ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып 7. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫДЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫ БОЛУЫ МАКРОЭКОНОМИКА ЗАҢДЫЛЫҒЫ РЕТІНДЕ.СӨЖ тапсырмалары:
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
Тапсырмалар:
4. Жағдайлық есепті шығарыңдар, келтірген тапсырмаға анықтама беріңдер.
Есептеу керек: 1. ЖҰӨ табыс толқын көлемі 2. ЖҰӨ шығын толқын көлемі 3. ТҰӨ көлемі 4. ҰТ көлемі
5.Кестеде көрсетілген деректерге байланысты қосымша құнның деңгейін анықтаңдар және қосымша қатарды толтырыңдар:
6.Жіберілген элементтерді толтырыңдар: 7.Қалпына келтіру керек жіберілген элементтерді логикалық тізбек арқылы, циклдік фазалық ізділігімен: Құлдырауы → …. → …. Жандануы ….
Тестілік сұрақтар: 1. Жалпы ұлттық өнім – бұл көрсеткіш: а) сатылған тауарлар мен қызметтер бағаларының деңгейі; б) үкімет пен муниципалды органдардың жалпы шығындары; в) жеке бизнеспен өндірілген тауарлар мен қызметтер көлемі; г) соңғы тауарлар мен қызметтерді жалпы ұлттық шығарудың нарықтық құны; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 2. Жылына елдің жалпы ұлттық өнімінің максималды көлемі шектеледі: а) тұтынушылар табысымен; б) фирмалардың капитал салымдарымен; в) өндірістік ресурстармен; г) тауарлар мен қызметтерге сұраныспен; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 3. Жалпы ішкі өнім ұлттық өнімнен мынамен айрықаланады: а) аталмыш ел резиденттерінің шетелде алған табыстары және аталмыш ел территориясында шетел резиденттерінің алған табыстары арасындағы қалдық шамасымен; б) ЖҰӨ тек аталмыш ел территориясында орналасқан ұлттық резиденттермен өндірілген, өткізілген, соңғы тауарлар мен қызметтердіқамтиды; в) ЖІӨ - бұл барлық өткізілген тауарлар мен қызметтер сомасын білдіретін ЖҰӨ-ге қарағанда барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы; г) ЖҰӨ ЖІӨ-ден аталмыш ел заңды және жеке тұлғалаының шетелде алған табыстары арасындағы қалдық шамасына; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 4.Шығындар ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ мен кірістер ағыны бойынша есептелген ЖҰӨ ара – қатынасы қандай? а) табыс бойынша ЖҰӨ шығын бойынша ЖҰӨ-ге тең; б) табыс бойынша ЖҰӨ экономикалық өсім жағдайында шығын бойынша ЖҰӨ-нен жоғары; в) табыс бойынша ЖҰӨ мен шығын бойынша ЖҰӨ арасындағы ара – қатынас қарастырылып отырған кезеңдегі инфляция қарқынынан тәуелді; г) жауаптардың барлығы дұрыс; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 5. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасы болғанға дейін қысқармайды және құлдырау фазасы болғанға дейін артпайы? а) ұзақ мерзім пайдаланатын заттарға жаңа тапсырыстар көлемі; б) бөлшек сауда көлемі; в) құнды қағаздар курсы; г) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы; д) жауаптардың барлығы. 6. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысының сандық мәні өрлеу фазасынан кейін төмендеп, құлдырау фазасынан кейін артады? а) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі; б) ЖҰӨ көлемі; в) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы; г) құнды қығыздар курсы; д) өнеркәсіптік өндіріс көлемі. 7. Экономикалық цикл мыналармен байланысты: а) тек сыртқы факторлар әрекетімен; б) тек ішкі факторлар әрекетімен; в) жиынтық сұраныс динамикасына ықпал ететін факторлармен; г) ұсыныс динамикасына ықпал ететін факторлармен; д) кездейсоқ саяси факторлармен. 8. Аталған құбылыстардың қайсысы экономикалық дағдарыс кезеңіне сәйкес келмейді? а) ұзақ мерзім пайдаланылатын құрал – жабдықтарға инвестициялардың төмендеуі; б) акция курсының төмендеуі, еңбекке сұраныстың төмен болуы; в) салық түсімдерінің қысқаруы; г) корпорация пайдаларының төмендеуі; д) жұмыссыздық бойынша жәрдемақы көлемінің азаюы. 9. Экономикалық циклдың дамуы саяси факторлар әрекетінің ықпалымен болатын теория мынадан шығады: а) инфляцияға қарсы шаралар үкімет деңгейінде шешіледі; б) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының сайлауынан кейінгі жыл қатаң экономикалық шараларды өткізумен байланысты; в) сайлау өткізу жылдары жоғары экономикалыө өсім жиі байқалады; г) сайлаулардың кезеңділігі экономикалық цикл кезеңділігіне ықпал етеді; д) жауаптардың барлығы дұрыс.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. «Макроэкономика», «макроэкономикалық талдау», «кірістер мен шығындар айналымының макроэкономикалық моделі» түсініктеріне анықтама беріңдер. Ұлтық шоттар жүйесін, ҰШЖ-нің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін қарастырыңдар.
Тақырып 8. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСТЕРІ РЕТІНДЕ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ СӨЖ тапсырмалары:
6. «Қазақстан экономикасындағы жұмыссыздық мәселелері», «Өтпелі экономикадағы инфляция» тақырыптарына рефераттар дайындау 7. «Экономиканы антиинфляциялық ретеу» тақырыбына шолу жасау
10. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар: 1. Қазіргі уақытта қазақстандық экономикада жиынтық ұсыныс пен жиынтық сұранысқа қандай бағалық емес детерминанттар айтарлықтай ықпал етеді? 2. Американ газеттерінде Оңтүстік Американың бірқатар елдері американ бантерінен алынған займдары бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайды деген хабарлама пайда болды. Осы жағдай американ экономикасындағы жиынтық сұраныс көлеміне қалайша ықпал етуі мүмкін? 3. Жұмыс күшінің қазіргі таңдағы салалық және кәсіби – біліктілік құрылымы қандай? 4. Сұрақты негіздеңдер: неге циклдық өрлеу кезеңінде циклдық жұмыссыздық болмайды? 5. Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.
Тапсырмалар:
2. Баға индексі осы жылғы 125%, ал базалық 110%. Есептеңдер инфляция қарқынын және оның түрін көрсетіңдер. 3. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңдар, егер жиынтық жұмыс күші белгілі болса 73 млн, ал жұмыссыздық – 8 млн. 4. Әрбір терминге өзінің анықтамасын беріңдер:
5.Айталғанды жалғастыр, кестенің принциптерін көрсетіңдер.Банктік несие қандай жағдайда беріледі: 1)....2)....3).... 6.Анықтаңдар, төменгі көрсетілгендердің қайсысымен екінші деңгейдегі банк жұмыс есептемейді, не кейбір қызмет түрі шектелген.
7.Жіберілген элементтерді толықтырыңдар:
Есептер: 1. Ел халқының саны 100 млн адам. Жұмыссыздар шамамен 50% барлық халықтың құрайды. Тіркелген жұмыссыздық жұмыс істеушінің 8% құрайды. Жұмыссыздар және өндірістен қол үзгендер – 36 млн адам, жұмыс істемейтіндер және жұмыс іздеушілер 4 млн адам. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру бойынша елдегі жұмыссыздар деңгейін анықтаңдар. 2. Қалада 5,5 мың адам жұмыссыз, олар жұмыссыздық туралы жәрдем ақы алуға құқылы. Жәрдемақы мөлшері орташа 75% еңбекақыдан, ол қала бойынша 670 теңге. Жәрдемақы төлеудің орташа уақыты 2 ай, одан кейін жұмыссыз жұмысқа орналасады не мамандық алуға оқу оқиды. Әрбір қызметкерден орташа бар жұмыс істемейтіндерге 10 % ұстайды, бұған жәрдемақыны көбейтеді. Жұмыспен қамтылу фондының қандай суммасы жәрдемақыны төлеуге қажет, анықтаңдар.
Тестілік сұрақтар: 1.Жиынтық сұраныс неден тікелей тәуелділікте болады: а) пайыз ставкасының әсері; б) кассалық қалдықтар әсері; в) импорттық тауарлар әсері; г) жауаптардың барлығы дұрыс; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 2. Егер жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан көп болса, онда тепе – теңдікке жету үшін мыналар қажет: а) өндіріс көлемін өзгерту; б) бағаларды арттыру; в) шығару көлемін кеңейту; г) шығару көлемін қысқарту; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 3. Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі: а) циклдық жұмыссыздықты есепке алады; б) фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықты есепке алады; в) нөлге тең; г) институционалды жұмыссыздықты есепке алады; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 4. Экономикада толық жұмысбастылық пен жоғары инфляция байқалуда. Мемлекеттік саясаттың қандай жиыны инфляция қарқынын жылдамырақ төмендетуге әкеледі: а) мемлекеттік шығындарды арттыру және мемлекеттік облигацияларды сатуф; б) мемлекеттік шығындарды қысқарту және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сату; в) салықтарды төмендету және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу; г) салықтарды арттыру және ашық нарықта мемлекеттік облигацияларды сатып алу; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 5. Кез – келген ел экономикасындағы инфляция түрлерінің қандай үйлесімі неғұрлым ауыр әлеуметтік – экономикалық зардаптарға ие болады: а) баланстанған, бірқалыпты, күтілетін; б) баланстанбаған, галопирленген, күтілетін; в) баланстанбаған, галопирленген, күтілмейтін; г) гиперинфляция, баланстанбаған, күтілмейтін; д) жауаптардың барлығы дұрыс емес. 6. Бір – біріне қатысты тауарлар бағасы қатты өзгеретін инфляция түрі: а) баланстанған; б) баланстанбаған; в) күтілетін; г) күтілмейтін; д) дұрыс жауабы жоқ. 7. Ақша жүйесінің маңызды құраушыларына мыналар жатады: а) ұлттық ақша бірлігі; б) қол ақша айналымында заңды төлем құралдары болып табылатын несиелік және қағаз ақша жүйесі; в) ақша эмиссисының жүйесі; г) ақша айналысын реттеу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттік органдар; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 8. Ақша – несие саясаты қай органмен жүргізіледі: а) ел үкіметі; б) елдің барлық қаржы-несие институттарымен; в) елдің орталық банкімен; г) қаржы министрігімен; д) жауаптардың барлығы дұрыс. 9. Дамыған елдердегі экономикалық өсімнің неғұрлым маңызды себебі – бұл: а) жұмыс уақыты көлемінің көбеюі; б) өндірістегі технологиялық өзгерістер; в) қолданылатын капитал көлемінің ұлғаюы; г) экономикалық өсімге ықпал ететін ақша – несие және фискалдық саясатты жүзеге асыру; д) жұмыс күші біліктілігінң артуы. 10. Төмендегі көрсеткіштердің қайсысы мемлекеттің әскери потенциалын өлшеу үшін қолданылады: а) ЖҰӨ номиналды көлемі; б) ЖҰӨ нақты көлемі; в) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ номиналды көлемі; г) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі; д) жанұяның орташа жан басына шаққандағы табысы. 11. Халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі мен ЖҰӨ номиналды көлемінің өсімі жайлы мәліметтер: а) халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ сомалық нақты көлеміне қарағанда жылдамырақ өседі; б) экономикалық өсімді азайтады, себебі олар қоршаған ортаны ластау факторын ескермейді; в) экономикалық өсімді азайтады, себебі орын алған жұмыс уақытының қысқаруын ескермейді; г) экономикалық өсімді арттырады, себебі олар өмір сапасының жақсаруын ескермейді; д) ЖҰӨ нақты көлемі ЖҰӨ номиналды көлеміне қарағанда жылдамырақ өсетінін көрсетеді. 12. Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал етпейді: а) технологиялық өзгерістер; б) жұмысшылар санының артуы; в) жұмысшылар білімі мен біліктілігінің деңгейі; г) өндіріс ауқымының әсері; д) өндірісті ұйымдастыру деңгейі.
Әдістемелік ұсыныстар. Семинарға дайындықты ұсынылаын әдебиетті талдаудан бастау керек. ең алдымен, «жиынтық сұраныс», «жиынтық ұсыныс» экономикалық категориларын қарастырыңдар. Макроэкономикалық тепе – теңдікті орнату үшін қандай күш жұмсап, және қандай жағдайларда одан ауытқу болатынын түсіндіріңдер. Жұмысбастылық пен жұмыссыздыққа анықтама беріңдер. «Инфляция» категориясын, түрлері мен себептерін қарастырыңдар. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарларын қарастырыңдар. Инфляцияны антиинфляциялық реттеуді шолу түрінде қарастыру ұсынылады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|