Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Саясаттың мәні және табиғаты. Оның табиғатын анықтау жолдарының алуан түрлiгi.




Саясаттануда саясат категориялары ерекше орын алады. Саясат келесі түрде анықталады: Саясат – бұл барлық қоғамдық келелі мәселелердің ежектелетін, ұлттардың, әлеуметтік, қабаттардың, әртүрлі топтардың қызығулығына сәйкес қоғам өмірмеңдігінің бағдарламасы жасалатын, әлеуметтік – саяси топталдын қоғам өмірінің ауқимы.

Қоғамдық жүйенің сақтауы мен дамуы мақсатында құндықтарды бөліну қалыбы және әдістер: жайында нақты шешімдер қабылданады.

Саясаттың пайда болуы жайында ең алғышқы түсініктемелер көне шығыс ойшындарының көз қарасы.

Олардың әртүрлі мемлекеттердегі өмірді түсіндіру негіздері:

1. Теологиялық (діни) бағыт. Әр елдердің дамысың әр түрлі монархтардың басқаруын құдайдың жазуы деп түсіндіреді.

2. Геосаяси бағыт. Әр елдердің дамысын әр түрлі монархтардың басқаруын табиғат жағдайларымен елбасшысының жеке мінезімен түсіндіріледі бұл қөзқарасын қарағанда саясат өзен, көп табиғи қазба байлықтар мен басқарушының денсаулыға және бейміне және т.б. байлынысты болды.

Натурастикалық позицияларға қарама-қарсы саясатты әлеуметтік қатынастардан шығартын әлеуметтік позиция бар.

Марксизде ол оның көрсетілген.

Саясат класстық категория болып табылады және бір классты басқа класстардың қажеттігі арқысы іске асырудан марксизм жығады.

Қазіргі заманғы қоғамды саясат бірқатар функциялар атқарады және бірқатар мәселелерді шешеді.

5. Қоғамның қабаттары мен топтарының ерекше қызығушылықтарын көрсету.

6. Туындаған қайшылықтарды рационализациялау және оны мемлекет пен азаматтарының өркениетті диалогы ағылына бағыттау.

7. Тұрғылықты жердігі түрлі адам қызығушылықтарына байланысты күш қолдану арқылы саяси процесстерді басқару және жетекшілікке алу.

8. Саяси дамудың тіліділігін қамтамасыз ету.

Саясат қоғамдық өмірдің басқа да салаларымен тығыз байланысты және бұл салаларға түрлі жезгін тигізе алады:

4. позитивті әсер (әсер ету) салалар гүлденіп, дамыды.

5. Негативті. Салалар басылып, құрдымға кетеді.

6. Нейтралды әдіс. Салаларға араласпау.

Саяси ғылымның тарихы: дiни, заң және саяси – социологиялық дәстүр.

Саяси ғылым да кәдімгі басқа ғылымдар тәрізді қалыптасудың және дамудың қилы жолдарынан өтті. Қазіргі кезде ол барлық қоғамдық ғылымдармен ықпалдасып отырады. Саяси білім антикалық саяси-әлеуметтік әмбебап ойлардан бастау алады да, құқық және мемлекет туралы ғылымдар қалыптасқаннан кейін, саяси философия құрамына еніп, заңдық нормалардың өзегіне айналып, одан әрі өрбіді.

Алғашқы жүйелінген саяси ойлар Ежелгі Грецияда қатты дамыды. Онда қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыранқы күн ел еді. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып саналған қалалар /полистер/ құрды. Патшалық өкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу турі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси өмір кызу өрбеді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтен теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Солардың ішінде ең көрнекті екі өкілі – Платон мен Аристотель.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды /V – XVI ғасырлар/. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстем етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин және христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жетгізген монах Фома Аквинский болып есептеледі. Орта ғасырда саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін басшыларының қолында болуын көздеді.

Қайта Өрлеу дәуірінің (XVIғ) көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли діні көзқарасқа қарсы болды. Оның атақты шығармалары «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренцияның тарихы».. Ол мемлекет деген атауды ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде басталды. Бұл кезең жаңа саяси ойлардың дамуына жол ашты. Батыс Европадағы XVII- XVIIІғ.ғ. көрнекті ойшылдары - Томас Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо т.б. Олар азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, билік бөлу, халық суверенитеті сияқты идеялардың авторлары ретінде белгілі болды.

ХІХғ. саяси ойлар арығарай дами түседі. Ол біртіндеп ілім мен теорияларға айналады. Сөйтіп саяси ғылым философия ғылымның шеңберінен шығып, жекелене бастайды.

Саясаттану өз алдына жеке пән ретінде XIX ғасырдан екінші жартысында қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді – 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін университетінде айналды) профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1980 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басышылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнің өнері университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламалардың талдауға, өкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрыңғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі шын мәнінде, саяси сауатты адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдан артық дәуреннің құра алмаған да болар еді.

Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымда еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тұмауға тиіс. Саясатта мәселелері қаралып,зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихи сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комунизм әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.

Саясаттануға деген көзқарас 80-жылдардың екінші жартысында бұрыңғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан жоғары аттестациялау комиссиясында саясаттанудан эксперттік Кеңес жұмыс істей бастады.1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті «Саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкерлердің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқы жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық ж.о.о. дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университеті бұл салада арнаулы мамандар даярлайды.

Саяси жетекшiлiктiң негiзгi тұжырымдамалары.

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдадың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын, сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан-ақ білгілері келген. Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н. Макиавеллидің «Патша» деген еңбегіндегі тиімді басшылық. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін – соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болсамын аман қаларлық қайрат-жігері, қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек.Кейін келе топ бастаушылықтың табиғаты әр түрлі түсіндірілді. Қазіргі саяси топ бастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси жетекшiлiктiң ұғымы және типологиясы. Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер), серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық ппрофессор Дж. Херман ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды былай жіктейді:

1) Тү көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар,өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оның өзгерту жолын айқындайды. Мысалы Үндістанда ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы Махатма Ганди,Негрлердің азаматтық құқығы үшін күрескен Мартин Лютер Кинг.

2) Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. М: Л. И. Брежнев, Д. А. Қонаев.

3) Сауда топ бастар. Оның ерекшелігі – алдына қойған жоспарды іске асыруға соңынан ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қасиетінде. М: американың 40-президенті Р. Рейган, Ресей президенті Б. н. Эльцин.

4) Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарын жинақтап қойған сауалына,қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады. М Д. Буш, Я. Арафат.

Саяси және мемлекеттiк билiктiң негiзгi түрлері. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саястта тұжырымдалан өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды тенестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу апаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кездерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (ежелі русьтегі азаматтар жиналысының түрі),вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных