Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жеті жарғы» заңдар жинағының қазақ хандығының саяси өміріндегі орны.




Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекетінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал мүлік дауы, ұрлық-қарлық, айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады. «Жеті жарғы» нормалары қаулаған дау-дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсеңдетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

«Қазақстан – 2030» стратегиясы – ұлттық қауіпсіздік туралы. «Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс». Содан Қазақстанның 2030 стратегиясында қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтындығы туралы айтылған. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Өз қауіпсіздігіміз бен аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін: Ресеймен арадағы сенім мен теңқұқылы қарым-қатынасымызды дамыту,ҚХР-мен өзара тиімді негіздегі осындай сенім мен тату көршілік қатынастарымызды жалғастыру. Қазақстан Қытайдың гегемонизмге қарсы, көршілес елдермен достыққа бағытталған саясатын құптайды.Біз Орталық Азия мемлекеттерімен,Таяу және Орта Шығыс елдерімен де қарым-қатынастарымыз тиісті деңгейде нығайта беру.Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, басты демократияшыл индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысын күшейту. Бұл елдер және гүлденген Қазақстанды құрудың өздерінің ұлттық мүдделеріне сай келетінін ұғына бастады.Үшіншіден, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік, Азиялық, Еуропалык, және Ислам даму банктері сияқты халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдалана отырып, бұл Қазақстанға халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз ететіндігі айтылған. Еліміздің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін сенімді негіз бола алатын бай табиғи ресурстарды игеру де қарастырылған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных