ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Азақстан Республикасының сайлау жүйесі.Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті ұйымдастырудың басты принципі еркін сайлау және референдум арқылы жүзеге асырылатынын, ал, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігін белгілейді.Қазақстанда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 98 депутатын сайлауда барабар сайлау жүйесі қолданылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Барабар жүйе бойынша сайлау партиялық тізімдер үшін дауыс беру дегенді білдіреді. Барабар сайлау жүйесінің негізгі мақсаты көппартиялық жағдайында партиялардың барабар өкілдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау партиялық тізімдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте Парламентке өту үшін партияның міндетті түрде алуы тиіс сайлаушылар дауысының проценті түріндегі заңнамалық тосқауыл қолданылады. Қазақстанда ол 7% құрайды.Қазақстанда сайлауларды және референдумдарды өткізудің ережелері, рәсімдері мен негізгі ұстанымдары ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңымен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының қаулыларымен белгіленеді.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында Қазақстан азаматтары тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқылы делінген. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматттардың сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасында сайлау азаматтардың өзінің сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделген. Бұл ретте Президентті, Парламен Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республика Парламеті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматтарды сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжібүрлеуге, сондай-ақ оның ерік білдіруін шектеуге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы. Қазақстандағы парламентаризмның дамытуы және заң шығарушы билiктiң құрылымы. Халықтық демократияны білдіру нысаны ретіндегі өкілді билік қазақстандық қоғамға ежелден тән. Ол қалыптасқан саяси жүйеге байланысты өзгеріп отырды.Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның алғаш рет Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің орнына келді. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясында, бұрынғысындағыдай, Жоғарғы Кеңеске өте көп өкілдік берілді, бұл биліктің бөліну принципін жүзеге асыру мен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін құруды қиындатып жіберді. Реформалардың одан әрі жүргізілуі республикалық билік органдарының, бірінші кезекте, өкілді органдардың тиімсіздігін анықтады, өйткені олар жедел өзгеріп жатқан оқиғаларға шұғыл түрде әсер ете алмады және осыған орай баламалы шешімдер қабылдауға дәрменсіз болды. Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңестің тұрақты негізде істеген жекелеген органдарының жұмыс нәтижелері де кәсіби Парламент құрудың қажеттігін дәлелдеді. Тежемелілік пен тепе-теңдік тетіктерінің жұмыс істемеуі Жоғарғы Кеңеске Үкіметтің қызметіне араласуына немесе оны ауыстыруға дейін баруына мүмкіндік берді, бұл республиканың өкілді органының қызметін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкеп соқты. 1994-1995 жылдар кезеңі қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуындағы төтенше маңызды кезең болып табылады. 1994 жылғы сәуір 1995 жылғы наурыз аралығында жұмыс істеген он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттар тұрақты негізде жұмыс істеген Қазақстанның тұңғыш кәсіби парламенті болды.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Қазақстандағы саяси жүйенiң өзгеруi. (тоталитаризмынан демократияға) Қазақстан Парламентінің үшінші сайланымы 2004-2007 жылдары қызмет етті.Бұл сайланымның мемлекетіміз үшін атқарған қызметтері өте маңызды, солардың бірі - 2007 жылғы 21 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы. Бұл заңның қабылдануы Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдісіндегі елеулі жетістік болып саналады. Осы заңдардың негізінде тәуелсіздік жылдарында алғаш рет Қазақстан Президенті мен Парламентарасындағы билік өкілеттілігі елеулі түрде қайта бөлінді. Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар негізінде заң шығарушы орган 38 қосымша бақылаушылық құқықтарына және Үкімет жұмысына ықпал етудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. Президент өкілеттіктерінің бір бөлігі Парламенттің пайдасына қарай қайта бөлінді, ал жоғарғы өкілді органның өзі Үкіметті және басқа да жоғарғы мемлекеттік органдарды қалыптастыруға, олардың жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Конституцияға енгізілген осыөзгерістер арқылы Мәжіліс депутаттарының саны 77 ден 107-ге дейін көбейтілді және оның 98-нің саяси партиялық тізім негізінде сайлануы Қазақстанның саяси жүйесін демократиялық түрғыдан түбегейлі жаңартты. Осы жаңарту жөнінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 21 мамырда сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті: «Іс жүзінде Қазақстан президенттік—парламенттік басқару формасына көшті». Саяси ғылымдар тұжырымдары бойынша, республикада парламенттік басқару формасы демократия дамуындағы жоғары көрсеткіш деңгейі болып саналады. 1995 жылы Президенттік басқару формасы жарияланған Қазақстан Республикасы бүгін Президенттік—парламенттік республикаға айнала бастады. Бұл жас, тәуелсіз мемлекет үшін өте зор саяси жетістік болып саналады. Сонымен, Қазақстан Парламенті қызмет атқарған жылдары оның әрбір сайланымы мен сессиясы еліміздің экономикалық және саяси дамуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жолында табысты қызмет атқарды. Парламент жүздеген озық үлгідегі заңдар қабылдап, биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының арасындағы күштердің орнықты тепе-теңдігін қамтамасыз етіп, палаталардың әрқайсысында заңдарды нақтылықпен қарау арқылы заң жобаларын бекітудің парламенттік тиімді жолдарын қалыптастыра білді. Бүгін Қазақстан саяси жүйені демократияландырудың жаңа кезеңіне өтті. Парламенттің болашақта да қоғамның саяси жүйесін жетілдіруші, мемлекетімізді демократиялық жолмен дамытушы күші болып қала беретіні анық. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|