ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Демократиялық саяси тәртiптiң негiзгi тармақтары.Демократияны тура,плебисцитарлық,өкілдік демократия деп бөледі.Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда,билік жүргізуде тікелей қатысады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаныңөзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды,басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.2)Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді.Оларға сайлау арқылы занның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайларда екі ұшты сұрақтар қою және т.с.с арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады. 3)Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауға сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б. Демократияның әр түрлi тұжырымдамаларындағы адам, топ, халық түсінігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Демократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.Демократияның марксистік теориясында топқа үлкен мән береді. Джеймс Мэдисонның саяси көзқарастары. Джеймс Мэдисон (1751 – 1836) Филодельфия конвентіне қатысушы, «Федералист» авторларының бірі, «американ конституциясының әкесі» деген құрметті титулдың иегері. Ол АҚШ жағдайындағы республикалық басқару идеясын дайындауға, билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция концепциясына және тағы басқа қомақты үлес қосты. Оның жүйелі түрдегі философиялық, саяси және заңгерлік тәсілі ерекшклігінің арқасында «Федералист» жинағы жалпы ауқымды комментарийден мемлекеттік биліктің фундаментальды принциптерін шебер талдаған зерттеуге айналды.Республикалық басқаруды сипаттауда Мэдисон мемлекет пен қоғамдағы әлеуметтік әртектілікке үлкен мән береді. Оның пікірінше, бұл әрекетілік ең алдымен экономикалық мүддеге негізделіп, қақтығыстарға әкеледі. Руссомен салыстырғанда Мэдисон республика көлемінің шағынды азамат соғысы күйреуге әкеліп соғады деп есептеді.Факциялар туралы Фукидид, Макиавелли, Юм, Адамс және өзге де саясат әлемінің беделді зерттеушілері жазған еді. Мэдисон осы дәстүрді жалғастырып, факция ұғымын түсіндіруде бірқатар жаңашылдықтар енгізді. Оның № 10 «Федералисте» келтірілген анықтамасы бойынша «факция» қоғамның біріккен мүддесіне және өзге азаматтардың құқықтарына қайшы келетін белгілі бір ортақ пікірге немесе мүддеге біріккен азаматтардың тобы деген ұғымды білдіреді. Джон Локктың саяси көзқарастары. Ол адамның табиғатынан әлсіздігіне байланысты биліктің бір қолда шоғырлану қаупінің алдын алудың бірден-бір жолы ретінде билікті бөлу қажеттігін көрсеткен. Ал, билік бұтақтарының арасында дау-жанжал туа қалған жағдайда, оны халық игілігін басшылыққа ала отырып шешу қажет: salus poluli suprema lex (халық игілігі - жоғарғы заң). Локк Джон қоғамда билік бұтақтары арасындағы дау-жанжалдан басқа, өте қауіпті дау-жанжал бар екенін көрсеткен. Ол - азаматтар мен тиран арасындағы дау-жанжал. Міне, осы дау- жанжалды шешу барысында Локк Джон халықтың көтеріліске шығу құқын қолдайды. Халықтың көтеріліске шығу құқын мойындау саяси тарихты көтерілістермен наразылықтарға толтыру емес еді. Себебі, көтеріліс арқылы халық билікті жаңа адамдар қолына бере алады. Локк Джон ілімінде де халықтың саяси қатысуы шектеулі. Дегенмен, көтеріліске шығу, наразылық білдіруді халықтың саяси белсенділігінің бір түрі ретінде қарастырар болсақ, онда саяси жүйенің сипатын, басқару түрін өзгерту Локк Джон халықтың қолында екендігін негіздеген деп қорытындылауымызға болады. Оның ілімінің негізі - меншікті қорғау. Т. Гоббс бойынша мемлекетке жеке адам өзінің бар жаратылыс құқықтарын толығымен беретін болса, ал Локк Джон бойынша мемлекетті құраған адамдар ортақ мақсатқа қажетті тұрғыдан ғана өз құқықтарымен бөліседі. Ежелгi Римнiң саяси-құқықтық ойы. Цицеронның көзқарастары. Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды. Онда әсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий Цицерон (б.з.б.106-43) өмір сүрді. Оның «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы», «Міндеттер туралы» деген еңбектері көпке әйгілі.Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі – адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабының және меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымастығын бұзушылықты әділеттілік пен құқықты қорлаумен бірдей көрді.Цицерон мемлекеттің құрылым түрі оны басқарушының «мінезі мен еркіне» байланысты болады деп түсіндірді. Басқарушылардың санына қарай ол мемлекет басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жұртқа ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және бір адамның басшылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оптиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде халық өз еркіндігін пайдалана алмайды, билік ақсүйектердің сұрқия тобының қолында қалуы мүмкін. Демократия болса бостандығымен жағымды, бірақ халықтың толық билігі зиянды зардаптарға, «тобырдың зорлығы мен есаландығына» әкеліп соқтыру мүмкін. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|