставка қандай? 3. Сіз бір жылдан кейін жаңа автокөлік сатып алуды жоспарлайды. Ағымдық баға 36 мың ақша бірлігі. Банктік пайыздың жылдық ставкасы 10%. Инфляцияның күтілетін пайызы 5%. Бүгін Сіз қандай соманы салуыңыз керек, бір жылдан кейін жаңа автокөлік сатып алу үшін?
7. Жағдайлық есепті шығарыңдар, келтірген тапсырмаға анықтама беріңдер.
Есептеу керек: 1. ЖҰӨ табыс толқын көлемі 2. ЖҰӨ шығын толқын көлемі 3. ТҰӨ көлемі 4. ҰТ көлемі
8.Кестеде көрсетілген деректерге байланысты қосымша құнның деңгейін анықтаңдар және қосымша қатарды толтырыңдар:
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. «Өндіріс факторлары» терминіне түсінік беріңіз: а) Өндіріс факторлары – бұл материалдық және адам факторларының жиынтығы б) Өндіріс факторлары – бұл экономикалық игіліктер өндіру үшін арналған ресурстар в) Өндіріс факторлары – бұл өндірістік шығындар г) жауаптардың барлығы дұрыс д) жауаптардың барлығы дұрыс емес 2. Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігі: а) сұраныс фирманың сатып алған өндіріс факторларын жұмсау шамасына байланысты туындайды; б) сұраныс туынды сипатқа ие және аталмыш өндіріс факторларынң көмегімен өндірілетінсоңғы тұтынушылық тауарлар сұранысқа ие болғанда ғана пайда болады; в) сұраныс олардың бәекелес нарықтардағы ұсынысымен анықталады. г) жауаптардың барлығы дұрыс д) жауаптардың барлығы дұрыс емес 3. Белгілі өндіріс технологиясы барысында экономикадағы өндіріс факторларын максималды пайдалану мынаған әкеледі: а) жұмыспен қамтылудың артуына б) бағалардың жоғарылауына в) игіліктердің өндірілуінің артуына г) технологиялық үрдіске 4. Өндіріс факторлары нарығындағы капиталға сұраныс - бұл: а) ақшаға сұраныс; б) машиналар мен құрал-жабдықтарға сұраныс; в) акция мен облигацияға сұраныс; г) ссудалық капиталға сұраныс; джауаптардың барлығы дұрыс. 5. Капиталдың алғашқы жинақталуы – бұл процесс: а) еңбекті босатып, жалдамалы жұмыскерлерді алу б) жерді босату в) өндіріс құралдары мен ақшаны капиталға айналдыру г) жауаптардың барлығы дұрыс д) жауаптардың барлығы дұрыс емес 6. Капитал нарығының субъектілері: а) банктер және олардың клиенттері б) биржалар (қор) в) мемлекет г) корпорациялар мен жеке фирмалар д) жауаптардың барлығы дұрыс 7. Төмендегілердің қайсысы еңбекке деген сұранысқа әсер етпейді? а) соңғы өнімге сұраныс б) шекті өнімнің басқа ресурстардың шекті өнімдеріне қатынасы в) өндіріс технологиясы г) номиналдық еңбекақыдағы өзгерістер д) жауаптардың барлығы дұрыс 8. Инвестициялар туралы шешім қабылдағанда фирмалар мынаны ескереді: а) номиналдық пайыздық ставканы б) нақты пайыздық ставканы в) нақты пайыздық ставканы шегергендегі номиналдық пайыздық ставканы г) жоғарыда аталмаған өзге де факторлар д) номиналдыны шегергендегі нақты пайыз ставканы 9. Жер бағасы тәуелді: а) жер рентасының болашақ төлемдерінің дисконтталған ағымдық құнынан; б) ағымдық жердегі жерге деген сұраныстан; в) жер учаскесінің орналасуынан; г) жауаптардың барлығы дұрыс; д) өзге факторлардан. 10. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш: а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі; б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары; в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі; г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 11. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі: а) тұтынушылар табысымен; б) фирмалардың капитал салымдарымен; в) өндірістік ресурстармен; г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 12. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады: а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен; б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды; в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы; г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 13.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай? а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең; б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары; в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді; г) жауаптардың барлығы дұрыс; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықтыберілген әдебиетті қарастырудан бастау керек. «Еңбек», «капитал», «пайыз», «жер рентасы», «Макроэкономика», «макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Өндіріс факторлары теориясының негіздерін қарастырыңдар. Негізгі назарды кәсіпкердің факторлық табысы ретіндегі пайдаға аударыңдар.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|