Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Еуропалық орта ғасырдың саяси ойы. Августин Блаженский мен Фома Аквинский оқулары.




Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың 2 қоғамы деп түсіндірді.

Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шынына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жекедара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс.

Әл Фарабидің саяси-философиялық оқулары. Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазған. Саясаттануға байланысты: «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.Әл Фарабидің ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін – ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек.Әл Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-жігерін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Әл Фараби алғашқылардың бірі болып адамды ардақтап, асқақтатты. Оның айтуында, адам бақытты болуға лайықты, сол бақытын ол табуға тиіс. Оған өзінің іс-әрекетінің, жұмысының, тынымсыз ізденуі мен оқу үйрену нәтижесінде жетуге болады. Ал адам жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнінде бақытты өмір сүре алады деді.

Жан жак Руссоның саяси көзқарастары.Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Табиғи жағдайда барлық адамдар тең және еркін, тек бір теңсіздік - адамдардың денсаулығы мен жасына байланысты. Қоғамдық теңсіздік жеке меншіктің пайда болуымен байланысты. Мемлекет пен құқық осы жеке меншіктің нәтижесі. Руссоның демократия теориясы көбінесе қатысу теориясы болып табылады.Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған

Жаңғырту шарттарындағы саяси социализация және азаматшылықтың құрастырылуы.(Н.Назарбаев «Тарих шежіресінде»)

Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді

Жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару органдары туралы ҚР-ның Конституциясы. 89-бап 1) Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 2)Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады. 3)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібiн заңмен белгiленген шекте азаматтардың өздерi белгiлейдi. 4)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.

Заңға сүйенген мемлекет: ұғым және қағидалар.

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.Мемлекетте тұратын адамдар сол елдің азаматы болуы керек. Мысалы, партияға, кәсіподаққа, т.т кірсең де, кірмесең де өз еркінде. Ал мемлекеттің аумағында тұрған соң, сол елде туған соң, сол елдің азаматы боласың. Азаматтығы жок адам(апатридизм) құқықтық жағынан қорғансыз болады.Ал азамат болсаң сол елдің занын орындауға мәжбүрсің. Орындамасаң мемлекеттің күштеу органдары жауапқа тартады.Осы көрсетілген белгілер мемлекетті басқа ұйым, мекеме, бірлестіктерден ерекшеленеді.

Қазiргi американдық политология: Р.Даль, Г.Алмонд, Д.Истон, Г.Лассауэлл тағы басқалар.

Дэвид Истон (1917) – канадалық және американдық саясаттанушылардың ішіндегі көрнектілерінің бірі. Оның негізгі еңбектері: «Саяси жүйе» (1953 ж.), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1956 ж.), «Саяси құрылымды талдау» (1990 ж.). Истонның саяси ғылымға қосқан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен қатар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін бейімдеумен және қолданумен байланысты. ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында АҚШ-тың саяси ғылымы бихевиоризмге үлкен назар аударды. Бихевиоризмнің классиктері (Ч.Мериэм, Г.Лассауэлл, Дж. Кэтлин және т.б.) саясатты тұлға аралық өзара әрекет тұрғысынан қарастырды.

Олардың түсінігі бойынша, саясат жекелеген индивидтердің өзара әрекеті мен саяси әрекеттердің жиынтығынан құралады, яғни индивидуалдық саяси жүріс-тұрыс векторларының қосындысынан қалыптасады. Индивидтер билік мәселесінде өзара қарым-қатынасқа түседі, олардың индивидуалдық мақсаттары саяси ӛмірдің негізін құрайды. Осы жағдайда саяси сала ең алдымен белгілі бір әрекеттер мен өзара әрекеттерден қалыптасатын («акций», «интеракций») индивидтердің саяси белсенділігінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Америка саясаттанушысы Габриэль Алмонд (1911) осы бағыттың көрнекті өкілі болып саналады. Оның негізгі жұмыстары: «Салыстырмалы саясат: даму тұжырымдамасы» (1966 ж.), «Дамушы аймақтардың саясаты» (1968 ж.), «Бүгінгі салыстырмалы саясат» (1988 ж.).

Алмондты саяси жүйе және саяси мәдениет жӛніндегі теориялық зерттеулері танымал етті. Алмонд дайындаған саяси жүйе моделдерінде негізінен «кіру» және «шығу» функцияларына кӛңіл аударылды. Алмонд саяси мәдениеттің мазмұнын құрайтын саяси бағыт-бағдарлардың және саяси жүйенің өмір сүру сипатының арасындағы өзара байланысты көрсетті.

Алмонд пен С.Вербаның бірігіп шығарған «Азаматтық мәдениет. Бес мемлекеттегі саяси қатынастар және демократия» (1963 ж.) атты еңбегінде салыстырмалы саяси талдаудың әдістерін, мысалға АҚШ, Мексика, Италия, Ұлыбритания және Германия сияқты бес ел халықтарының саяси мәдениеттерін салыстыру арқылы паш еткен.

Қазiргi қоғамдағы политологияның функциялары.

. Қазіргі заманғы қоғамды саясат бірқатар функциялар атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді.

1. Қоғамның қабаттары мен топтарының ерекше қызығушылықтарын көрсету.

2. Туындаған қайшылықтарды рационализациялау және оны мемлекет пен азаматтарының өркениетті диалогы ағылына бағыттау.

3. Тұрғылықты жердігі түрлі адам қызығушылықтарына байланысты күш қолдану арқылы саяси процесстерді басқару және жетекшілікке алу.

4. Саяси дамудың тіліділігін қамтамасыз ету.

Саясат қоғамдық өмірдің басқа да салаларымен тығыз байланысты және бұл салаларға түрлі жезгін тигізе алады:

1. позитивті әсер (әсер ету) салалар гүлденіп, дамыды.

2. Негативті. Салалар басылып, құрдымға кетеді.

3. Нейтралды әдіс. Салаларға араласпау.

Қазiргi мемлекеттердiң формалары. Әлемдегі елдердің саяси-мемлекеттік құрылысының әртүрлі формалары. Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың 4 формасы қалыптасып отыр: республикалық, монархиялық, бірлестік, «бұқараның мемлекеті».

Дүние жүзінде 127 республика бар. Бұл жалпы мемлекеттер санының төрттен үш бөлігі. Басқарудың бұл түрін - прогрессивтік және демократиялық формасына жатқызады. Бұл форманы өткен ғасырда Латын Америкасы елдерінің көбі қалап алды, осы ғасырдың басында Азиядағы бұрынғы отарлардың бәрі дерлік республикалық басқару формасын қабылдады. Оның ең ірілері: Үндістан, Индонезия, Вьетнам, Филиппин және т.б. қазіргі Американың 52 мемлекетінің - 48-і республика. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Италия, Грекия және мыңдаған жылдар бойына монархиялық формадағы басқаруда болып келген Египет, Эфиопия, Иран көшті.

Республикалық басқару формасындағы мемлекеттердің жүргізетін саясатында, әлеуметтік жағдайында, тағы басқа қатынастарында көптеген айырмашылықтар бар. Мысалы, Швейцария және Джибути, Франция, Иран, Аргентина және Гаитиді салыстыруға болады.

Қазіргі монархиялық басқару формасындағы елдердің саны 30: Америкада монархиялық басқарудағы ел жоқ, мұхиттық аралдарда - 2, Африкада - 3, Азияда - 13, Еуропада - 12. Еуропадағы бір елдің басқару формасы таласты. Ол Андорра: Франция мен Испанияның аралығында орналасқан небәрі 6 селолық қауымнан тұратын кішкентай ғана мемлекет. Іс жүзінде республика, формальді түрде конституциялық монархия, князьдік. Халықаралық мамандар Андорраны монархияға жатқызады. Жапония империясы монархияға жатады. Қалған көптеген монархиялар - корольдік, бірнеше князьдіктер, сұлтандар. Кейбір монархиялық формалардың республикаға ұқсайтын элементтері бар. Мысалы, Малайзиядағы монархты сұлтандар өз ортасынан 5 жыдық мерзімге сайлайды. Біріккен Араб Эмиратында эмирлердің кеңесінде мемлекет басшысы - президент 5 жылға сайланады. Көптеген мемлекеттер конституциялық монархия, бірақ бұрынғысынша абсолюттік монархиялықтар болмайды, монархтың жарлығымен жұмыс істейді. Еуропада абсолюттік теократтық монархия тек қана Ватиканда, ал Азияда мұның саны көп: Оңтүстік - Шығыс Азияда - Бруней, Оңтүстік Азияда - Бутан, Сауд Аравиясы, Оман, Біріккен Араб эмираты, Катар, Оңтүстік-Батыс Азияда - Бахрейн және Кувейт.

Мемлекеттік басқарудың үшінші формасы - бірлестік. Оған - Канада, Австралия жатады. Бірлестікке басшылықты Ұлыбритания жүргізеді. Бірлестікке кіретін елдердің саны 50, олар барлығына ортақ поблемаларды екі жылда бір рет өтетін конференцияда талқылайды. Оған премьер-министрлер қаржы министрлері қатысады. Бірлестіктің бәріне бірдей ортақ конституциясы, одақтың шарттары, ресми тулары жоқ. Халықаралық ұйымдардың жұмысына мысалы, БҰҰ т.б. қатыспайды. Бірлестіктің мүшелері қалаған уақытта бірлестіктен ешқандай кіріссіз шыға алады. Осы мүмкіндіктер Бирма, Ирландия, Пәкістан пайдаланды. Бірлестікке кіретін барлық мемлекеттер өздерінің ішкі сыртқы істерінде толық егемендікте. Конференцияның шешімдеріне қарсы дауыс берген мемлекеттер қабылданбайды. Бірлестікке мүше елдердің көпшілігінің басқару формасы республика. Мысалы, Үндістан, Бангладеш, Нигерия, Гана, Замбия, Зимбабе, т.б. келесі бір елдері монархты. Оларға Ұлыбритания, Малайзия, Бруней, Свазилент, т.б. Бірлестіктегі елдер өз еріктерімен мемлекет басшысы деп Ұлыбританияның корольдігін таниды. Олардың кейбіреу Ұлыбританияның жалауын пайдаланады. Мысалы, Жаңа Зеландия ағылшынның «Құдайым королеваны сақтасын» деген әнұранын, ағылшынның ордендерін қолданады, оны Жаңа Зеландияның үкіметінің ұсынысымен Ұлыбританияның королевасы наградтайды. Барлық елдерді әртүрлі дәрежеде Ұлыбританияның саясатына, заңына, тіліне, мәдениетіне, тұрмыстағы салттарына бағынады. Осындай ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің бұл басқару формасы қазіргі кезде халықаралық саяси жағдайда өзін-өзі ақтаған басқару формасы деуге болады.

Басқарудың 4-формасы бір ғана елде - Ливияда бар. 1977 жылы Ливияда орнатылған мемлекеттік басқарудың жаңа формасы, араб тілінен аударғанда шартты түрде «бұқараның мемлекеті» дегенді білдіреді. Елдің толық аты - Социалистік халықтық Ливия Араб Джамахириясы.

Қазiргi политологиядағы элиталардың құрастыруындағы мәселе

Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:

Еңбектік бөлінуі;

Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;

Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;

Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.

Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:

Жоғарғы элита;

Ортаңғы элита;

Әкімшілік элита.

Саяси элитаның қалыптасуына байланысты екі жүйе қалыптасқан. Гильдия және антрепренерлік.

Антрепренерлік түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабылеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына. Кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді. Жеке басының ерекше қабылеті мен қасиеттері арқасында элита құрамына өте алады. Элита да ол кандидаттың жеке принциптері мен көзқарастарына тосқауыл қоймайды.

Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады.

Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін. Егер элитаның идеясына қарсы пікірлері болса ол кандидаттың элитаға өтпей қалуы мүмкін.

Антрепренерлік жүйе көбіне демократиялық қоғамда қалыптасса, гильдия жүйесі авторитарлық және тоталитарлық қоғамдарды кең таралған.

Қазiргi француздардың саяси ойы: Р.Арон. М.Дюверже тағы басқалар.

Тәуелсіздік үшін соғыстың жеңісінен кейін АҚШ-тағы саяси ойда екі бағыт қалыптасты. Прогрессивті саяси идеяларды Т.Джефферсон және Т.Пейн жақтады. Томас Джефферсон (1743-1826) – америка халқының азаттық жолындағы күресінің кӛрнекті қайраткерлерінің бірі және кӛрнекті саяси ойшыл. Ол «АҚШ-тың тәуелсіздігі Декларациясының» авторы, онда адамның теңдігі, бостандығы ажырамас табиғи құқығы жӛнінде және оны халықтан ешбір билік тартып ала алмайтындығы жӛнінде айтылған.

«Дүниеде адамның табиғи құқығынан басқаның бәрі ӛзгереді», – деп жазды Джефферсон. Ол адамға құқықты мемлекет бермейді, олар адамның ажырамас, табиғи құқығы ретінде ӛмір сүреді деп негіздеді. Мемлекет соны қамтамасыз ету үшін ӛмір сүреді.

Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қосқан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Оның негізгі еңбектері: «Саяси партиялар» (1951 ж.), «Саясат идеялары. Биліктің қоғамда қолданылуы» (1966 ж.), «Саясат әлеуметтануы: саяси ғылымдардың элементтері» (1973 ж.).

Қазiргi халықаралық қатынастардағы негiзгi тенденциялар және халықаралық саясаттың қағидалары. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің ж/е басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан 3 ұғым бар.лар – сырткы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар ж/е т.б арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар ж/е оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.Бұл айырмашылықтар,біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың көбеюіне байланысты.Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар ж/е т.б мемлекеттік емесұйымдар қатысады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных