ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Саясат- бұл әлеуметтiк құбылыс. Орны және қазiргi қоғамдағы саясаттың рөлi.Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», - деп түсіндірген. Саясат - (гр. politika - мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді:1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау; 3) адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 4) әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|